Бидайбеков Е


АКТ қолданудағы білім алушылардың өзіндік танымдық қызметі



бет70/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   108
6.2.3 АКТ қолданудағы білім алушылардың өзіндік танымдық қызметі
Информатика саласында ақпараттық-іскерлік моделін үйрету сабақта ғана емес, қатысушылардың іскерлігін өзіндік таныту ұйымымен қарастыруға болады. Ол жоспарлық,телекоммуникациялық немесе ойындық ұйымдастырылуы мүмкін.

Білім алушылардың жобалық қызметі – ортақ мақсаттары бар және сол мақсатқа жету үшін келісілген амалдар жиынтығынан тұратын оқу-танымдық қызмет. Жобалық қызметтің міндетті шарттарының бірі – жобаның соңғы өнімі жайлы алдын-ала қалыптасқан көзқарастың болуы.

Жобалық қызмет компьютерлік қолдаудың арқасында біршама әсерлі болады. Мысал ретінде «Ғаламдық торлардың адамзат үшін мәні» жобасын алуға болады. Бұл жоба «Интернет – ғаламдық компьютерлік тор» тақырыбын оқығанда қолданылады. Білім алушылардың жобалық қызметі үш кезеңде өтеді, бұл кезеңдерде Интернетте іздеу жолдарын үйрету мен ғаламдық торлар тарихын және қазіргі кездегі Интернет құралдарымен танысу өтеді.

Білім алушылар бірінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындайды:

1. Интернеттің негізгі ақпараттық-анықтамалық жүйелерімен танысады (отандық және шетелдік)

2. Ақпараттық-анықтамалық жүйелерді іздеуге арналған,каталогтарға арналған, метапоиск және аралас іздеуге арналған жүйелерге жіктеуді үйренеді.

3. Мультимедиа файлдарын, суреттерді, әртүрлі саладағы ақпараттарды іздеуге арналған арнайы мамандандырылған іздеу жүйелерімен танысады.

4. Екі-үш жүйелердің сұраныс тілдерімен оқып танысады. Сұраныс тілдерінің көмегімен қажет емес нәтижелерді алып тастауды үйренеді.

5. Үстел үстіндегі баспалық жүйеде «Интернеттегі нәтижелі іздеу» тақырыбында жариялауды жүзеге асырады. Жариялау құрамында ақпараттық-анықтамалық жүйелердің жіктемесі, негізгі ақпараттық жүйелерге мысалдар, іздеу нәтижесін арттыруға арналған кеңестерді қамтиды.

Білім алушылар екінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындайды:



  1. Іздеу жүйелерінің көмегімен Интернеттен жаһандық торлар жайлы ақпаратты іздейді.

  2. Тақырыпқа байланысты мысалдар іздеу (іздеу үшін арнайы мамандандырылған іздеу жүйелерін қолдану)

  3. «Интернет тарихы. Күнтізбелік күн, адамдар» тақырыбында веб-сайт ашады.

Білім алушылар үшінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындайды:

  1. Іздеу жүйелерін пайдалана отырып, Интернет құрылғылары жайлы ақпаратпен танысады.

  2. TCP/IP хаттамалары жайлы мәліметтер іздейді.

  3. Интернет ресурстарына ат беру жүйелерін зерттейді.

  4. Ғаламдық тор сервистарының негіздерімен және олардың жұмыс істеу принциптерімен танысады.

  5. Алынған ақпарат негізінде «Интернеттің негізгі қызметтері» тақырыбында презентация құрастырады.

Жобалық қызметтің ісінің түрі телекоммуникациялық бола алады. Мұндай қызмет педагогикалық жағынан нәтижелі, егер:

  • қойылған мәселені шешу үшін мәліметтерді әртүрлі облыстардан жинақтауды қажет ететін көптеген жүйелі зерттеулер қарастырылады;

  • әр түрлі облыстарда пайда болған немесе бар фактілерді, зерттеулерді, салыстырмалы зерделеулерді анықтауда, шешуде, құрастыруда қолданылатын ұсыныстар қарастырылады;

  • мәселені шешудің әр түрлі немесе бір ғана түрін салыстырмалы бақылау арқасында нәтижелілігі жоғарысын анықтау;

  • ортақ шығармашылық жұмыстарды ашу ұсынылады (журнал, газет, пьеса, кітап, музыкалық туындылар).

Телекоммуникациялық мысал ретінде Летописи.ру желілік жобасын келтіруге болады («Үйге қайту уақыты»). Ол гипертексттік энциклопедия ашуға бағытталған және қызыққан білім алушыларға http://Letopisi.ru адресінде ашық және қолжетімді. Intel корпорациясының және ТрансТелеКом компаниясының бастамасымен ВикиВики технологиясы негізінде жасалып жатқан жобаның Википедия бүкіл дүниежүзілік энциклопедиясының арқасында атағы шықты.

Летописи.ру жобасы білім алушыларға өздерін орыс ауылдарының, кіші және үлкен қалаларының жылнамашысы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Жоба ВикиВики-дің мүмкіндіктерін зерттеудегі масштабты тәжірибе болып табылады. Әр түрлі облыстардағы мектептердің білім алушыларының ортақ қызметінің нәтижесінде ұжымдық гипермәтін пайда болады.Ол өзіндік бір электрондық тақта болып табылады және оған оның барлық қатысушылар жаза алады. Ұжымдық гипермәтін бір қызметтегі адамдар тобының ортақ ресурстарды қолдануы, ортақ кеңістік ретінде мысал бола алады. Қатысушылар мәтіндері бірін-бірі толықтырады, кеңейтеді және байытады.

Білім алушыларға өзіндік танымдық жұмысты желілік байланыспен ұйымдастырғанда телеконференциялар қолдануы мүмкін. Интернет ортасының базасымен байланыс телеконференциялық оқытудың маңызды психологиялық-педагогикалық шарты болып табылады. Мұндай орта қатысушылар мен оқу үдерісін ұйымдастырушылар арасындағы интерактивті сұхбатпен сипатталады.

Оқытуға тағайындалған телеконференция – компьютерлік жүйеде ұйымдастырылған тақырыптық ақпарат алмасу арқылы шешілетін оқыту тапсырмаларының мәні. Компьтерлік телеконференция технологиясының ұйымдасуының әрекеттесуі оның типіне байланысты болады. Интернеттегі барлық телеконференцияларды олардың ұйымдасу белгілеріне байланысты жіктеуге болады.



  1. Ақпаратқа рұқсат деңгейіне байланысты.

  • оқу үдерісінің барлық қатысушыларына ашық;

  • жабық, санаулы қатысушылар тобына арналған.

  1. Басқарылуына байланысты:

    • модерирмді;

    • постмодерирмді;

    • немодерирмді.

Модерирмді оқу телеконференциялары жүргізуші модератордың болуымен ерекшеленеді, ол телеконференцияның жүргізілуі мен ұйымдасуына жауап береді. Постмодерирмді конференцияларда хабарламалар бірінші телеконференцияда жарияланады, содан кейін барып оны модератор өңдейді. Бұған қоса модератор қажет болған жағдайда хабарламаны өшіруге немесе өзінің түсінігін жазып қалдыра алады. Немодерирмді оқыту телеконференциялары жүргізушінің болмауымен негізделеді және қатысушылар өздері хабарлама алмасу барысында пікірталастың даму бағытын таңдайды.

  1. Ақпарат алмасу тәсілімен:

  • мерзімі ұзартылған режимде;

  • нақты уақыт режимінде.

Оқытуға арналған телеконференцияға мысал ретінде информатикадан өткен үздіксіз қашықтан ұйымдастырылған олимпиаданы айтуға болады, ол оқушылардың пән бойынша білімін тереңдетуге және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын оятуға арналған. Олимпиаданың негізгі міндеттері мен тапсырмалары болып:

  • оқушылардың мектептегі информатика курсын оқудағы білімін тереңдету;

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • оқушылардың пәнге байланысты шығармашылық мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын анықтау және дамыту;

  • оқушылардың интелектуалдық дамуына қажет жағдайларды жасау;

  • арнайы курстардың, үйірмелердің, ғылыми қауымдастықтардың жұмыстарын жандандыру және оқушылармен жүргізілетін басқа да жұмыс түрлерін дамыту, оқушылар арасында ғылыми білімді насихаттау.

Ойын түрінде оқыту – танымдық қызмет білім алушылардың дидактикалық компьютерлік ойындарды қолдануда негізделген. Мұндай ойындар бірнеше рет қайта қаралып оқылатын оқу материалдарының негізінде жасалады, олар программаға ойындық жағдай ретінде ұсынылады.

Информатиканы оқытуда қолданатын көптеген ойын программалары оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыруға негізделген. Осындай дидактикалық ойындарға мысал ретінде «Роботландия» программалық-әдістемелік жүйесінің кейбір программаларын айтуға болады. Бұл жүйе кіші мектеп жасындағы балаларға информатиканы оқыту үшін құрастырылған. Логикалық конструкциялармен құрастырылған әр түрлі ойындық жағдайларды шешу арқылы оқушы тапсырманың оңтайлы алгоритмді шешу жолын табуды үйренеді.

Дидактикалық компьютерлік ойындарға қосалқы дидактикалық әсер беретін мультимедиа. Мультимедиалық ойындар – ойыншы мен компьютер құрастырған виртуалдық ортаның әрекеттестігі арқылы құралады. Виртуалдық ортаның жағдайы ойыншыға әр түрлі ақпарат түрінде беріледі. Мысал ретінде «Информатикус» компьютерлік ойын көрсетуге болады. Ойын барысында ойынға қатысушы ежелгі храмдар мен монастырлер, ескі қалалар мен шатысып кеткен лабиринттар, ұлы ежелгі жұмбақтар мен қазіргі кездің арпаласуынан тұратын ғажайып бір ойындық әлемге тап болады. Сонымен қоса информатика курсынан тақырыптар зерттеледі: есептеп шығару жүйелері, графтар, криптографиялар және т.б. Оқушылар роботтарды программалауды, Морзе әліппесін қолдануды үйренеді, ақпараттың қалай тасымалданатыны және сақталатыны жайлы біліп танысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет