4-тапсырма 6 жасар Сеік бөлмеде машинамен ойнап жүрді. Тосын қимылдан
машина диванның астына кіріп кетті де, ол анасына келіп, сыпырғы
беріңізші деп сұрады. «Сыпырғы неге керек?» деген шешесінің
сұрағына «Машина диванның астына домалап кетті, соны алуға керек»
деп жауап берді.
Дәуренге ойлаудың қандай түрі тән.
Бала психикасы дамуындағы ойлаудың осы түрінің маңызын
анықтаңыз.
5-тапсырма 3 жас 5 айлық балалардың тәрбиешісі аквариумдағы балыққа
жем беріп қоректендіретін. Бұл жөнінде бұған дейінгі арнайы сабақ
өтілмегендіктен, балалар балық туралы қарапайым сұрақтарға да
жауап бере алмады.
Мұның себебін нақтырақ түсіндіріңіз. Екінші кіші топтағы
балаларды байқампаз емес деуге бола ма? Балық тіршілігіне балалар
бақылауын қалай ұйымдастыруға болады?
Тест сұрақтары: 1. Қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке
түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер.
А) сенсорлық эталондар
В) сенсорлық тәрбие
С) форма
Д) көлем
Е) сенсорлық құрал
2. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-
бірімен байланысты неше жағы бар?
195
А) екі жағы
В) үш жағы
С) төрт жағы
Д) бес жағы
Е) алты жағы
3. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бірінші
жағын табыңыз?
А) заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары
жөніндегі түсініктерді меңгеру.
В) заттар мен құбылыстардың әр түрлі көлемі мен формасы
жөніндегі түсініктерді меңгеру.
С) заттар мен құбылыстардың әр түрлі ауданы мен ені жөніндегі
түсініктерді меңгеру.
Д) заттар мен құбылыстардың әр түрлі пішіні мен ауданы жөніндегі
түсініктерді меңгеру.
Е) заттар мен құбылыстардың әр түрлі салмағы мөлшері жөніндегі
түсініктерді меңгеру.
4. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-
бірімен байланысты екінші жағын табыңыз
А) қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік
беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру
В) қоршаған ортаны деңгейлей, жартылай қабылдаудың жаңа
әрекетін игеру
С) қоршаған ортаны жекелей, даралап қабылдауға мүмкіндік
беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру
Д) заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары
жөніндегі түсініктерді меңгеру
Е) қоршаған ортаны жалпылай және саралай мүмкіндік беретін
қабылдаудың жаңа әрекетін игеру
5. Кеңістікті бағдарлау мен уақытты бағдарлаудың қайсысы балаға
едәуір қиындыққа түседі.
А) уақытты бағдарлау
В) кеңістікті бағдарлау
С) түр-түсті бағдарлау
Д) салмақты бағдарлау
Е) көлемді бағдарлау
196
6. Баланың сәбилік шақта-ақ заттардың орналасуын көру іскерлігін
меңгеруі қалай аталады?
А) кеңістікте бағдарлау
В) уақытты бағдарлау
С) сапаны бағдарлау
Д) форманы бағдарлау
Е) кескінді бағдарлау
7. Дыбыстық қабылдау амалдарына бой үйрету қалай аталады?
А) интериоризация
В) интроспекция
С) имперация
Д) интернат
Е) инсайт
8. Зейінді күшті және тұрақты ететін күш
А) ерік
В) сезім
С) эмоция
Д) қиял
Е) мінез
9. Шаманың адамдардың қолданатын өлшемдері қалай аталады?
А) сантиметр, метр.
В) километр
С) децимет
Д) тонна
Е) килограмм
10. Неше жаста бала түс пен форманың жеке эталондарын меңгеру
арқылы олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды, заттардың
қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін белгілері туралы түсініктерді
игеруге көшеді.
А) бес-алты
В) үш-төрт
С) бір-екі
Д) екі-үш
Е) жеті-сегіз