Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет34/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Кеуде клеткасы
Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда кеуде клеткасы конус 
тәрізді немесе цилиндр формалы бо лады. Қабырға көлденең орналасып, 
кеуденің демалатын тұсында көтеріліп тұрғандай болады өйткені ол 
омыртқадан тік бұрыш түрінде кетеді. Қабырғалардың осындай кеуде 
клеткасының қозғалмалығын (экскурсиясын) шектейді, бұл дем алған 
кезде өкпенің ұлғаюына кедергі келтіреді.
Баланың кеуде құрлысының ерекшеліктері 6-7 жасқа қарай 
тегістеліп кетеді, кеуде клеткасы 12-13 жасқа қарай түбегейлі 
қалыптасады.
Жамбас сүйегі


81
Жаңа туған баланың жамбасы кішкентайлығымен ерекшеленіп, 
формасы жағынан балалар мен қыздарда бірдей болады. Омыртқа мен 
кеуде клеткасының дұрыс жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудың 
жамбас сүйегін қалыптастыру үшін де маңызды болады.
Ұзын сүйектердің өсуі мен сүйек біту процесі өте күрделі процесс 
және ұзаққа созылады. Сүйектің қалыптасуы мектеп жасының өзінде 
де әлі толық аяқталмайды. Сондықтан сыртқы ортаның қолайсыз 
жағдайлары, білместікпен және ұқыпсыздықпен жасалған күтім бала 
сүйегіндегі әр түрлі кемістіктің себепшісі болуы мүмкін, ол көбіне 
бүкіл өмір бойына қалады.
Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз 
рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс. «Жандану кешені»
Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз 
рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс жатады. Осы кезде «Жандану 
кешені»
Оның мәні: тұрақты ортада өсімдік тәрізді тіршіліктен бөлек 
автономды өмірге өту.
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам 
өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де 
болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі 
шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);
2) тамақтану (сору, жұту);
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі 
олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің 
алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл 
тамақтандыруға 
деген рефлекс.
1. Алғаш жаңа туған нәрестеде шартсыз рефлекс болады, яғни
тамақтану рефлексі, егер нәрестенің ерніне қандай да болмасын бір 
зат тиетін болса, ол бірден еміп, сора бастайды;
2. Қорғану рефлексі, яғни сыртқы ортаның қауіпті әсерінен 
сақтану үшін қажет, көз алдында бірдеңе жарқылдаса, қорғанғанда 
көзді жыпылықтатуы, аяқ-қолын жиыруы;
3. Икемделу рефлекторлық қозғалыс - бұл көзін немесе басын 
жарықтан көлеңкеге қарай бұруы.
Зерттеушілердің айтуынша 1-ден 3-күнге дейінгі аралықта 


82
балалардың жатқан бөлмесіне терезеден қатты жарық түскен кезде 
барлығы басын көлеңкеге бұрған, сондай-ақ осы кезде тамақ ішуге 
бейім, даму рефлексі де байқалған. Мысалы, қарны ашып жатқанда – 
бәрін сору рефлексі.
Рефлекторлық қозғалыс нерв системасының пісіп жетілуіне 
байланысты дамиды. Шартсыз рефлекстің негізінде шартты рефлекс 
болады. Мысалы, егер 1 апталық баланы қолға алса, тамақтану 
қимылын жасайды, ал кейінірек тек сүті құйылған ыдысын көргенде 
ғана болады. Нәрестенің рефлексі тек адамға тән әрекетті меңгере 
бастауға дайындайды. Баланың дүниеге келуі организмге үлкен әсер 
етеді.
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап мынандай реакцияларды 
байқауға болады. Мысалы, укол салған кезде тітіркеніп денесін 
жиырып, тартып алады. Бұл 
қорғану рефлексі
. Ол тітіркендіргіштен 
аулақтауға немесе кедергі жасауға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет