Бидайбеков Е


“Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу



бет25/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   108
Байланысты:
treatise13514

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу
Сонымен, мектептерді компьютерлендіру саласындағы нақты ұйымдастыру-әдістемелік шараларды талқылауға «жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағыттары» түрткі болды (1984 ж.) [64]. Сол уақыттағы мектеп реформасының басты қағидаларының бірі ол алғашқы рет ашық декларацияланған информатика және есептеу техникасын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізіп, жастарды жалпы компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ету мәселесi болды. 1984 жылдың соңында КСРО Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің Есептеу орталығы (А.П.Ершов) және КСРО ПҒА оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми–зерттеу институтының (В.М.Монахов)  біріккен жетекшілігімен еліміздің түкпір–түкпіріндегі педагог–информатиктер тобын жұмылдыра отырып, жалпы білім беретін мектепте «Информатика және есептеуіш техника негiздерi» деп аталатын жаңа жалпы білім беру пәнінің бағдарламасын жасау жұмысы өріс алды. 1985 жылдың ортасында осындай жұмыс орындалып, КСРО оқу-ағарту министрлігімен мақұлданды [67]. Үкіметтің келесi шешімдерімен жастардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру мәселесін тез шешуге мүмкіндік беретін негізгі стратегиялық жол ретiнде орта мектепке «Информатика және есептеуіш техника негiздерi» пәнін міндетті түрде енгізудің нақты мерзімі – 1985 жылдың 1 қыркүйегі болып қабылданды. Бағдарламадан кейін қысқа мерзім ішінде оқушыларға арналған оқулықтар [65, 66], мұғалімдерге арналған көмекшi құралдар дайындалды [27,28]. Мемлекеттің мектепті компьютерлендіру мәселесiне үлкен көңіл аударғанына «Информатика и образование (ИНФО)» деп аталатын жаңа ғылыми-әдістемелік журналдың құрылуы куә болады, бұл журналдың бірінші нөмірі 1986-1987 оқу жылында шықты. Қазiргi кездегі Ресейдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан ИНФО журналының бүгiнгi күнге дейін қазiргi бiлiм беру жүйесi үшiн маңызы ерекше, информатика мен ақпараттық технологияларды бiлiм беру ауқымына ендiру үшiн қажеттi әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық, психология–педагогикалық мәселелердi қарастыратын арнайы ғылыми-әдiстемелiк журнал болып отыр.

Ал, Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім Министрлігінің ғылыми-әдістемелік педагогтік «Қазақстан мектебі» журналының «Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре бастады.

Жаңа пәнді оқыту үшін 1985 және 1986 жылдардың жаз айларында мұғалімдерді жедел дайындау курстары өткізілді, олардың қатарында негізінен физика, математика мұғалімдері мен білім беруді ұйымдастырушылар болды. Бұл құрам информатика және есептеу техникасы саласы бойынша тездете тереңдетіп дайындау жолымен физика – математика факультеттерінің 1985–1986 жылдардағы түлектерімен - болашақ жас мұғалімдермен толықтырылды. Сол кезде КСРО Оқу министрлігінің шешімімен педагогикалық институттардың физика–математика факультеттерінің негiзiнде информатика және есептеу техникасы пәнінен жүйелі түрде мұғалімдер дайындауды ұйымдастыру бойынша жедел ұйымдастыру-әдістемелік шаралары қабылданды [47,48].

1985 жылдан бастап педагогикалық жоғарғы оқу орындарында физика-математика факультеттерінің қызметі халыққа білім беру мен халық шаруашылығына жоғары мамандандандырылған мамандар: математика мен информатика мұғалімдерін; физика-математика ғылымы және орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика мен информатиканың кейбір тарауларынан сабақ беру әдістемесі салаларынан ғылыми қызметкерлер дайындауға бағытталды. Осыған орай, 1985-1987 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының қызметкерлері республикадағы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты мектеп курсының мазмұны мен оны оқыту әдістемесін қалыптастыруға ат салысты.

1985 жылдан бастап Қазақстандағы мұғалімдер дайындайтын қара шаңырақ Абай атындағы АлМУ-да «Математика және информатика», «Физика және информатика» мамандықтарының оқу жоспарлары жасалып, солар бойынша орта білім беретін оқу орындары үшін «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бойынша мектеп мұғалімдерін дайындау жүзеге асырыла бастады.

