Бидайбеков Е


Информатикадан сыныптан тыс жұмысты жүргізу әдістемесі



бет100/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108
8.3.6 Информатикадан сыныптан тыс жұмысты жүргізу әдістемесі
Сыныптан тыс сабақтар өткізу кезеңі

Жоғарыда аталған талаптар практикада жүзеге асу үшін сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырудың анықталған тізбегі болады. Ол жеке немесе жаппай жұмыста қолданыла береді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде көп жағдайлар мазмұн таңдаудағы, сабақ әдісі мен форма таңдаудағы мұғалімнің шығармашылығына байланысты. Алайда, оларды қолдану әдістемесі бойынша кейбір жалпы кезеңдер болады: тәрбиелік кештің негізгі кезеңдерін жүзеге асыру. Бұл тәрбие міндеттерін қою мен шешу, сыныптан тыс жұмысты дайындау мен модельдеу, өткізілген сабақтың талдау мен практикалық орындалу болып табылады.



  1. Тәрбиелік міндеттерді қою және шешу. Бұл кезең әрбір оқушының ерекшелігін танып білуге арналған. Кезең мақсаты - педагогикалық нақтылықтың объективті бағалануы.

Үйрену педагогикалық зерттеудің белгілі әдістерімен анықталады, мұнда бақылау жетекші рөл атқарады. Бақылау арқылы мұғалім оқушылар мен ұжым жайлы ақпарат жинақтайды. Ақпараттық әдіс ретінде әңгімелесу қолданылады, ол тек қана оқушылармен емес, сонымен қатар ата-аналармен, мұғалімдермен, сыныпта жұмыс жасаушылармен әңгіме жүргізеді.

Жеке жұмыста баланың әрекетін үйрену маңызды: суретіне, қылығына, әңгімесіне қарап. Ұжымды бақылауда әлеуметтік өлшем әдісі ақпаратты болып табылады. Әлеуметтік өлшем арқылы педагог атақты немесе керісінше, атақты емес оқушыларды анықтауға, кіші топтардың бар жоғын анықтауға, олардың арасындағы қарым-қатынасты анықтауға мүмкіндік болады.



2.Дайындық және модельдеу. Бұл кезде сыныптан тыс жұмыстың негізгі тәрбиелік жұмысы белгілі бір әрекет бойынша мұғалімнің модель құруымен аяқталады. Тіпті тәжірибелі мұғалімге де сыныптан тыс жұмысты өткізбес бұрын оған дайындық қажет болады. Сондықтан әрбір кешті әдістемелік тұрғыдан құрастырып, оның өтілуін модельдеу қажет болады. Жоспарды мұғалім оқушылар қызығатындай етіп құрайды. Жоғары сыныптара бұл жұмысты оқушылар мұғалімнің басқаруымен жасай алады. Тәрбиелік жұмысты жоспарлай білу мұғалім еңбегінің ғылыми ұйымдастыруының бір элементі болып саналады.

Модельдеу нәтижесі сыныптан тыс жұмыс жоспарында көрініс табады, оның құрылымы келесідей: аты; мақсаты, міндеті; материалдары, құралдары; өткізу формасы; өткізу орыны; өткізу жоспары.

Алдымен сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы көрсетіледі. Оның тек қана мазмұнды нақты көрсетуі керек емес.

Дайындықты кештің тәрбиелік және білімдік мақсаттары мен міндеттерін айқындаудан бастау керек.

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты дамытушы, түзетуші, құрушы, тәрбиелік қызметтегі сипатта болу керек. Жаңа білімдер ғана кештің мақсаты бола алмайды. Міндеттер нақты, мазмұнды бейнелейтіндей болуы керек. Мақсат пен міндет нақты болған сайын, педагогтың күтілетін нәтижесі айқын болады.

Мақсат, міндет, приоритетті қызметтерге сәйкес мазмұн анықталып, нақты формалар, құралдар, әдістер анықталады.

Сыныптан тыс жұмыс жабдықталуына түрлі құралдар жатқызылады: құралдар, ойыншықтар, бейнефильмдер, диапозитивтер, программалық құралдар, ақпараттық ресурстар, музыкалық сүйемелдеу және т.б. жатады. Маңыздысы төрешілер мен команда мүшелеріне орындықтар үстелдерді дайындап қою; одан басқа ватман, қарындаш, қалам, тапсырмалар орындауға тақталар, бор және шүберектер дайындап қою.

Орынды безендіруде атақты ғалымдардың айтқан сөздері бар плакаттар, ғалымдардың суреттерін, ауызша есептелген плакаттар, ребустар, кроссвордтар іліп қоюға болады.

Сыныптан тыс сабақты өткізу формасы экскурсия, викторина, конкурс, олимпиада және т.б. болуы мүмкін. Мұндай кезде сабақты өткізу формасының жоспарына атын біріктіріп жазу керек болады: «Информатикадан викторина», «Программистер турнирі», «Есептеуіш орталығына экскурсия», «Компьютерлік карикатуралар туры».

Өткізілу орны қатысушылар санына, кеш формасына, материалдық база талабына (информатика кабинеті, акт залы, спорт зал) және т.б. сай анықталады.

Ұйымдастырушы жұмысты кешті дайындаудың маңызды элементі ретінде атап көрсетуге болады. Мұғалім оны оқушыларды еліктіре отырып басқарады. Мұғалім тапсырманың орындалуын қадағалайды. Жауапты тапсырмалар сыныпқа, оқушылар тобына берілуі мүмкін. Үлкен кештерді ұйымдастыру мақсатты түрде ұйымдастырушы комитет құруды қажет етеді, ол үшін өте жақсы дайындыққа байқау жариялайды.

3.Модельдің тәжірибелік орындалуы. Бұл ойланған тәрбие жұмысының нақты педагогикалық үдерісте орындалуы. Оқушылардың қызығушылығын сақтау үшін кеш ұйымдастырылған, үзіліссіз болып өтуі керек. Көпшілігі жүргізушіге, оның дайындығына, жақсы ұйымдастырушы бола білуіне, тапқырлық танытуына, тыңдаушыларды тарта білуіне, олармен байланыс орната алуына байланысты.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда барлық қатысушалырдың өз орындарында болуын қадағалау керек, техникалық құралдарды тексеруі керек, жоспар уақытында орындалуына назар аудару керек, әйтпесе жақсы ойластырылған, нақты жоспарланған істің тиімділігі төмен болуы мүмкін. Тиімді практикалық орындалуда сабақтың негізгі төрт кезеңі сақталуы керек:

І. Ұйымдастыру кезеңі (0,5-3 мин).

Педагогикалық мақсаты: оқушылардың зейінін сыныптан тыс жұмысқа аудару, оған қызығушылығын арттырып, жағымды эмоция тудыру.

Тән қателер: сабақтың басталуының қайталануы, ұзаққа созылуы.

Ұсыныстар: оқушылардың тиімді жұмылдырылуы ұйымдастырушылық кезеңдегі дәстүрлі емес, маңызды материал үлкен әсер етеді: жұмбақтардың қолданылуы, мәселелік сұрақ, ойындық кезең, дыбыстық жазба, оқушылардың басқа орынға ауысуы және т.б.

ІІ. Кіріспе бөлім (сабақтың 1/5 не 1/3 бөлігі)

Педагогикалық мақсаты: оқушыларды белсендіру, тәрбиелік әсер бойынша орналастыру. Мұғалім оның педагогикалық болжамы оқушылардың мүмкіндігімен қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтайды. Бұл кезеңде оқушыларды тартып қана қоймай, мұғалімге сабақ кезінде түзетулер енгізу керек пе жоқ па, соны анықтайды.

Тән қателер – оқушылардың күтпеген реакциясынан мұғалімнің қорқуы.

Ұсыныстар: кіріспе бөлім мазмұнына сәйкес кіріспе әңгімеден (танымдық, эстетикалық) немесе бой жазудан (викторина, жарыс, КТК) тұрады.

Бірінші жағдайда сұрақтар, екінші жағдайда-тапсырмалар қызықты болуы керек. Кіріспе бөлімде оқушыларда кештің өткізілуі жайында алғашқы түсініктер болуы керек, олардың әрекеттері ұйымдастырылған болуы қажет. Бағалаудың нақты көрсеткіші беріліп, қажетті ережелер түсіндірілуі қажет.

ІІІ.Негізгі бөлім уақыты бойынша ең ұзақ (сабақтың 1/3 бөлігінен сәл көп).

Педагогикалық мақсат: кештің негізгі идеясының жүзеге асуы.

Тән қателер: мұғалімнің белсенділігі, көрнекіліктің болмауы, құралдар мен әдістердің жалпылама қолданылуы, сабақтың оқу атмосферасын құру.

Ұсыныстар: сыныптан тыс жұмыстың қызметінің жүзеге асуындағы оқушылардың максимальды белсенділігі тәрбиелік тиімділігінің жоғары болуын көрсетеді. Сыныптан тыс сабақтарда оқушыны белсендіру кәдімгі сабақтан ерекшелендіреді.

IV.Қорытынды бөлім (сабақтың 1/4 не 1/5 бөлігі).

Педагогикалық мақсаты: оқушыларды алған білімдерін тәжірибеде қолдануға баулу. Осылайшы, қорытынды бөлім оқушыға мұғалімнің тәрбиелік әсерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Тән қателер: «Ұнады ма?», «Жаңа не білдіңдер?» сұрақтар типімен еленбейді.

Ұсыныстар: Тестік үлгідегі нақты тапсырмалар беру: кроссворд, мини-викторина, блиц, ойындық жағдаят және т.б.


  1. Өткізілген жұмысты талдау. Талдау жүйелі түрде орындалады, Мұндай талдау қорытындысы екі негізгі функцияны құрайды: ұйымдастырушылық және тәрбиелеушілік.

Тәрбиелік кешті талдай отырып, жағымды нәтижелерді анықтау керек, сәтті қолданылған әдістерді, шарттарды атап көрсету керек. Сәтсіздіктің орын алған себептерін анықтау керек. Әрбір өткізілген кештің педагогикалық талдауы мына негізгі критерийлермен сай келеді: 1) мақсаттың болуы; 2) тақырыптың көкейкестілігі мен заманауилығы; 3) оның бағыты; 4) мазмұнының ғылымилылығы мен тереңдігі; 5) кешті өткізу мен ұйымдастырудағы мұғалім мен оқушының даярлығы.

Сыныптан тыс жұмыстарды педагогикалық кеңестер мен әдістемелік кеңестерде талқылап отыру керек. Тәрбие жұмыстарын бағалау кезінде оқушыларды да тарту керек. Мұндай мақсатта мектеп радиосын, қабырға газетін, көрмелерді қолдану керек. Мұндай жұмыс формалары ұжымда кең талқылануды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет