264
2-тапсырма
«Баламның мектепке дайын не дайын еместігін қалай анықтаймын?»
«Баламның мектепте оқуға ықыласы жоқ» дейтін ата-аналар бар.
Сұрақ: Баланың мектепке даярлығын психикалық жағынан қалай
анықтауға болады? Оның мектепте қалай оқитынын алдын-ала білуге
бола ма?
3-тапсырма.
Бағдат мектепке алғаш барғанда, оқу мен жазуды өте қиналып
меңгерді. Оның білім алу дағдысы баяу қалыптасты. Анасы мектепте
не істедің, қандай тапсырма берді? деп сұраса, ол кейде мұғалімнің не
туралы айтқанын, үйге нендей тапсырма бергенін білмейді.
Мұндай жайт нендей жағдайға байланысты болуы мүмкін?
Бағдатқа қалай көмектесу керек?
Тест сұрақтары:
1. Бала мектепке келер мезетіне орай жаңашыл құрылымдардың
қайсысы маңызды?
А) қиялының дамуы.
В) тілінің дамуы
С) мінез-құлық мотивтерінің бағыныңқылығы
Д) дамудың әлеуметтік жағдайы
Е) есінің дамуы.
2. Мектептегі оқуын бастаған
баланың психикалық дамуының
негізгі ерекшелігі қандай?
А) психикалық процестердің бірте-бірте ырықтылануы
В) абстрактілі ойлаудың элементтері бар көрнекі бейнелі ойлау
С) түйсініп және қабылдау процестері ойлауға қарағанда жақсы
дамыған
Д) сенсорлық дамудың жетістіктері.
Е) қиял процесі ойлауға қарағанда жақсырақ дамыған.
3. Мектептегі мұғалім бала үшін кім?
А) балаларға ұсынылған қоғамдық талаптардың жеткізуші
В) мінез-құлық ережелерін меңгеруде көмекші
С) балаларға ұсынылған қоғамдық талаптардың жеткізуші
Д) қатал ересек.
Е) оқу іс-әрекетін ұйымдастырушы.
4. Мектепке дейінгі бала, оқу іс-әрекеттерінің элементерін меңгеру
үшін не
істей алу керек
А) оқу міндеттерінің мақсаты мен мазмұнын түсінуі керек
265
В) нәтижелерге жетуі қажет
С) өз іс-әрекетінің нәтижесін бақылай алуы тиіс
Д) оқу міндеттерінің мақсаты мен мазмұнын түсінуі керек
Е) өзінің тапсырманы орындау барысында бақылауы тиіс
5. Бастауыш сынып оқушысының даму деңгейінің көрсеткіші
А) контекстік сөйлеу
В) эмоционалдық сөйлеу
С)
диалогтік сөйлеу
Д) ішкі сөйлеу
Е) монологтық сөйлеу
6.Кіші оқушы жасындағы іс-әрекеттің жетекші түрі:
А) оқу іс-әрекеті
В) ойын іс-әрекеті
С) кәсіби білім
Д) заттық-манипулятивтік іс-әрекет алу
Е) өнімдік іс-әрекет түрлері
7.
Фоннан
фигураны
ажыратуды
білдіретін
бөліп
(дифференциациялық)
қабылдауды, зейінді шоғырландыруды,
аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды
түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта
жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдары мен сенсорлық
координацияның дамуын айтады.
А) зияттылық жетілу
В) эмоциялық жетілу
С) әлеуметтік жетілу
Д)
қоғамдық жетілу
Е) саналы жетілу
8. Негізінен импульстық реакциялардың азаюы мен ұзақ уақыт
тартымсыздау тапсырмаларды орындау мүмкіндігін айтады.
А) эмоциялық жетілу деп
В) әлеуметтік жетілуге
С) зияттылық жетілу
Д) саяси жетілу
Е)
спорттық жетілу
9. Баланың құрадстарымен қарым-қатынасқа түсуге қажетсінуі
мен өзінің іс-әрекетін балалар тобының заңдарына бағындыра алуы,
мектептегі оқу жағдаятының оқушы рөлін орындауға қабілеті жатады.
А) әлеуметтік жетілуге
В) зияттылық жетілу
С) эмоциялық жетілу
266
Д) сапалы жетілу
Е)
табиғи жетілу
10) 7-жастағы дағдарыстың көрінісі
А) негативизм
В) бірбеткейлік
С) дербестіктен айырылу
Д) айналасындағыларға қарсы шығу
Е) тәрбиеге көнбеу