Қазіргі балалар психологиясының теориялық және
практикалық міндеті.
Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялық
та, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне
10
байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа
программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді.
Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден
сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға
көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап,
жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге
көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан
реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның
негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа
ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне
қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі
мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне
байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар
ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін
балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.
Бала психологиясын білу балаларды оқытып, тәрбиелеу практикасы
үшін де керек. Балдырғанның психикалық даму заңдылықтарын
түсіну, балалардың эмоциялық және ақыл-ой ерекшеліктерін, сондай-
ақ олардың бейімділігі мен ынтасын білу балабақшадағы оқу-тәрбие
жұмысын ойдағыдай жүргізудің маңызды шарты болып табылады.
Психологияны білу тәрбиешіге баламен дұрыс байланыс орнатуға,
олардың дамуын басқаруға, балабақша қызметкерлерін тәрбие
жұмысындағы көптеген қателіктерден сақтандыруға көмектеседі.
Психология ойшыл тәрбиешіні үйірсек балалармен ғана емес, сонымен
бірге адаммен көп байланыс жасамай оқшау жүретін қиын балалармен
де тез, ортақ тіл табысуға көмектеседі.
Психологияны оқып үйрену тәрбиешінің өзін де баланы түсініп
қана қоймай, оны қолдап, оның бүкіл жақсы қасиеттерін дамытуға
әзір, неғұрлым сезімтал бақылаушыға айналдырады. Сонымен
қатар психикалық дамудың маңызды жағын балалардың бойындағы
психикалық процестер мен сапалардың қабылдау мен түйсік, ес,
зейін, қиял, ойлау, мінез, ерік, сезімнің жас ерекшелігіне байланысты
фазаларының пайда болып өзгеруі және жетіліп дамуын зерттейді.
Балалар психологиясы балдырғанның басқа адамдармен
қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер
туындыларынан ләззат ала білетін ересек адамға қалай айналатынына
көңіл бөледі.
Баланың барлық іс-әрекеті үлкендерден өзгеше қалыптасады. Мәселе
оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан
емес, қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезінуі, ойлауы
11
үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ
көбіне тұрақсыз болулары мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең
ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар
түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай
алмайды.
Баланың қолынан келмейтіні көп. Бірақ біз тек сәбидің әлі де
қолынан келмейтініне, әлі де істей алмайтынына ғана көңіл аударатын
болсақ, онда біз ересектерге тән жаңа қасиеттердің, сапалардың қайдан
пайда болатынын ешқашан түсінбес едік. Сондықтан баланың бойында
не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені
үйреніп келеді дегенді анықтау әлдеқайда маңызды.
Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әрі қуанышқа
бөлейді. Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды. Ілкіде
басын жерден шаққа көтеретін ол, бірнеше айдан кейін отырып,
шылдырмақтармен ойнайды, ал тағы да бірнеше айдан соң тәй-тәй
басып, алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл қадам әлі сенімсіз, қадам
басу болғанымен, ең маңыздысы оның басталуында. Енді оның алдынан
жаңа кең байтақ дүние – бұрын ол ағаш бесіктің тал қоршауының ішінде
отырған кезде ойына кіріп те шықпаған жаңа дүние есігін ашты. Міне,
ол түрліше дыбыстар да шығарады. Енді бір-екі айдан соң бөбекке
тән ғана былдырды еститін боламыз. Тағы да бір сыпыра күндерден
кейін ата-анасының ет-бауырын елжіретіп «ма-ма», «ба-ба-ба» дегенді
айтады. Содан соң сәби «мама», «папа», «бер», «ал» деп айта бастайды.
Әлі де сөз қоры аз болғанымен, бұл жердегі ең бастысы оның сөйлей
бастағаны, оның адамзат тілінің бай қазынасына жол ашқаны.
Үлкендер кейде баланың «ақылына» таң қалады. Шынында бұл
жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан
келмегенді бүгін үйреніп, үлгермегендігінде жатыр. Баланың үнемі
ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде, жаңалықтың
пайда болуы қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі, ойланып
атқарылатын қимылға ауысуы, сөйлеуді игеруі дербестілігінің алғашқы
көріністерінің пайда болуы, міне, осылардың бәрі сәбидің дамуын
сипаттайтын дәлелдер болып есептеледі. Бұлар бала психологиясының
қорытынды шығару үшін пайдаланылатын материалы болып табылады.
Жеке балалардың дамуындағы өзгешеліктерге, олардың өзіндік
ерекшеліктеріне қарамастан, бүкіл сәбилердің бәріне ортақ қасиеттер
болады. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан
өтеді. Осы жағдайларды ескеріп тәрбиешінің балалармен жұмыс
жасауы тәрбиешінің білімділігін талап етеді.
|