Бидайбеков Е



бет62/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   108
Байланысты:
treatise13514

Курстың теориялық бөлімі ақпараттық процестен ақпараттық технологияларға (ақпараттық процестердің орындалуын жүзеге асыратын алгоритмдерді құру, кез келген ақпаратты екілік кодтау түрінде көрсету мүмкіндіктері және т.б.) өту шартын ашуды негізге ала отырып құрылған.

Курстың практикалық бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру ғана емес, басқа да оқу пәндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар пәнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыру үшін қажетті ақпараттық технология құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруіне бағытталады. Осыған байланысты материалды оқып-үйрену реті бүкіл оқу үдерсінің тиімділігін және оқу себебін жоғарылату үшін оқушыларға маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың барынша кең ауқымын ертерек қолдану мүмкін болатындай етіп құрылған. Мысалы, «ақпарат» ұғымы ең алдымен технологиялық ортаға қатыссыз, алайда бірден бейнесін және дыбысын жазу арқылы практикалық жұмыста бекітіледі. Содан кейін ақпаратты компьютерде өңдеудің практикалық мәселелері қарастырылады, оқушылардың әр түрлі ақпараттық объектілерді жайлы түсініктері толықтырыла түседі. Мұнда ақпараттық объект ұғымы оқушыларға алдағы уақытта кездесетін әр түрлі объектілер: мәтін, дыбыс, бейне және т.б. үшін жалпылау ретінде пайдаланылады.

Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеудің ақпараттық технологияларымен танысқаннан кейін, информатиканың тағы бір маңызды ұғымы – модельдеу қарастырылады. Бұл кезеңге дейін оқушылар бізді қоршаған әлемді модельдеудің көрінісі мен сипаттаудың жалпы идеяларын меңгеруге жеткілікті түрде дайын болады.

Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-схемалардың және құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.

Курстың соңғы бөлімдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялары және АКТ-ны қолдану арқылы ұжымдық жобалық іс-әрекет технологиялары игеріледі.

Курс қоршаған ортадағы ақпаратты қабылдай алу біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған: іздеу, талдау, сыни тұрғыдан бағалау, ақпаратты сұрыптау; ақпаратты ұйымдастыру; ақпаратты тасымалдау; объектілер мен үдерістерді жобалау, өз іс-әрекетін жоспарлау; жоспарларды құру, жүзеге асыру және оған түзету енгізу.

Информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғарғы мектепте базалық деңгейде оқып үйрену негізгі мектепке қарағанда информатиканың мазмұнын іргелі ғылыми пән ретінде анағұрлым толық ашуға негізделеді. Осыған байланысты жүйелік көзқарас тұрғысынан қарағанда оқып үйренудің басым объектілері ақпараттық модельдеу және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болып табылады. Бұл келесілерге мүмкіндік береді:



  • информатика курсының басқа да оқу пәндерімен сабақтастығын қамтамасыз ету;

  • негізгі мектепте информатика пәнінен алынған білімдерін жүйелеу;

  • таңдалынған оқыту бағдарына байланысты білімді тереңдету;

  • болашақтағы кәсіби өсуінің негізін салу.

Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті ақпараттық процестердің құрылу және қолданылуы және қызметінің жалпы заңдылықтарын оқып үйрену.

Мазмұны жағынан қарастырғанда бұл әлемді жүйелі түрде көруге, ақпараттық модельдеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды, бұл өз алдына информатиканың басқа да мектеп пәндерімен пәнаралық байланыстарының кеңейіп тереңдеуін қамтамасыз етеді.

Іс-әрекет тұрғысынан қарастырғанда бұл негізгі ақпараттық процестерді талдау әдіснамасын құруға және көрсетуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:


  • ақпарат массивтерін сақтау (мәліметтер қорын басқару жүйелері, ақпараттық-іздеу жүйелері, геоақпараттық жүйелер);

  • ақпаратты өңдеу (жүйелік программалық жабдық, құрал-саймандық программалық жабдық, автоматтандырылған жұмыс орны, офистік пакеттер);

  • ақпаратты тасымалдау (желілер, телекоммуникациялар);

  • басқару (автоматты басқару жүйелері, автоматтандырылған басқару жүйелері, операциялық жүйе компьютерді басқару жүйесі ретінде).

Әдіснамалық тұрғысынан қарастырғанда оқыту үдерісінде келесі сәттерге көңіл аудару керек.

Информатиканың маңызды ұғымдарының бірі ақпараттық модель ұғымы болып табылады. Ақпаратпен жұмыс істеген кезде біз дайын ақпараттық модельдермен жұмыс істейміз (оларды бақылаушы рөлінде боламыз) немесе ақпараттық модельдерді өзіміз құрамыз. Компьютердегі кез келген үдерісті ақпараттық модельдеуді құрусыз және зерттеусіз оқыту мүмкін емес. Модельдеудің іс-әрекеттік сипатын атап өту маңызды. Ақпараттық модельдеу информатиканың зерттеу объектісі ғана емес, танымдық, оқу және практикалық іс-әрекеттің маңызды тәсілі болып та табылады. Сонымен қатар, оны ғылыми зерттеу және іс-әрекеттің өзіндік әдісі ретінде қарастыруға болады.

Мектеп информатика курсының теориялық және практикалық компонеттерінің мазмұны 50х50 қатысында құрылуы керек. Практикалық жұмыстарды орындағанда басқа пәндік салалардың өзекті мазмұндық материалдары мен тапсырмаларын қолданған дұрыс. Әдетте, мұндай жұмыстар бірнеше оқу сағаттарына есептелінеді. Практикалық жұмыстың бір бөлігі (ең алдымен ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын қолдануды талап етпейтін дайындық кезеңі) оқушылардың үй тапсырмаларына, жобалық іс-әрекетіне енгізілуі мүмкін; жұмыс бірнеше бөлікке бөлініп, бірнеше апта бойы іске асырылуы мүмкін. Жұмыс көлемі мектеп компонентін және басқа пәндермен сабақтастықты қолдану есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

Құзырлы білім беру жағдайларында оқыту үдерісін ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі информатика бағдарламасында ерекше атап өтілгендей білім берудің күтілетін нәтижелеріне жетуге бағытталғандық болып табылады. Мәселені осылай қою МЖС ЖОБ-да айтылғандай, оқушыларға жалпы білім беру және тәрбиелеу сапасын жетілдіру маңыздылығы мен оған қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келеді.

Жалпы білім беретін мектепте информатиканы оқытуды «спираль» бойынша ұйымдастырған абзал: барлық оқытылатын желілер (модульдер) ұғымдарымен алғашқы танысу, содан кейін оқытудың келесі сатысында бұл модульдердің мәселелерін осы модульге қатысты жаңа ұғымдарды енгізе отырып, нақты түрде сапа жағынан жаңа негізде оқып үйрену және т.б. Мұндай «спираль орамдарының» саны нақты мектептегі информатика пәніне берілетін оқу сағаттарының санына байланысты екі немесе үшеу болуы мүмкін. Жоғарғы мектептің базалық деңгейінде бұл негізгі мектептің информатика курсының негізгі мазмұндық желілерін жан-жақты анағұрлым тереңірек оқып үйренуге жағдай жасайды, екінші жағынан бұл оқытудың нақты кәсібилендірілуіне мүмкіндік ашады.

«Компьютер - ақпаратты өңдеу құралы» желісінің мазмұнын ашуда оқушылар информатиканың іргелі ұғымдары аумағы бойынша өз білімдерін тереңдетеді және жүйелейді. Оқыту АКТ-мен толық жабдықталған жағдайда, яғни компьютерлерден өзге әр түрлі перифериялық құрылғылары бар, соның ішінде үдерістерді визуализациялау, компьютерді басқаратын әр түрлі құрылғылары оқыту бар ортада жүзеге асатын болса, онда оқытудың тиімділігі артады. Бұл бөлімнің мазмұны инварианттықтың жоғары дәрежесіне ие. Есепті шығару негізінде, соның ішінде алгоритмдік тілдерді қолдану арқылы жүйелік және алгоритмдік ойлаудың дамуы жалғасады. Бұл іс-әрекеттің тікелей жалғасы практикалық жұмыс болып табылады.

«Ақпараттық модельдеу» мазмұндық желісін оқып игеру табиғаты әр түрлі жүйелерде (физикалық, техникалық және т.б.) басқару модельдерін сипаттау және құру біліктіліктерін қалыптастыруға, сонымен қатар жаратылыстану, қоғамтану, математика және т.б. аумақтарда модельдер мен модельдеуші программаларды пайдалануға бағытталады.

Информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және сандық білім беру ресурстары білім беру, дидактика және танымдық сипаттағы құралдар ретінде пайдаланылады. Оқу бағдарламасында оқушыларды ақпараттық орта құру бойынша ақпараттық саясатты жүргізу қажеттілігіне, сонымен қатар адамзаттың орнықты дамуын және «өмір бойы білім алу» мәселелерін шешу қажеттіліктеріне сендіретін оқытудың іс-әрекеттік және құзырлылық көзқарастары ерекше орын алады.

Аталған пәнді оқып үйрену келесі біліктіліктердің одан әрі дамуына көмектеседі:


  • ақпаратты жүйелі түрде талдау,

  • әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу,

  • өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу,

  • модельдеу,

  • болжау,

  • өзіндік және ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

Қазақстанда ақпараттық қоғамының дамуымен мектеп информатика пәнінің мазмұнына келесі ұғымдар мен терминдер енгізілді: ақпарат, ақпараттық процестер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық мәдениет, ақпараттық ресурстар, алгоритм, орындаушы, программа, операциялық жүйе, программалық жабдық, аппараттық жабдық, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.

Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттың алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын курсқа айналады.

Оқыту бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімге оқушыларда теориялық білім негізінде практикалық есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Оқу материалының практикалық жұмыстары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, анықтау, атау және көрсету біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. яғни жеке курс шеңберінде күтілетін нәтижелерге жетуге жағдай жасайды. Мұнда курстан курсқа өткенде бағалау мен болжауға берілетін тапсырмалардың саны ұлғая береді, ал соңғы кезеңінде мұндай типті практикалық жұмыстардың сандық үлесі үстем болады.

Практикалық жұмыс жүйесі оқушының негізгі теориялар мен біліктіліктерді, үдерістер мен құбылыстарды, ақпарат туралы білімдерін информатиканың ғылыми тұрғыда берілетін информатика курсының мазмұнымен үйлестіре білуге мүмкіндік береді. Бұл практикалық-бағытталған тапсырмалардың кешенді сипатының шарты болып табылады, өйткені олар коммуникативтік, ақпараттық құзырлылық және мәселелерді шешудің құзырлығы сияқты түйінді құзырлылықтарды жүзеге асыруға бағытталады.

Информатиканың оқу бағдарламасы математика, физика, биология, химия, тарих және т.б. пәндермен пәнаралық сабақтастықтың зор мүмкіндіктеріне ие. Бұл бір жағынан информатика пәнінен әсіресе, ақпараттық процестер, құбылыстар және информатиканың пәнаралық байланыстары бойынша білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі, екінші жағынан информатиканы оқи отырып жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттағы шекаралас оқу пәндерінен білімдерін тереңдетеді.

Мұғалім білім беру үдерісінің белсенді субъектілері болатын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырады.

Республика мектептерінің 12-жылдық білім беруге көшуі мектеп информатикасының бұрыннан келе жатқан проблемасы болып табылатын осы оқу пәнін мектептің негізгі сатысынан бастауыш сатысына көшіруге жағдай жасайды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін 90-жылдардың басында алғанына қарамастан, ақпараттандыру мен информатиканы оқыту саласы Қазақстанда өз бетімен Ресей мемлекетінсіз бірден дамып кете алмады. Сондықтан да, 1998 және 2002 жылдардағы Қазақстан Республикасы білім беру мемлекеттік стандартының «информатика» пәнін оқытуға қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дәйектілігі сол кезеңдегі білім беру үдерісінің жағдайына сәйкес және жоғарыда көрсетілген төртінші кезеңге толықтай сай. Әрі сол уақыттағы Ресей стандартының негізгі тұғырнамалары ешбір өзгеріссіз қайта тұжырымдалды.

Қазақстан Республикасы үшін информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің келесі даму кезеңі, мектеп информатикасын оқытуды іргелендірудің жалпы білім беретін мәнін арттырумен сипатталуы қажет. Осыған байланысты болашақта мектеп информатикасының іргелі негіздерін бөліп көрсету бойынша, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты оқу материалының мазмұнын бейімдеу және оқу уақытының нормативін бейімдеу бойынша, курсты құрастырудың өзегін анықтау бойынша, пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру бойынша іздену жұмыстарын жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет