1-Жүргізуші: Күз хан мен ханшайым келіп
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болады
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал, ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
2-Жүргізуші: Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық
1-Жүргізуші:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 - бөлім: «Бояулар сыры» (сиамдық егіздер әдісін пайдалана отырып қағаз бетіне күзгі бейнекөріністерді суретін салу)
5 - бөлім: «Күзгі икебана»(Күзгі өнімдерден корзина құрап келу)
6- бөлім: «Күзгі мәзір»( Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы,құрамы,пайдасы туралы айту)
2-Жүргізуші:
Есте қалар бұл күндер,
Бал - бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік.
1-Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.