Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл


Екінші бөлім бойынша қорытындылар



бет42/62
Дата07.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#72384
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
Байланысты:
ОРДАБАЕВА ЖАНАР МЕРГАЛИЕВНА

Екінші бөлім бойынша қорытындылар.
Осы тарауда біз модальділік категориясынын функционалды-семантикалық өрісінде қарастырып, оның ағылшын және қазақ тілдеріндегі берілу тәсілдерінің классификациясына тоқталдық. Сонымен бірге ағылшын және қазақ тілдерндегі модальділік категориясының берілу тәсілдерінің айырмашылықтары, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтадық.
Тілдік модальділікті функционалды-семантикалық категориялардың қатарына жатқызудың арқасында, оның тілдің әр түрлі құралдары және тәсілдері арқылы беріле алатындығына көз жеткіздік. Салыстырмалы анализдің нәтижесі бойынша ағылшын тіліндегі модальділікті берудегі келесідей тәсілдері айқындалды:
- лексикалық тәсіл (модаль сөздері арқылы);
- морфологиялық (рай категориясы арқылы және конструкциялар);
- лексика-синтактикалық (модаль етістіктері, модальді конструкциялар және бағыныңқы шылаулар);
-синтаксические (қыстырма сөздер және конструкциялар және одағай сөздер).
Қазақ тілінде модальділікті берудегі келесідей тәсілдері айқындалды:
- лексикалық тәсіл (модаль сөздері арқылы);
- морфологиялық (рай категориясы және аналитикалық форманттар арқылы);
- лексика-синтактикалық (модаль сөздері тіркесіндегі аналитикалық форманттар, демеуліктер және күрделі баяндауыштардың құрамындағы модальді мағыналы етістіктер);
-синтактикалық (қыстырма сөздер және одағай сөздер).
Осы аталған тәсілдерден басқа ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік мәтін деңгейінде жоғарыда аталған тісілдердің бірігуі арқасында жүзеге асырылады. Мәтін модальділігі лексикалық, морфологиялық, синтактикалық, лексика-синтактикалық, сонымен бірге синтактикалық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Саны жағынан модальділік категориясы білдіру тәсілдері өте көп және басқа категорияларға ұқсас емес.
Осындай модальділікті білдіретін лексикалық тәсілдерге жататын модаль сөздер болып табылады.


  1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МӘТІН МОДАЛЬДІЛІГІНІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет