109
автономиялы сөйлеу тез өтеді. Тілдің грамматикалық құрылысын
дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі
біршама
байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі көптеген
қарым-қатынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді.
Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғауларды игереді.
Заттық
қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игеру баланың заттардың
қолданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс-әрекеттердің
сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық қатынастарды бейнелейтін
грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды.
Мәселен, «Балға қойды», «Балғамен соқты»
дұрыс қолдануды игере
отырып,
мен жалғауындағы құралдық мағынаны түсінеді де, оны
барлық құралға стереотипті түрде көшіреді: «пышақмен», «қасықмен»,
«күрекмен» және т.б. Тілдік қарым-қатынастар практикасында бұл
стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана
тілінің грамматикалық формаларын меңгеру
баланың тілді сезінуін
дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте
сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның негізгі синтаксистік
кұрылымдарын, грамматикалық формаларын және дыбыстарды игере
отырып, орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық
дамуының негізі болады. Заттарды өз қолымен ұстап, әрекет етіп көріп,
қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың сөздік қорын дамытады.
«Киіміңді әкел! «Әжені шақыр! «Атаға таяғын алып бер» десе баланың
түсінігі кеңейіп, қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр
сөздің мәнін, қолданылатын орнын ажыратьш, түсінеді. Мысалы: «тәте»
сөзі өзінің жасы үлкен барлық адамдарға айтылатын сыйластық атауы
екенін, мама деген сөздің анасына бағытталып айтылатынын түсінеді. 2
жастың соңында сөздің мәні мен мазмұнын түсініп, қысқаша қызықты
ертегіні тыңдап, бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме,
ертегіні
тындау арқылы қабылдау, есте сақтау,
зейін қою, ойлаудың
алғашқы белгілері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: