Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі



Pdf көрінісі
бет53/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131
Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі
Ерте сәбилік шақ аса маңызды жетістіктеріге толы (бір жастан екі 
жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы 
жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш 
жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. 
Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық 
дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған 
үш жасар кезеңді жатқызды. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, 
айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның 
өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-
құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір 
белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелді болады. 
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы 
бірнеше факторларларға байланысты. Баланың психикалық дамуына 
тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында 
сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу ол 
үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. 
Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы (локомодация) әлі 
қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлап 
қалу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-
қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп 
тұрған аяқ, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын 
бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз 


121
денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадақтау қызметін атқарады. 
Баланың қозғалып жүру ниетін, сол сияқты тілегін мақсатына жету 
мүмкіндігі және сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауын 
қолдайды. Өте тез арада, алғашқы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура 
бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай 
бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. 
Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл-күй 
туғызады. 
Қозғалып жүруге қабілеттілігінің (дене қимылының табысы 
бола отырып) психологиялық салдары. Қозғалып жүруге қабілеттілік 
арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-
қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану 
қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте 
орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің 
бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған затқа 
жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық 
түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын 
нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-
аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен 
іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа 
тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын 
болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын 
ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет