Бидайбеков Е



бет63/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   108
«Информатика» оқу пәнінің мазмұнының ядросы келесі жалпы білім беретін информатика курсының ұйымдастырушы өзара байланысқан мазмұндық желілерін құрайды: ақпаратты бейнелеу және ақпараттық процестер, компьютерлер, ақпараттық технологиялар, алгоритмдеу, формальдау және модельдеу, телекоммуникация, әлеуметтік информатика мәселелері. Бұл мазмұндық желілер информатиканың жалпы білім беру саласының мазмұны өзегі болып табылады, сондықтан да оқу пәнінің басыңқы бағдары информатиканың базалық және кәсіптік курстарында мазмұндық желілердің қиындық деңгейін арттыра отырып, оқытуды қамтамасыз ететіндей концентрлі болып табылады. Бұл сөзсіз мектеп информатикасының іргелі маңызын жоғарылатуға оң әсерін тигізді және нәтижесінде осы оқу пәнін оқытуды іргелендіруге алып келді.

Информатика – тез дамитын ғылым. Сондықтан осы ғылым саласының кейбір жаңа ұғымдары, мысалы компьютер архитектурасын дамытумен тікелей байланысты, информатика пәні мазмұнының өзегіне жататын параллель есептеулер ұғымы, негізгі қалаушылар бола алады, және осы ұғым негізінде информатика бойынша мектеп білім беру мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесіне іргелі кәсіптік курс ретінде параллель есептеулер элементтерінің курсын қосу табиғи әрі мақсатқа сай болады.

Информатика бойынша барлық оқулықтар авторларының мектеп информатика курсының негізгі мақсатын түсінуі бір-біріне өте жақын болғанымен, олардағы мектеп курсының тұжырымдамасы, баяндау мазмұны мен тереңдігінің біршама айырмашылығы бар. Бүгінде информатикадан қолданылып жүрген мектеп оқулықтарына талдау жүргізе отырып, орта мектепте информатиканың үздіксіз курсының барлық тақырыптарын қарастыратын оқулықтың осы күнге дейін жоқ екендігіне көзіміз жетті. Сонымен қатар, оқулықтағы оқу материалдарының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкессіздігі, оқу ақпаратының көптігі немесе жеткіліксіздігі, бір оқулық шеңберінде, әсіресе мемлекеттік тілде терминдердің бірыңғайлығы мен үйлесімділігінің болмауы, оқу материалын баяндау логикасының бұзылуы салдарынан мектепте информатиканы оқытуды іргелендіру мақсатында оқу ақпаратын қайта өңдеу, құрылымдау және жүйелеу қажет.

Осылайша 11-жылдық білім берудегі мектеп информатика пәнінің мазмұны мен оны оқытуды талдай келе, 12-жылдық білім берудегі мектеп информатика пәнінің мазмұны мен оны оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда:

- Қазақстан Республикасында информатика мен оны оқытудың әдістемелік жүйесінің дамуы мектеп информатикасын оқытуды іргелендірудің жалпы білім беретін маңызын күшейтумен сипатталуы қажет. Осыған байланысты алдағы уақытта «информатика» пәнінің мазмұны мен оны оқытудың әдістемелік жүйесін жасау барысында мектеп информатика курсының іргелі негіздерін айқындау бойынша ізденіс жұмыстарын оқушылардың жас ерекшелігіне оқу материалының мазмұнын адаптация жасау бойынша және оқу уақытының нормативімен, курс құрылымының негізгі өзегін анықтау бойынша, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру бойынша жүргізу қажет;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында информатиканы ерте бастан оқыту қарастырылған, сондықтан информатика пәнін 2-3 сыныптардан бастап енгізу қажет;

- информатика бойынша бастауыш, базалық және кәсіптік білім беру мазмұны мен оны оқытудың әдістемелік жүйесін жасау барысында пәндік тұтастықты сақтау қажет;

- информатиканы ертерек (бастауыш сыныпта) оқытуға арналған информатика оқулықтарының, жұмыс дәптерлерінің бар болуына қарамастан (мысалы, Е.Ы.Бидайбеков, А.Б.Ибашова, С.Т.Мұхамбетжанова, Г.К.Нурмуханбетованың 3-сыныпқа арналған «Балбөбек ақпарат әлемінде» жұмыс дәптері, Г.А.Абдулкаримова, А.Е.Сағымбаева 3-4 сынып оқулықтары және Е.Қ.Балафанов, Б.Б.Бөрібаев, С.Т.Мұхамбетжанова, Г.С.Кабулова, Б.А.Айтбақина, Ғ.Б.Мамырбек т.б. «Ақпараттық мәдениет негіздері» 1-4 сыныптарға арналған жұмыс дәптері және т.б.; ), оларды бастапқы жалпы білім берудің мазмұны мен оны оқытудың әдістемелік жүйесіне сәйкес қайтадан қарап шығу, «Информатика» оқу модулі шеңберінде бастауыш мектепте информатиканы оқыту мазмұнын іріктеу қажет;

- информатиканың мазмұнын анықтауда және оны оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда Қазақстан Республикасының ерекшеліктері ескеріліп, яғни мәдени бейімділіктің дидактикалық принциптері, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының ұлттық мәдениет элементтерін неғұрлым көбірек қолдану қажет. Осы айтылғандарды ескерсек, информатика пәні оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, ұлттардың өзіндік ерекшеліктерін жете түсінуге, халықтар мен ұлттардың әлемдік мәдени бірлестігіндегі орнын түсінуге мүмкіндік туғызады;

- мектеп информатикасы бойынша терминдердің мемлекеттік тілдегі бірлігіне қатаң бақылау қажет;



- мектептің жоғарғы сатысында кәсіптік оқытуды енгізуге байланысты қазіргі уақытта информатикадан оқулықтаруға негізделген кәсіптік және таңдамалы курстар бағдарламасы шеңберінде практикалық қызметке дайындауға бағытталған информатиканың іргелі, қолданбалы кәсіптік курстарын жасалып, ақпараттық технологиялар саласында білімді тереңдетуге көңіл бөлу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет