Бейсенбі №1 (9760) 1 қаңтар 2015 жыл Баршаңызды адам баласына жаңа әсер, жаңа табыс, жаңа өмір сыйлайтын Жаңа жыл



жүктеу 445.28 Kb.

бет1/4
Дата27.03.2017
өлшемі445.28 Kb.
  1   2   3   4

Бейсенбі № 1 (9760) 1 қаңтар 2015 жыл

Баршаңызды адам баласына жаңа әсер, жаңа табыс, жаңа өмір сыйлайтын Жаңа жыл 

мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!  2014 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен 

берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады. Қазақстан 

экономикада еңселі биік белестерді еңсеріп, әлемдегі бәсекеге қабілетті ең серпінді дамыған 

мемлекеттердің қатарынан орын алды.

 Осы табыстардың барлығы – Елбасының салиқалы да сарабдал саясатының жемісі.

Тарих қойнауына еніп бара жатырған 2014 жыл тарту еткен барлық баянды жақсылық 

атаулы келер жылы да жарасымды жалғасын тапсын.

 Жаңа жыл мерекесі – адамзат өмірінде ертеден орын алған, тамыры тереңнен бастау алатын 

әлемнің көптеген григориан жыл санауын қабылдаған мемлекеттерінде атап өтілуімен және 

дәстүрлі мейрам ретінде бірнеше ғасырлық тарихымен ерекшеленеді. Жаңа жыл бұқаралық 

мейрамдардың бірі болуымен қатар, отбасылық мейрам. Жаңа жыл мерекесі еліміздегі барша 

халықтардың ұлты мен дініне, тілі мен діліне қарамастан, адамдар өміріндегі маңызды оқиға 

болып табылады. 

Келешекте бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін, үміт, сенім мерекесі 

болып табылатын Жаңа жылдан қашан да жағымды жаңалықтар күтеміз.

Қадірменді жерлестер!

Жаңа 2015 жылда – еліміз тыныш, аспанымыз ашық,  отбасыларымыз 

аман болғай!

Мемлекетіміздің - әл-ауқатын, экономикасын, халқымыздың - өмір  сүру 

деңгейін көтеру және ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің егемендік 

Туының әрдайым биіктен көрінуі  жолындағы еңбегіміз болашақта 

да табысты болып, нұрлы болашаққа батыл қадам басуға жетелей 

беретіндігіне ізгі ниетімді білдіремін. 

Жаңа жыл жаңа табыстар әкелсін! 

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Сырым ауданының әкімі 

                                                А.А.Шыныбеков.

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті аудан тұрғындары!

Өткен  жылдың  жалғыз  ерекшелігі 

– қазақстандықтар бір жылда Елбасының екі 

бірдей  Жолдауын  қабылдады.  Қаңтардағы 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы-  

2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы  қарыштау 

үшін қолға алынатын қауырт жұмыстарды бір 

белгілеп  берді.  Кешегі  қарашадағы  «Нұрлы 

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  жаңа 

Жолдау да жаңалығымен келді. Сырым ауданы 

өзінің сәулелі күндеріне саяси құжатты қолына 

алып тұрып, қозғалып келеді.

Сырымдықтар 2014 жылы еңбек адамдарын 

насихаттауда  көш  ілгері  іс  тындырды. 

Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  төрт  мәрте 

Ленин  орденінің  иегері,  Социалистік  Еңбек 

ері,  В.И.Шубиннің  90  жылдығына  орай 

Тоғанастағы  мектепте  облыстық  маңызы  бар 

шара ұйымдастырылып, В.И.Шубиннің бюсті 

қойылды.  Өткен  жылды  еске  алсаң,  негізі 

шолақаңқатылықтарда шаттық көп. Көпұлтты 

ауылда «Достық үйі» ашылды, ауыл мектебінің 

игілігіне су жаңа автобус берілді дегендей.  

Еңбек  озаттарының  есімін  ардақтау  жылы 

болған  2014-те  Сабай  Ниязов,  Төлеген 

Жұмақаев,  Молдаш  Қаналиев  сияқты  арда 

азаматтардың  артында  қалған  халық  ерлерді 

елеп-ескеріп,  естеліктеріне  мұражайлардан 

бұрыш берді, мәдени шаралар ұйымдастырды. 

Былтыр  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері, 

жерлесіміз  Зинен  Қадыров  90  жасқа  толды. 

«Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі 

өзінің  10  жылдық  мерейтойын  атап  өтті. 

Осы ұйымның құрметіне Сырым саябағында 

балалар алаңқайы салтанатты түрде ашылды. 

Мәдени-демалыс кейпіне ауысқан паркте жаз 

бойына думан болды. Ал Алаш саябағы ішінде 

саяси-қуғын  сүргін  құрбандарына  арналып, 

тасбелгі орнатылды.

Өткен жылы ауданымызда Қазақ күресінің 

Федерациясы  құрылды,  іле-шала  «Гамбит» 

шахматшылар клубы ашылды. Ауған жерінен 

Кеңес  әскерлерінің  шығарылғанына  25  жыл 

толған жылы «Сырым сарбаздары» қоғамдық 

бірлестігі  де  заңды  жұмысқа  кірісті.  Осы 

жылы аудандағы ауған ардагерлеріне арналып 

«Есімдері елдің есінде» атты жинақ жарыққа 

шықты.  Кітап демекші, ақын, ҚР Журналистер 

Одағының  мүшесі,  біздің  редактор  Махмет 

Қажиахметов  халықты  «Көгершін  көңіл» 

деп  аталатын  тұңғыш,  тұңғыш  болғанымен 

тұщымды жыр кітабымен қауыштырды. 

Былтырғы жылдың бір жаңалығы – Сырым 

ауданында  тұңғыш  рет  төл  экспедиция 

ұйымдастырылды.  «Нұр  Отан»  партиясы 

Сырым  аудандық    филиалы  «Біздің  ауыл» 

жобасы аясында  «Менің кіші Отаным!» атты 

тарихи  танымдық  жорық  7  күнде  ауданды 

айналып шықты. 

Ендігі  жерде  облыстық  Қадыр  оқулары 

Жымпитыда  өтетін  болды.  Бұл  да  былтыр 

іске асқан бастама. Осы былтыр «Бейбітшілік 

пен  келісімнің  жол  картасы»  аясында  бізге 

Қаратөбе ауданы келіп, біз Ақжайық ауданына 

барып, деңгейлі өнер әрі қоғамдық маңызды 

сапарлар ұйымдастырылды. 

Сырым еліндегі жақсылықтардың бір шетін 

мемлекеттік бағдарламалар берді. «Жұмыспен 

қамту  -  2020»  бағдарламасы  аясында 

«Алашорда»  қонақүйі  ашылды.  Сүйіншіміз 

сол,  Қособа,  Жетікөл  және  Сарой  ауылдық 

округтері көгілдір отынға қосылды. Жымпиты 

мен  Талдыбұлақтағы  әрбір  үй  «Ақбұлақ» 

арқылы  таза  су  тұтынып  отыр.  «Қолжетімді 

баспана - 2020» бағдарламасы аясында Қарасу 

мөлтекауданында  15  бір  пәтерлі  тұрғын  үй 

иелеріне табысталды. 

Елді елең еткізген бір жақсылық – Гүлденде. 

Дәлірек  айтқанда,  «Еркеназ»  би  тобында. 

Республикалық  «Айгөлек»  телевизиялық 

балалар байқауының жеңімпазы атанған олар 

айды аспанға шығарды. 

Апыл-ғұпыл  шолып  шыққанның  өзінде 

былтырдың  осал  болмағанын  бағамдай  бер 

оқырман!  Биыл  да  бақытқа  белшемізден 

батайық!


Жылды жинақтаған: 

Бауыржан Ширмединұлы

Жыл айшықтары



Күнді күн жетектеген апта айды құрайды. Ал енді, айдың 

артын бағып жүргенімізде тұтас жылды жылжытып 

үлгердік. Жылқының жылы Сырым елі үшін жай жылымық 

жыл болмады. Жанданудың һәм жаңарудың жылы болды. 

Себебі...

–  Әркім  қоғамға  деген  үлесін  өзінше 

қосады.  Сіздер  сапалы  білім  алып,  өнер 

мен  спортта  биіктен  көрініп,  қала  берді 

өмірлік  ұстанымдарыңыздың  өзімен  де 

замандастарыңызға  үлгі  болып  жүрсіздер. 

Жаңа жылдан жақсылық күткен ниеттеріңіз 

табысты  күндерге  жеткізсін,  –  деді  аудан 

әкімі өз сөзінде. Кейін бірқатар оқушыларға 

өз  қолымен  жаңа  жылдық  сыйлықтарды  

табыстады.  Оқушылар  атынан  Аружан 

Кенжеғали  және  Бекзат  Қанаділов  секілді 

оқу  озаттары  ұйымдастырушыларға  алғыс 

білдірді. 

Шараның  көркемдік  деңгейінің  артуына 

ұйымдастырушылардың  ізденісі  жақсы 

әсерін  берген  сыңайлы.  Әсіресе,  Алдар 

көсе  мен  мыстан  кемпірдің    арасындағы 

қойылымда  қазақи  иіс  бар.  Көрерменге 

тартымды болуы үшін бағдарлама арасында 

«Маша  мен  Аю»  ертегісінен  де  үзінділер 

келтірілді.  Жалпы  шырша  тойының 

мазмұнын  айшықтайтын  көріністерге  көз 

тойды. 


Аудан  әкімінің  шыршасы  шарасына 

аудан  бойынша  барлығы  100  оқушы 

қатысты. Бұл 100 баланың ішіндегі 40 бала 

даму  мүмкіндігі  шектеулілер  қатарынан. 

Ал  негізінен  бұл  шараға  әлеуметтік  аз 

қамтылған отбасы балалары мен оқуда озат, 

өнерде  дарынды  шәкірттер  шақыртылды.  

Олардың  барлығы  сыйлыққа  қысқы  күрте 

мен тәттілер дорбасын алды. Түс мезгілінде 

арнайы  ұйымдастырылған  салтанатты 

түскі  асқа  қатысты.  Бұл  игі  шаруалардың  

қаржылық  шығынын  аудандық  мәдениет, 

тілдерді  дамыту,  денешынықтыру  және 

спорт бөлімі өз мойынына алыпты. 

Облыс  орталығында  өткен  Президент 

шыршасына  да  ауданнан  8  бірдей  бала 

барып келді. 

Бауыржан Ширмединұлы

Аудан әкімнің шыршасы өтті



Сырым ауданында аудан 

әкімінің шыршасы өтті. 

Шараны аудандық білім 

беру бөлімі және «Балалар 

мен жасөспірімдердің 

шығармашылық орталығы» 

мекемесі ұйымдастырды.  

Шырша тойына арнайы 

шақыртумен келген 

мектеп оқушыларын жаңа 

жыл мерекесімен аудан 

басшысы Абат Шыныбеков 

құттықтады. 

Жетікөл 

Жетікөл  ауылдық  округі  ауданның  он 

екі  округтерінің  ішінде  ең  үздік  болып 

танылды.  Үздік  ауылға  биыл  көптен 

күткен көгілдір отын келді. Бүгінде мұнда 

ағайындардан  елу  үй  көгілдір  отынның 

қызығын көріп отыр. Марат Қазмағамбетов 

басқаратын «Атил Гейх» ЖШС  мердігерлік 

жұмыстарды  атқарды.  «Туған  жерге  тағ-

зым» акциясы ауқымында ауыл халқы қос 

қуанышқа кенелді. «АзияТехСтрой» ЖШС-

нің  директоры  Армат  Әлімбетов    спорт 

алаңын салып берді. Жетікөлдік жастардың 

спортпен шұғылдануға мүмкіндігі арта түсті. 

Сондай-ақ,  Ұлы  Отан  соғысынан  оралмай 

қалғандардың  есімі  жазылған  ескерткіш 

тақта  жаңадан  қалпына  келтірілді,  оған  

ауылдағы  және  жан-жақта    жүрген  елдің 

кәсіпкер азаматтары үлес қосты. 

6  млн.  теңгеге  ауыз  су  жүйесі  ретке 

келтіріліп,  сусорғының  сүзгісі  жаңадан 

ауыстырылды.  Ауылды  тану  белгісі 

жаңартылған  Жетікөл  ауылдық  округінің 

абаттандырылуы  мен  тазалығы  да  кез-

келген округке үлгі боларлықтай.

Жымпиты

Мемлекеттік  «Ақ  бұлақ»  бағдарламасы 

аудан  орталығы  Жымпитыға  жол  тартып, 

бүгінде  әрбір  үйге  су    беру  жұмыстары 

аяқталуға  жақын.  Сырым  саябағы 

абаттандылырып,  кішкене  бүлдіршіндерге 

арналған  ойын  алаңы  мен  спорттық-

тренажерлық  алаң  халық  игілігіне 

пайдалануға  берілді.  Аудан  орталығын 

кесіп  өтетін  Самара-Шымкент  тас 

жолының  бойында  дене  шынықтыру  және 

сауықтыру  кешені  бой  көтеруде.    Он  бес 

тұрғын үй құрылысы тәмамдалып, иелеріне 

кілті  табысталды.  1  Май  елді  мекеніне 

газ  тартылып,  он  үйдің  алтауы  көгілдір 

отынның қызығын көріп отыр. 



Шынар мОлдАниЯЗОВА

Қоғам

 

2

1 қаңтар 2015 жыл

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

«Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  

жол»  атты    Жолдауын    талқылау 

масқатында 

Елтай 


ауылдық 

округінің  әкімшілік  кеңсесінде 

мекеме қызметкерлері мен қоғамдық 

ұйым  мүшелерінің  қатысуымен 

дөңгелек 

үстел 


оздырылып, 

көпшілік 

баяндаманы 

ынта-


ықыластарымен  тыңдады.  Жаңа  

экономикалық  саяси  Жолдауы 

құрылымдық 

реформаларды 

жалғастыруға 

жеті 


бағытын 

айқындап  берді.  Мемлекетіміздің 

басшысы  дүниежүзілік  дағдарысқа 

байланысты  алдымыздағы  екі-

үш  жыл  біздің  елімізге  де  оңай 

болмайтынын  ашық  айта  отырып, 

шараларды  мезгілінде  орындау 

керектігін нақ басып, ұлттық қордан 

қаржы бөлініп, тиімді пайдалануына 

да  тоқталған.  Инфрақұрылымдарды 

дамытуда соның ішінде күре тамыр 

жол  мәселесі  бағытында  жол 

қатынасын  жөндеу  жұмыстарына 

сметалық-құжаттар 

рәсімдеу 

жоспарлануда. Бұл ел экономикасына 

көп септігін тигізетіні мәлім.

Елтай  ауылдық  округі  Тасқұдық 

ауылының тұрғындарына Жолдауды 

түсіндіру  үшін  ақпараттық  топ 

құрылды. Дөңгелек үстелге қатысқан 

мекеме қызметкерлері Жолдауды бір 

ауыздан қолдады.

С.ҚыдырАлин,

елтай ауылдық округінің әкімі

Бүгінде  әлемдік  экономика 

жаһандық  қаржы-экономикалық 

дағдарыс үстінде, кейбір  мемлекет-

тер  әлі  де  құлдырауда.  Алайда 

Елбасымыздың 

көрегендігінің 

арқасында құрылған ұлттық қордан 

қаржылар  бөлініп,  дағдарысты 

төтеп беріп, зейнетақы, жәрдемақы, 

жалақылар өсірілді.

Жолдауда  айтылған  сапалы 

салынатын  жолдардың  өзінен  

жүк  тасу  жеделдейді,  ұлғаяды, 

облыстардың  арасындағы  бай-

ланыстың арқасында сауда-саттығы 

мен    экономикасы  нығаяды, 

халық  жұмыспен  қамтылады, 

табыстары  өседі,  әл-ауқаты  мен 

өмір сапасы артады, бастысы біздің 

болашақ ұрпақтың байлығы болып 

қалады.          Елбасының  «Нұрлы 

Жол – болашаққа бастар жол» атты 

Жолдауында  айтылғандай,  нақты 

жоспар  мен  мақсат  барда  үнемдеу 

мен жетістік бар, тұрмыс жағдайың 

жақсарады,  өзіңе  де,  өзгеге  де, 

елге  де  пайдаң  тиеді.  Сондықтан 

еліміздің гүлденіп, өркендеп өсуіне 

әрбір  қазақстандықтар  аянбай  тер 

төгіп, үлес қосуы қажет.

Жолдауда    апатты  мектептермен 

3  аусыммен  оқыту  мәселесін 

және  балабақша    жетіспеушілігі 

мәселерлерін 

шешуге, 


ғылымның  экономика  саласы, 

мамандар  дайындауға,  олардың 

материалдық-техникалық  базасын 

қалыптастыруды  тапсырды  және 

тұрғын    үй  инфрақұрылымдарды 

нығайту,  қолжетімді  баспананы 

тікелей 

делдалсыз, 

бастапқы  

жарнасыз,  төмен  пайыз  несиемен, 

тұрғындар  ұзақ  мерзім  жалға 

алып, оны сатып алу  құқығына ие 

болмақ. 

Қаржының  тиімді  жұмсалуын 

мемлекет басшысы құрған комиссия  

қатаң бақылайтын  болады, алайда 

барлық 

деңгейлердегі 



«Нұр 

Отан»  белсенділік  танытып,  қатаң  

партиялық бақылауды орнатпақ.

Елбасымыздың    Жолдауын 

әрбір отбасы асыға күтеді, өткенін 

саралап, 

болашағына 

бағдар 


жасайды  және  берілген  нақты 

тапсырмалардың 

орындалуына  

қолдау  көрсетіп,  ат  салысатынына 

сенемін.

Ж.БеКБОлСынОВА,

ЗТмО БҚОФ Сырым      

аудандық бөлімше басшысы,  

«нұр Отан» партиясының  

«Тагра» бастауыш ұйымының 

төраймы

 Жолдауды қолдаймыз



Қоғамымыздың 

барлық саласына 

дендеп еніп бара жатқан 

жемқорлықтың жолына 

батыл тосқауыл қойып

олардың зардаптарын 

жою және мүдделерді 

жауапқа тарту – бүгінгі 

күннің ең басты 

міндеттерінің бірі болып 

отыр.

Осы  орайда  Сырым  ауданының 

ішкі  істер  бөлімінде  қоғам  дертін 

жою  жолында    бірқатар  жұмыстар 

атқарылып келеді. 

Оның ішінде 2014-2015 жылдарға 

арналған  сыбайлас  жемқорлықтың 

алдын  алу  бағдарламасына  сай 

жеке  құрамды  патриоттық  рухта 

тәрбиелеп, моральды-психологиялық 

жағдайды  сақтап  қалу,  қызметтік-

жауынгерлік тәртіп пен заңдылықты 

бұзбау, азаматтардың құқықтары мен 

бостандықтарын  сақтап,  сыбайлас 

жемқорлық фактілерінің жолын кесу, 

полиция қызметінің имиджін көтеру 

бағытындағы іс-шаралар бар. 

Бөлімше 


басшыларына 

қарамағындағы 

қызметкерлер 

сыбайлас 

жемқорлыққа 

жол 


берсе,  басшы  құрамның    орнынан 

босатуға  дейін  қатаң  лауазымдық 

жауапкершілікке 

тартылатыны 

ескертілді. 

Ал, 


қызметкердің 

ішкі  істер  органынан  жұмыстан 

шығарылатыны айтылды.

Осы  тақырыпта  жеке  құрам 

арасындағы  жиында  ақпараттар 

айтылып, 

тәртіп 

сақшылары 



тарапынан  орын  алған  құқық  бұзу 

фактілері  талқыланады.  Барлық 

мәлімет  жеке  құрамның  назарына 

жеткізіліп,  өздерінің  қызметтік 

міндеттерін 

орындау 


кезінде 

сыбайлас  жемқорлық  көріністері 

үшін  қылмыстық  жауапкершілікке 

тартылатыны  туралы  ескертіліп 

келеді. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер 

органдары қызметкерлері тәртібінің, 

олардың азаматтармен сыпайы және 

ілтипатты  қарым-қатынас  жасау 

ережелерін  бұзбауын  қадағалау, 

ішкі  тәртіпті  сақтау  мақсатында 

жыл  басынан  бері  офицерлер  мен 

полицейлер  жиналысының  қызметі, 

әсері күшейтіліп, аталған жиналыста 

кінәлі 

қызметкерлер 



тәртіптік 

жауапкершілікке  тартылды.  2014 

жылдың  4-тоқсанында  Сырым  АІІб 

қызметкерлеріне  қатысты  5  арыз-

шағым  қабылданды.  Қызметтік 

тексеріс 

нәтижесінде 

түскен 


арыз-шағым  өз  шешімін  тауып, 

қызметкерлерге шара қолданылды. 

2014  жылдың  11  айында  Сырым 

АІІб  қызметкерлерінің  тарапынан 

сыбайлас 

жемқорлық 

немесе 

дөрекі  тәртіп  бұзушылықтар  жасап, 



жағымсыз жағынан ІІО-дан шығаруға 

әкеліп  соғатын  жағдайлар  болмаға-

нын  анық  айтуға  болады.  Сыбайлас 

жемқорлық және басқа да қылмыстар 

жасағаны үшін айыпталған полиция 

қызметкерлері  болған  жағдайда, 

ашық  сот  отырысын  өткізу  бөлім 

басшылығының бақылауына алынып 

отыр.

Жемқорлықты 



жай 

құқық 


бұзушылық сияқты емес, мемлекеттің 

тиімділігіне  деген  сенімді  жояды 

және  ұлттық  қауіпсіздікке  тікелей 

қатер 


болып 

саналады 

деп 

қарастыруымыз  тиіс.  Жемқорлыққа 



қарсы  заңнамаларды  жетілдіру 

арқылы жемқорлықпен күресті қатты 

күшейтуіміз  керек  деп  ерекше  атап 

өтуіміз абзал. Әрбір ІІО қызметкеріне 

өз  борышын  адал,  әділ  және  қадір-

қасиетпен орындауға міндетті екенін 

түсіндіру,  сыбайлас  жемқорлықтың 

кез келген түріне қарсы тұруға және 

оларды  болдырмауға  күш  салуына 

тәрбиелеуіміз  керек.  Сыбайлас 

жемқорлықтың  нақты  анықтамасы 

жоқ, алайда  әрбір полиция қызмет-

кері оның қай жерден басталатынын 

біледі.  Пара  алу  мен  сыбайлас 

жемқорлықты  болдырмау  ерекше 

маңыздылыққа  ие,  себебі,  полиция 

сыбайлас  жемқорлықты  қолдаса, 

бұл сыбайластық кейіннен қоғамның 

қалған бөлігіне де таралады.

Жаңадан  келген  жас  мамандарға 

бөлімнің 

тәжірибелі 

деген 

қызметкерлері  тәлімгерлері  болып 



бекітілді.  БҚО  ІІД  сыбайлас 

жемқорлыққа 

қарсы 

күрестің 



2014-2015 

жылдарға 

арналған 

бағдарламасының  жоспарына  сай 

учаскелік  полиция  инспекторлары, 

жол 


патрульдік 

полициясы, 

криминалдық  полиция  мен  тергеу 

топтарының 

қызметкерлері 

заңдылықты бұзу деректерін, сондай-

ақ қызмет бөлмелерінде азаматтарды 

заңсыз  ұстау  деректерін  болдырмау 

мақсатында  күтпеген  тексерулерді 

жүзеге асыру барысында заңдылықты 

бұзу  деректері  анықталмағанын 

айтқан жөн.

Қоғам  дертіне  байланысты  құқық 

қорғау органдарына шағым айтқысы 

келген  аудан  тұрғындары    мына 

сенім телефондары арқылы қоңырау 

шала алады.

8711  2  98–45–68,  92–10–90 

облыстық ішкі істер департаменті.



31–1–45, 

21–9–52 

Сырым 


ауданының ішкі істер бөлімі.

Біз жемқорлық дертімен тек бүкіл 

халық  болып  күрескенде  ғана  оны 

жоя алатымызға сезінуіміз қажет.



Т.ниЯЗғАлиеВ,

Сырым  ауданының ішкі 

істер бөлімі бастығы, полиция 

подполковнигі

Жемқорлықпен күрес - 

басты міндет

Келешекке 

жарқын жол

Өткен  2006  жылғы  жүргізілген 

мүлікті  жария  етуіне  байланысты 

рақымшылық 

жасау 

тегін 


жүргізілсе,  қазіргі  заң  талаптары 

негізінде  жария  ететін  мүліктің, 

жер  пайдалану  құқығын  беретін 

актісі, техникалық паспортын жасау 

жұмыстарының  қаражатын  өтініш 

берушінің өздері төлейді.  Қазақстан 

Республикасының 

аумағындағы 

мүлікке  қатысты,  аудан  бойынша 

мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді 

өткізу  жөніндегі  арнайы    комиссия 

құрамы бекітілген. 

2014  жылдың  1  қыркүйегінде 

өз  мүлкін  (ақшадан  басқа)  жария 

етуді  қалаған  барлық  тұлғаларға 

Қазақстан 

Республикасының 

аумағынан тыс мүлік бойынша тиісті 

құжаттарды беру үшін азаматтардың 

тұрғылықты  мекен  жайы  бойынша 

салық  органдарына  бару  керек.  

Комиссия  жария  етуге  өтініш  пен 

тиісті құжаттар келіп түскен күннен 

бастап,  құжаттар  отыз  күнтізбелік 

күннен аспайтын мерзімде қаралуға 

жатады. 


Ө.УАШеВ,

Сырым аудандық жер 

қатынастары

бөлімінің басшысы, комиссия 

мүшесі

Мүлікті жариялауға 

рақымшылық жасау

2014 жылғы 30 маусымда «Қазақстан 

республикасының азаматтарына, оралмандарға және 

Қазақстан республикасында тұруға ықтиярхаты бар 

адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты 

рақымшылық жасау туралы» № 213-V Қр Заңына 

мемлекет басшысымен қол қойылғаны және ол 2014 

жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 

желтоқсанына дейін жүргізілетіні баршамызға мәлім. 

Аудан әкімінің 

орынбасары Асыланбек 

Сарқұлов «демалыс 

орталығы» мекемесінің 

директоры қызметіне 

кіріскен Тоқмәмбетов Серік 

Әнуарұлын ұжымына 

таныстырды. 

Жаңа  қызметке  келген  Серік 

Тоқмәмбетов  мәдениет  саласының 

кенжелеп  қалмауына  аса  мүдделі 

болып,  бар  білім-білігін  сапалы 

жұмыс үшін жұмсайтынын айтты. 

Серік Әнуарұлы – ауданымыздағы 

жастар  саясаты  тәрбиелеген  кадр. 

2006 жылы «Сырым жастары» жастар 

қоғамдық  бірлестігінің  қызметкері 

ретінде  қоғамдық-саяси  ортада 

белсенді  азаматтық  көзқарасымен 

көзге  түсті.    Жаңа  қызметіне  дейін 

облыстағы  ірі  жастар  ұйымында 

басшылық  қызмет  етіп,  бірер 

жылдың  үстінде  «Батыс  Қазақстан 

облыстық 

жастармен 

жұмыс 

жөніндегі  ресурстық  орталығы» 



мекемесіне басшылық етті. 



  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал