Бидайбеков Е


Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері



бет22/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108
Байланысты:
treatise13514

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері
1970 жылдардың басында сол кездегі мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар (ОӨК) жүйесінiң даму шеңберінде оқушыларды әртүрлi бағыттағы кең таралған жұмысшы кәсіптерге дайындаумен қатар, жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіш техника саласына кәсіби дайындау бойынша мамандандыру пайда бола бастады. Осыған сәйкес тәжiрибелiк-эксперимент 1971 жылы Мәскеу қаласының Первомай ауданындағы оқу-өндірістік комбинатында басталды.

Ғылыми-әдістемелік басқару қызметі КСРО-ның педагогикалық ғылымдар Академиясындағы оқытудың мазмұны мен әдiстерiн зерттейтiн ҒЗИ-дiң С.И.Шварцбурд басқаратын қолданбалы математика зертханасына жүктелiп [10], Кешенді автоматтандыру орталық ғылыми-зерттеу институтының есептеу орталығы базалық кәсіпорын болып белгіленді.

Кейінiрек, 1972 жылы Мәскеуде кең танымал болған №1 Октябрь оқу-өндірістік комбинаты құрылды. 1984 жылға дейін Октябрь ОӨК-ның базалық кәсіпорны – КСРО-ның электрондық басқару машиналары институты болса, 1984 жылдан бастап КСРО-ның Ғылым Академиясының жаңадан ұйымдастырылған информатика проблемалары институты болды [14].

Сол кезде есептеу техникасы мен программалау бойынша мамандандыру еліміздің барлық қалалық, аудандық ОӨК-тарда ашыла бастады. Қысқа мерзім ішінде, көптеген, Ленинградтың, Свердловскінің, Новосібірдің және де басқа да қалалардың ОӨК-терінің оң тәжірибелі жұмыстары белгілі болды. Қамқорға алушы қуатты кәсіпорындардан қолдау көретін ОӨК-тердегі сәйкес мамандандырулардың программалау бойынша факультативтерден айырмашылығы, әдетте, басынан бастап олар түбегейлі оқу-материалдық базамен және дайын кадрлармен қамтамасыз етілді. Осының салдарынан олар мектепке жаңа информатика және есептеу техникасы негiздерi курсын енгізудің алғашқы кезеңінде оның практикалық бөлігін қолдайтын мектепаралық орталықтарға айналды.

ОӨК-ы базасында оқушыларды есептеу техникасын оқып-үйрену мен қолдануға байланысты мамандықтар бойынша бірқатар еңбекке даярлау бағытында ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін қажетті мәліметтерді дайындайтын құралдары операторы, ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларын жөндейтiн электромеханик, электрондық аппараттарды ретке келтіруші, программалаушы-лаборант, есептеу жұмыстарының операторы сияқты мамандықтар ашыла бастады.

Көпшілік қолданатын (дербес компьютерлер, шағын ЭЕМ-дер базасындағы көптерминалды кешендер, сұхбаттық есептеу кешендері және т.б.) ЭЕМ-дердің таралуына байланысты ОӨК-де «компьютерлiк» мамандықтарды дайындаудың түрлері мен мазмұнын қайта қарап, анықтауды және көпшілік қолданылатын ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіншіліктеріне (қолданбалы программалардың дамыған пакеттерімен жабдықталғандығына, заманауи программалау жүйелерінің басым қолданылатындығына сәйкестендіруді талап етеді.

1990 жылдардың басында мемлекеттің экономикалық жүйесін қайта құру барысында, жұмыссыздыққа және өз уақытында ОӨК-ның материалдық базасын құрып, қолдау көрсеткен ғылыми-өндірістік кәсіпорындардың құлауы кезеңінде ОӨК орта мектептің білім беру қызметінің бір түрі ретінде түгелге дерлік жоқ болып кетті. Тек олардың салыстырмалы аз ғана бөлiгi қандайда бір өз материалдық базасын және педагог мамандарды сақтап қалғандары ғана мектеп аралық негізде мектеп информатика курсын қолдауды жалғастырып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет