Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар



Pdf көрінісі
бет48/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар
Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас 
дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын сәттерінің бірі. 
Өзінің «менін» бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін 
қайта қарау. Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс 
қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, 
балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық 


110
құбылыстар пайда болады. Л. С. Выготский және оның ізінен Э. Келлер 
3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді.
3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
1. Негативизм - бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз 
реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы болуы да мүмкін, ол отбасы 
мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні 
тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпта қатынаста болады. Әрекеттің 
басты мотиві – барлығын керісінше жасау. 
2. Қыңырлық (упрямство) – бұл баланың өзі қалаған нәрсесін 
жасауға ұмтылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық (строптивость) 
көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық 
шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік 
тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. 
Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз 
еріктілікке алып келуі мүмкін. 
3. Наразылық-бүлікші (қасарыспалық) - кейбір балаларда ата-
аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездесуі мүмкін, олар үлкендермен 
үнемі соғыс күйінде болады. 
4. Деспотизм (шексіз билеушілік ) – отбасында бір ғана бала болса 
көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.
5. Бағасыздану (обесценивание) – 3 жас дағдарысының ең қызық 
сиапттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын 
лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа 
адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар 
береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда 
бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. 
Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет 
салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі 
мен шұғылданып, қарындашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, 
түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың 
бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет-салуы 
үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Бала үлкендерге еліктеу 
арқылы өзінің есінде қалғанын ұқсатып қағаз бетіне түсіреді. Бірте-
бірте өзінің салған шимай суретіне ат қойып өзінің не салғанын айта 
бастайды. Салған суретін тұжырымдап, сөзбен айтып беруі баланың 
бейнелеу өнерімен әрекет етуінің бастамасы болып есептеледі. Кейде 
осы жастағылар өзінің нені салып бейнелегенін де ұмытып қалады да, 
басқа бір нәрсеге ұқсатып айта салады. Мысалы, оған күннің суретін 
сал десең ол үйді салады. Олар алғашқыда ненің бейнесі болса да 


111
дөңгелек немесе түзу сызықпен бейнелей береді. Шындығында балада 
бейнелеу өнері дағдысын қалыптастыру үшін, үлкендер салған суретіне 
немесе мүсініне бағыт беріп қолдап, басшылық жасап отыруы қажет. 
Өйткені бейнелеу өнері арқылы есі, қиялы, ойлауы, қабылдауы, ерік 
сезімі дамиды.
Сәбилік кезеңде пайда болатын негізгі әрекеті рөлдік дидактикалық 
қимылды ойындар. Осы кезде бала үлкендердің әрбір әрекетіне еліктеп, 
көптеген заттармен әрекет етуді меңгереді. Қоршаған орта туралы 
түсінігі кеңейеді. Барлық психикалық үрдістер дамиды. Заттар мен 
әрекеті де ойын арқылы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет