132
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі
бағыттары
3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді.
Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез
артады. Жоғарғы жүйке жүйесінің
дамуы да жоғарлайды, бойының
өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6
жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10 см өседі. Баланың кеуде клеткасының
өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық
еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола
бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен
әсерін тигізеді. Сонымен қатар қан айналым жүйесінің
жұмысында
да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен
салыстырғаннан 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда
қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6
жаста қан тамырларының
соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан
тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миының салмағы
артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады.
3 жасқа дейінгі баланың екінші сигналдық системасының дамуы
психикасының дамуына өзіндік септігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-
құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік
қарым-қатынаста болады, бұның өзі
баланың логикалық ойлауына
ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына
да әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен
салыстырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне
тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.
3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі
кезеңге өту деп есептеледі. Осы кезде бала заттар мен өз бетінше әрекет
етуге
талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық
күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілмеуіне байланысты, сөзі анық емес,
түсініксіз болады.
3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып,
өзінің ана тіліндегі
барлық сөзді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатнасы жоғарғы сатыға
көтеріледі. Ойлауы да көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені
өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының
мазмұны күрделініп, 3 жастың соңына таман мазмұнды рөлдік ойындар
ойнайды.
4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі,
икемділігі, қимыл-қозғалысының икемділігі байқалады. Допты немесе
басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ
көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып
133
бере алмайды. Рөлдік ойындарында күнделікті көріп жүргенін ғана
бейнелейді.
5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты,
жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу,
еңбектеу, шаңғы, шана,
велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына
байланысты баланың грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің
айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді.
Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын және қарапайым еңбек
әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-
дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді.
Ертегі мен әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды,
соның нәтижесінде қиял, ойлау, есте
сақтауының дамығандығын
байқаймыз. Бала ұжыммен бірігіп, ойнап, еңбек әрекетінің нәтижесінде
өзінің жасаған жұмысына эмоциялық баға беріп, эстетикалық талғамы
артады. Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі
күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-
әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын
болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді.
Бұл жаста ойынның мазмұны күрделініп, өмірдегі барлық шындықты
бейнелуді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: