Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің



Pdf көрінісі
бет91/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің 
дамуы
Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым-қатынас 
жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен 
сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің 
соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің 
грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған 
оқып берген мәтінді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын 
баяндауға, айналасындағылармен көргенін, алған әсерін ұғынықты 
тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді. 
Жалпы мектепке дейінгі кезеңде бала үлкендерге тиісті ауызша
сөйлеудің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту 
дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, 
сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. 
Құрбыларымен қарым-қатынас кезінде диологты сөйлеуі дамиды. 
Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттерін жоспарлап, жүйелеуге 
көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін 
орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, 
ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым-қатынасының жаңа 
міндеттеріне байланысты.
6 жасқа келгенде баланың сөйлеуі жоғарғы сатыға көтеріліп, 
сөздік қорының саны күрделеніп, өз ана тіліндегі сөйлеудің негізгі 
ерекшеліктерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгілердің тілді 
меңгерудегі ең негізгі ерекшелігі дұрыс сөйлеу ережесін жаттап 
отырмайды, ешқандай теорияға мән бермейді, зат есім, сын есім, 
жұрнақ, жалғаудан бейхабар болады. Мектеп жасына дейінгі балалар 
күнделікті сөйлеуді өзінің айналасындағылармен қарым-қатынас 
кезінде үлкендерге еліктей отырып, үйренеді. Сондықтан да баламен 
қарым-қатынас жасағанда дұрыс сөйлесіп, түсінікті тілде жауаптар 
қайтарған жөн. Осы жаста баланың актив сөзінен пассив сөзі басым 
болады. Бала сөзді естігені бойынша айтады. Баланың тілдік қабілетін 
жетілдіруде тәрбиешінің рөлі ерекше. Мысалы, бала тәрбиешінің әр 
сөзінің интонациясы мен дикциясына еліктеп сөзді қайталайды. Бала 


200
7 жасқа келгенде үлкендермен қарым-қатынасының нәтижесінде 
ситуациялық сөзді меңгереді.
Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың 
өздеріне ғана түсінікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін 
түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге 
болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда 
есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады. 
Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ 
жаттатудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз 
бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диологты 
және монологты сөздік қоры дамиды. 
Мектеп жасына дейінгілер ең алдымен дауысты дыбыстарды 
сонан соң дауыссыз, үнді, қатаң, ұяң дыбыстарды меңгереді. Бұл кезде 
балаға -з, -м, -ж, - с, -ш; сияқты ашық дауыссыз дыбыстарды ызылдап, 
ысылдап, ышылдап айтылатын дыбыстарды айту қиындыққа түседі. 
Осы кезде -р дыбысын –л немесе и дыбысымен ауыстырып айтады. 
Шамамен алғанда баланың сөздік қоры 2 жаста 300-400, 3 жасында 
1000-1500, 4 жаста 1600-1800, 5 жасында 2000-2200, 6 жасында 3400-
5000- ға дейін болады.
Алғашқы кезде баланың сөзінде зат есім көп болады. Кейіннен 
есімдіктер мен етістіктер және тағы басқа сөз таптарын қолдана 
бастайды. 
Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен 
тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуы 
мен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге 
асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар 
үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар 
А.А. Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 
жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ 
эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет