9
деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің
алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын,
қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік,
зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін
көрсетіп берді.
Ұлы психолог, физиолог Иван Петрович Павлов 1849-1936 жылы
өзінің «Ой элементі» – деген еңбегінде сөз туралы екінші сигналдық
жүйе, - деп баланың психикалық әрекетінің қалыптасуы туралы тұңғыш
рет бағалы материалистік түсінік берді.
Баланың жеке басының дамуындағы оқыту мен тәрбиенің рөлі
туралы әлде қайда прогрессивті ойды дамытып, жақсы негізін салған
И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский «Адам тәрбиенің тиегі» – деген
еңбегінде баланың жеке басының жан-жақты даму жағдайларының
басты себептерін барлық жағынан көре отырып, баланы оқыту жүйесіне
бағалы педагогикалық кеңес берді. Тамаша педагог әрі психолог К. Д.
Ушинский баланың дамуын жеке өзінің белсенді ойлауы мен таным
әрекеті еңбегінің жемісі деп атап көрсетті.
К. Д. Ушинский баланың сезімдік танымына ерекше көңіл аудара
отырып, баланың тілінің шығуы, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру
арқылы адам болып қалыптасады, - деп атап көрсетті. Бала тіл арқылы
өз ойын нақты бейнелеп бере алады. Қандай еңбекті болса да өз ана
тілінде барлық ынта-ықыласымсн терең танып бере алады. Сондықтан
ана тіліндегі еңбектерді оқып беру арқылы тек адамгершілігі мен ақыл-
ой жағынан дамытып қоймай, азаматтығы жағынан дамытуды ескеру
керек. К. Д. Ушинскийді балалар психологиясының негізін салушы
деп қарастыруға болады.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған
психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М.
Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. (Қазақ энциклопедиясы, 2-том).
Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады.
Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу
жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының
артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы
мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару
өзгерістерін – жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: