55
Шешесінің мазасыздануы орынды ма?
Бала мінезінің осылай қалыптасуына
психологиялық дамудың
қандай факторлары әсер етті?
Баланың шешесіне қандай кеңес айтар едіңіз?
2- тапсырма
Кейбір ата-аналар арасында мынандай пікір қалыптасқан:
балалардың бойындағы кейбір кемшіліктер – жалқаулық, тыңдамау,
бірбеткей болуы тұқым қуалаушылық салдары деп санайды.
Неге, қазіргі кезде ата-аналар көп нәрсені тұқым қуалаушылыққа
аудара салады? Мүмкін деген себептерді атаңыз.
3- тапсырма
1-қыркүйекке қарай Сабыр 5 жас 11 айға толып еді. Ол мектепке
бармай бала бақшада қалды. Ал Мирас пен Болат 6 жасқа толып
мектепке барды. Барлық балалардың дамуы бірдей. Бір жылдан кейін
осы балаларға қайталап зерттеу жүргізілді. Нәтижесі мынандай:
Мирас пен Болаттың даму деңгейі бала бақшадағы Сабырға қарағанда
кәдімгідей жоғары болды. Ал мектепке барып жүрген осы екі баланың
психикалық дамуын зерттегенде Болаттың даму көрсеткіштері жоғары
болды.
Балалар психикалық дамуының түрліше болуының мүмкін деген
себептерін мына жағдайларды ескере отырып атаңыз: олар ауырған жоқ
па және денесінің өсуі жағынан бәрі де біркелкі ме?
4- тапсырма
Айдар /2 жас 7 ай/ жиі ауырады. Ұзақ уақыт ауруханада жатты, тілі
шығып сөйлемейді. Айдардың тілі шығып сөйлеп кету үшін
шешесі
көп күш жұмсады. Айдардың тілінің кешеуілдеп шығып, сөзді қиын
меңгеруінің негізгі себептері неде?
5- тапсырма
Әңгімелесу
әдісін қолданып, бала бақшадағы балалардың
ересек тобында өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін
жүргізілетін әңгіменің жоспары:
- саған өз тобында болу ұнай ма?
- сендер тату ойнайсыңдар ма?
- ұрысып қаласыңдар ма? Жиі ме?
- балалардың пікірі бойынша сендер татусындар ма?
- саған топ ішінде кім ұнайды? Неге?
56
- сендерді тату деп айтуға бола ма?
- сен кіммен ойнайсың?
- кімдермен ешқашан ойнамайсың? Неге?
- сенімен оның ойнағысы келе ме?
Достарыңызбен бөлісу: