Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл


ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМДАҒЫ МОДАЛЬДІЛІК КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ



бет6/62
Дата07.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#72384
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
ОРДАБАЕВА ЖАНАР МЕРГАЛИЕВНА

ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМДАҒЫ МОДАЛЬДІЛІК КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ



1.1 Тілдік емес модальділік

Модальдылық термины әр түрлі ғылымдарда пайдаланады. Олар: философия, тіл білімі және әдебиеттану. Ол өлшем, тәсіл деген мағынаны білдіретін «modus» латын сөзінен шығады. Философияда кез келген объектінің тіршілігінің немесе құбылыстың өтуінің тәсілін білдіретін онтологиялық модальдылық және объектіні, құбылысты және жағдайды түсіну тәсілін білдіретін гнесеологиялық (логикалық) болып бөлінеді [1].


Модальдылық мағына туралы ойлар алғашқы рет Аристотельдың «Метафизика» еңбегінде пайда болды. (ол үш негізгі модальдық мағынаны атап көрсетеді. Олар: қажеттілік, мүмкінділік және шындық, кейін бұлар классикалық философиялық жүйеге енді [2].
Философиядағы модальділік логикадағы модальділікпен тығыз байланысты. Өйткені алғашында логика ғылымы адамның ойлауындағы обьективті айнала туралы білімдерді біріктірген ғылымдардың бірі болып саналды.
Модальдылық жайлы тұжырымдарды біз Аристотельдың ізбасарлары Теофраст және Евдем Родосской, кейін ортағасырлық схоластардың жұмыстарынан табамыз. Михаил Энштейн «Мүмкіншілік философиясында» гуманитарлық ойлаудың әр-түрлі салада модальдылықты зерттеуге түрлі тәсілдерді жинақтап қорытады. Кітаптың атауы айтып тұрғандай негізгі философиялық пайымдауларды автор мүмкінділік категориясының негізінде құрады. Негізгі мәселе ретінде философиядағы болмыс және білім, болмыс және ойлау деген категориялардың өзара қатынасын қарастырған. Оның кітабында мүмкінділік осы категориялардың тұжырымдауының негізі ретінде алынып, және осындағы мүмкінділік формальді-логикалық емес, гуманитариялық ойлауда модальділіктің ерекше түрі болып саналады [3].
Философиядағы негізгі сұрақтардың бірі мүмкінділікпен мен шындықтың арақатынасы болып отыр. Осыған негізделе көптеген ғалымдар мүмкінділіктің шындықпен байланысын көп зерттеген. Оларға В.Лейбництің мүмкін әлемдер бары туралы идеяның авторының ойлары, және оларды жоққа шығарған номиналист Д.Армстронгтың ойлары, сонымен бірге біздің өмір мен қатар паралельді басқа әлемдердің бар болу мүмкіндігі туралы ойлаған реалист Д.Льюистің гипотезелары, субьетивті жағдайға енгізілмейтін өзгертулерсіз классикалық метафизика (әлем осындай немесе осындай емес және ол осындай болып қала береді). Алайда осы пайымдаулардың ешқайсысы мүмкінділіктің табиғатын түсіндіре алған жоқ [4].
М.Н.Энштейн тіпті тарихи-философиялық мәселелердің шартты райсыз жүзеге асырылмайтынын айтқан. Әрі қарай атақты әдебиетші тіл мен философия арасындағы байланысты түсіндіреді. Кез келген әлемнің белгілерін сипаттау, мүмкін немесе істей алу предикаттарымен тығыз байланысты және олар білу мен болу предикаттарымен байланыста болады.
2002 жылғы философиялық энциклопедиялық сөздікте модальділік жағдай мен болмыстың мүмкін түрі немесе тәсілі болып анықталған. Ол модальдылық туралы түсінікті негіз болатындардың қатарына жатқызып, болмыстың үш шын, негізгі шындық, мүмкіншілік және қажеттілік модальдылықтарына сүйене отырып, өзінің мүмкінділік теориясын құрады. Солардың ішінде айтарлықтай маңызды деп мүмкіншілік модальдылығын атап көрсетеді, өйткені ол екі басқа модальдылықты анықтайды [5].
Осы айтқандарды қорытсақ, кез келген зерттеу тілдің қатысуынсыз өтпейтіндігіне көз жеткіземіз.
С. Рагуленко модальдылық мәселесін шешуде қызықты жолын ұсынады. Ол бұл сөзді философиялық тұрғыдан қарастырып, миф сөзін құндылықтар жүйесі және шындықты түсіндіруде белгілі тәсәліге ие идиология ретінде қарастырған. Осылайша, модальдылық термины Рагуленконың түсіндіруінше ол- адамның қоршаған әлемге деген көзқарасын анықтайтын көзқарастың бір бұрышы [6].
Философия сияқты тіл білімі де модальдылықтың үш түрін, етістіктің үш негізгі райын атап көрсетеді. Олар: ашық рай (бар), бұйрық рай (бол) және шартты рай (болса, болса ғой). Тіл білімінде модальдылық айтылғанның шындыққа қатысының әр-түрлі түрлерін білдіретін «функционалды-семантикалық категория» ретінде анықталады [7].
Модальділік категориясы жайлы лингвистикалыұ тұрғыдан ой, пікірін Ш.Балли айтқан деп саналады. Батыс Еуропалық тіл білімінде Ш. Баллидің модальдылық концепциясы кеңінен таралған. Оның мәні кез келген айтылған сөзде негізгі мазмұнын (диктум) және диктумға қатысты айтушының интеллектуалды, эмоционалды және ерікті козқарасын білдіретін модальдық бөлігі (модус) атап көрсетуінде. Ғалымдардың түсіндіруі бойынша мұндағы диктум кең мағынада белгілі бір оқиғалардың, заттардың ұалпын (предметная ситуация) көрсетсе, модус диктумдағы субьектінің кім, не туралы, қашан, кімге не айтқанын (сөйлеу жағдаятын) білдіреді. Осыдан Ш.Баллидың модусты, яғни модальділік категориясын кең мағынада түсіндіргендігін көруге болады [8].
Психологияда модальділік термині белгілі сенсорлы жүйеге жататындығын білдіріде және сезімді сипаттау үшін қолданылады. Адамда болатын сезімдер рецепторлар (құлақ, көз, мұрын, тері, тіл) арқылы қабылданып қорытылған қоршаған обьективті ортаға жауабы. Осылайша модальділік термині психологияда сенсорлы жүйедегі түрлі сезімдердің пайда болуы деп аталады. Мысалы сигнал (обьективті ортаның заты) бір ақпаратты білдіретін, алайда белгілі түрде ұсынылған. Мысалы: сурет, иіс, спай сезу, дәм және дыбыс осыған сәйкес әр түрлі модальділікті қамтиды. Осы айтылғанға сүйенетін болсақ психологиядағы сезімнің модальді сипаттамасы басқа сипаттамаларға қарағанда обьективті шындықты арнай кодталған формада көрсетеді [9].
Біз обьективті шындықты түрліше қабылдаймыз, сондықтан бір затты оның қалай көрінгенініе байланысты түрлі модальділік, яғни көз арқылы, құлақ арқылы, сезу арқылы қабылданады. Психологиядағы модальділік адамның белгілі сенсорлы жүйесінде сезімнің сапалы сипаттамасын білдіреді, сонымен бірге кодталған күде берілген қабылданған сигналдардың сипаттамаларын білдіреді. Психологияда модальділік термині эмоцияны айқындайды.
Психологиялық сөздікте эмоция деп инстинктілермен, мотивтармен айланысты арнайы психологиялық күйлер мен процесстердің тобы және олар уайым, қайғы, қуаныш сияқты сезімдер арқылы көрініс табады. Психологиядағы модальділік тұлғаның эмоционалділігінің сапалы жағын қарастырады, сондықтан психолог ғалымдар эмоциональділіктің модальді құрылысы туралы айтады. Осы көзқарас психологияда эмоция және эмоционалді модальділік деген түсініктерді айқындайды [10].
Модальділіктің эмоциональділікпен байланысының арқасында модальділіктің аясы кеңейеді. Қорқу, қуаныш, ашу сияқты негізгі модальділіктерден басқа эмоционалді модальділік қатарына жек көру, уайым, немқұрайлық, өзіне деген сенімділік сезімі, зерігу және т.б. жатады.
Адамдар вербальді қарым-қатынас жасау барысында эмоцияларды білдіреді. Ғалымдардың пікірінше эмоциялар тілде сөйлемнің интонациясы арқылы көрінеді. Ал интонация субьективті модальділікті білдірудің бір тәсілі болып табылады. Субьективті модальділік обьективті модальділікпен бірге қолданылып тілдегі модальділік категориясын құрайды.Осылайша біз психология мен тіл білімі арасындағы байланысты көреміз. Әсіресе осында сөйлеудің индивидтің ойында қалай туатындығын зерттейтін ғылым психолингвистика маңызды рөл атқарады [11].
Автордың эмоционалды жағдайы қандай лингвистикалық құралдарды қолдануды таңдауға әсер етеді деген пайымдау жасай аламыз. Шынында да эмоциялардың ерекшелігі олардың анық көрсетілген жағдаяттық сипаты болып табылады, яғни субьектінің мүмкін жағдайға қатысты бағалағыш қатынасының білдірілуі болып табылады [12].
Белсенді эмоциялар тілдік құралдарды пайдалануда жоғары интонациямен қатар. жағдайға деген субьективті қатынасын білдіретін одағайлар, модальді демеуліктерді қолданады. Ал пассивті эмоциялар обьективті модальділік арқылы I wish I were конструкциясы және төмен, ақырын интонация арқылы беріледі.
Сонымен қатар А.П.Бабушкинның пікірінше эмоцияны білдірудегі тілдік құралдарды таңдауда әлеуметтік факторлар сөйлеушінің жасы, оның білім деңгейі және лауазымы әсер етеді [13].
Айтқандарды қорыта келе біз келесідей тұжырым жасай аламыз. Адамдарға модальді реңкпен сипатталған эмоциялар тән. Осылайша тілдік құралдарды таңдауда қатысатын белсенді және пассивті эмоцияларды бөліп қарастыруға болады. Демек, тілдік және психологиялық модальділік арасындағы байланыс анық, ал психологиядағы тілдік модальділік сөйлеушінің субьективті бағасын немесе қатынасын білдіретін құралдар арқылы беріледі.
Модальділіктің этикамен байланысы туралы айтатын болсақ, этика қоғамда үлкен рөл атқаратын мораль туралы ғылым философиялық пән болып табылады. Ол обьективті әлеуметтік қажеттілікті, адамдардың, қоғамның қажеттіліктерін, субьективті түрдегі тарихи дамуды білдіреді. Ол керекті деп ұсынылады [14].
Алайда адамгершілік нормалар жазбаша түрде бекітілмеген, олар ауыз екі тілде ғана ауызша өмір сүреді, сондықтан олар еркін тіл құралдары арқылы қолданылады. Моральді нормаларды білдіруге арналған тіл құралдары үш топқа бөлінеді: міндеттілік, тыйым салу және рұқсат беру. Олар керек, тиіс емес, болады деген модальді операторлар арқылы жүзеге асырылады.
Әр түрлі тілші ғалымдардың тұжырымдамаларында осы түсініктің көлемі және оның тілдік құбылыстарды қамтуы сәйкес келмейді. Қазіргі тіл біліміндегі модальдылық терминінің мағынасы өте кең болып табылады және екі автордың модальдылық терминын бірдей түсінуі өте қиын, алайда осы құбылыстың кез келген тусіндірмесіне баға беру (көзқарас) элементі кіреді. Ашық немесе жасырын түрде берілген қатынас кез келген модальдылықтың түсіндірмесіне енеді. Осыған сәйкес бағаға ие болудың негізінде тілден тыс шындық немесе айтылғанның өзі обьективті және субьективті модальдылық болып бөлінеді [15].
Осылайша, біз модальділік категорияның ғылымның әр-түрлі салаларында көрініс табатын және бірқатар ғылыми тәсілдердің негізі болған әмбебап категориялар қатарына жатқыза аламыз. Модальділік түсінігі философия және логикада пайдланылған, ал тілді зерттеуде модальдылық белгі бойынша айтылғанның классификациясысыз елестету қиын.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет