ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ №8 Тақырыбы: : Киберқауіпсіздік. Компьютерлік вирустар
Астана 2023 СӨЖ-8 Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдарды орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбіне сырт көзге көріне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустық көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Компьютерде «вирус жұққан» программалар саны көбеймей тұрғанда, ондай вирустың бар екені көзге еш байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттен тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мұндай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
Кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
Экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады.
Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
Көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т.с.с.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені де байқалмай қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті оданда терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсермен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, содан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалы, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға өте аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтерді іштен «мүжіп», құртып жататын вирустарға не істеуге болады?
Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек. Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім болады да өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер 1. http://sabaq.kz/?p=20193 2. https://kk.wikipedia.org/wiki