Мектепке ИЕТН пәнін енгізуді мамандармен қамтасыз ету ауқымында, егер кеңiрек айтсақ, бүтіндей мектепті компьютерлендіру ауқымында қысқа мерзiм ішінде шешілуi қажеттi мәселелердiң қиындық деңгейі мен сипатын нақтырақ түсіну үшін 1980 жылдардың ортасында КСРО мектептерінде информатика және ЭЕМ саласында жұмыс істеген мұғалімдердің нақты дайындық деңгейінің қандай болғанын ескере түсіре кеткен абзал.

Алғаш ЭЕМ–ге программалаудың қысқа таныстыру курсы – «Математикалық машиналар және есептеу практикумы бар программалау» деген оғаш аты бар 1964 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің оқу жоспарында пайда болды. 1970 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің оқу жоспарына жаңартылған «Есептеу машиналары және программалау» (50 сағат) курсы енгізіледі, бірақ бұл курс бағдарламасының мазмұны программалаудың болашақ даму бағытына сәйкес келмеді. Келесі «Есептеу математикасы және программалау» жалпылама курсының ресми түрдегі бағдарламасы программалауға 70 сағатқа жуық бөліп, дербес жағдайда, жоғарғы деңгейдегі Алгол-60 тілімен танысуды ұйғарды [45]. Сол кездегі санаулы педагогикалық жоғарғы оқу орындарында, техникалық қамтамасыз етудің жоғары деңгейі болып саналатын, бір-екі «Найри», «Промин», «Мир» және т.с.с. кiшiгірім ЭЕМ–дің болғандығын айта кеткен жөн. 1970 жылдардың соңына қарай педагогикалық жоғарғы оқу орындарында программалау мене есептеу математикасы бойынша бар болғаны төрт кафедра ашылды (Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Омбы), ал алғашқы дербес ЭЕМ-дер (отандық ДЭЕМ-дер «Искра», «ДВК», «Электроника») тек, 1980 жылдардың ортасында ғана санаулы жоғарғы оқу орындарында өте аз мөлшерде пайда бола бастады.

Жоғарыда айтылғандардан, информатиканы орта мектепке енгізу кезеңінде (1985 жылы), сол кезде мектепте жұмыс істеп жүрген педагогикалық жоғарғы оқу орындарының физика-математика факультеттері түлектерінің компьютерлік дайындық деңгейі жаңа ИЕТН курсын оқытудың талаптарына еш сәйкес келмегенін байқауға болады.

Оның себептерi айқын:


  • педагогикалық жоғары оқу орнында білім беру информатика саласын оқытпады, ол тек программалаудың алғашқы элементтерiмен, информатика курсын мектепке енгізу кезiндегі деңгейге қарағанда, едәуір, одан қалық идеялық деңгейде, танысуға бағытталған болды;

  • педагогикалық жоғары оқу орындарында программалауға дайындау тек білім беру сипатында ғана болды, ал ол осы пәннен оқушыларға сабақ беруге бағытталмады (мұндай мәселе болған жоқ едi).

Әлбетте, 1980 жылдардың екiншi жартысында мемлекеттік және аймақтық білім беруді басқаратын ұйымдармен қабылданған ең батыл және жедел түрде информатика және есептеу техникасын оқытатын физика, математика мұғалімдерін қайта дайындауды қамтамасыз ететiн ұйымдастыру - әдістемелік шаралары, тек ИЕТН мектепке енгізудің бірінші кезеңінің шұғыл шаралары ретiнде ғана жарамды болды. Ал, педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің негiзiнде информатика мұғалімдерін және мектептерді компьютерлендіруді ұйымдастырушыларды жүйелі түрде дайындауды қалыпқа келтіру, сол сияқты басқа мектеп пәндері мұғалімдерінің компьютерлік білімін лайықты жағдайға келтіру шараларын ары қарай жүзеге асыру шаралары түбегейлі ғылыми-әдістемелік негіздемелер мен талқылауларға сүйенуі керек.

Сол кездерде оқу орындарының, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін, Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының даму ерекшеліктері (менеджмент, ақпарат қажеттілігі және т.б.) нарықтық экономика жағдайында «информатика» мамандығы бойынша «информатика (оқытушысы) және компьютерлендіру менеджері» мамандандыруы, сол сияқты «информатика және ағылшын тілі», «информатика және экономика», тағы сол сияқты қосалқы мамандықтағы мамандар даярлауды талап етті. Мұндай мамандар дайындауды физика-математика факультеті базасында көп сатылы құрылымы бар оқу жоспарларына көшу арқылы іске асырылды. Осындай мамандарды дайындауға республикаға белігілі ғалымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ұ.М.Сұлтанғазин, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Ш.С.Смағұлов, ғылым докторлары Н.Т.Данаев, Т.Н.Бияров, С.С.Оспанов, С.Я.Серовайский, А. Дүйсембаев және т.б. ғалымдар физика-математика факультеті информатика және қолданбалы математика кафедрасында қосымша оқытушылық қызмет атқара отырып ат салысты.

«Информатика және есептеуіш техника негiздерi» курсын программалық қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жағдай 1985 жылы қалыптасты, яғни информатика және есептеуiш техника негiздерi курсын сүйемелдеуге арналған алғашқы кешенді программалар сол жылдары пайда бола бастады. Бұл жұмыстар оқулықтар мен оқу құралдарының авторларымен тығыз байланыста болды [21]. Кейiннен компьютерлердiң әрбiр түрлерi үшiн программалық-әдiстемелiк кешендердi жасау мәселесi алдыңғы орынға шықты. Бұл оқу жоспарында қойылған мiндеттердi шешудi қамтамасыз ету үшiн онсыз да мүмкiндiгi шектеулi оқулық-есептеу машиналарын мейлiнше кеңiнен пайдалануды қажет етедi. Дегенмен, 1990 жылдардың басында ТМД-ның республикаларында, соның iшiнде Қазақстанда да есептеу техникаларын таңдауда, IBM-PC тектес компьютерлердi таңдау арқылы соңғы нақты шешімдері қабылданды. Сол жылдары отандық мұғалiмдер мен оқушылардың қолында А.П.Ершов пен В.М.Монаховтың және А.Г.Кушниренконың редакциялауымен дайындалған оқу құралы мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал болды.

1985-1987 жылдары Қазақстанда Абай атындағы АлМУ-дың «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсын оқыту әдістемесі мен мазмұнын қалыптастыруға тікелей ат салысты. Ол А.П.Ершов, М.В.Монаховтың редакциясын басқарумен дайындалған 2-бөлімнен тұратын «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталатын оқушылар үшін байқау оқу құралын және мұғалімдер үшін «Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту» әдістемелік құралының қазақша аудармасының арнайы редакторы болды [88-91]. Сонымен қатар, арнайы редактор ретінде аударудың ғылыми-әдістемелік деңгейінің тек дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орта мектептеріне жаңа пәнді енгізуді қамтамасыз ететін информатика бойынша қазақ тілінің терминологиясын енгізіп, тағайындады.



Бұл оқулықтардың екi нұсқасы үшiн де қажеттi қазақ тiлiндегi педагогикалық программалық құралдар жоқ болды. Тек Абай атындағы АлМУ-дың есептеу зертханасында университеттің барлық факультеттерінің информатика және басқа пәндері бойынша оқу үдерісін сүйемелдеуден ғана емес, сонымен қатар әр түрлі қазақ, орыс тілдерінде педагогикалық программалар пакеттері (ППП) жасала бастады. Атап айтқанда, қазақ және орыс тілдерінде тілінде мынадай программалық өнiмдер: Е-практикум, ПРОЛОГ-Д, ПРОЛОГ-Б, ТІЛДІК ОРТА, ИЕРАРХИЯ, «Информатиканы оқыту әдiстемесi», «Есептеуіш техниканы оқу үдерісінде қолдану» пәндерiнде қолданылатын программалық құралдар пакетi жасалынып, ал кейбiреулерiнiң аудармасы, оқу үдерісіне енгізу масатында таратылып отырды. Кафедрада жасалған «ТІЛДІК ОРТА» программалық құралдар пакетi 1994 жылы Республикалық көрме-жәрмеңкеде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде пайдаланылуға ұсынылды. Сонымен қатар, бүкілодақтық компьютерлендіру бағдарламасына сәйкес аталған университеттің физика-математика және басқа факультеттерінде компьютерлендіру (ДЕКАНАТ-автоматтандырылған басқару жүйесі, ректораттың оқу-тәрбие жұмысын автоматтандыру (кадрлар, аспирантура), кафедра мұғалімдерінің оқу жүктемесін есептеу және т.б. автоматтандырылған басқару жүйелері) жұмыстары жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет