Бидайбеков Е


МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ



бет73/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108
Байланысты:
treatise13514

7-ТАРАУ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ



7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi

Оқу-тәрбиелеу үдерісінің тиімділігі оны ұйымдастырудың (немесе ұйымдастыру түрлері) алуан түрлерін қолдану өнеріне тәуелді болады. «Оқытуды ұйымдастыру түрлері – бұл мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің ерекшеліктері, басқару мен өзін-өзі басқарудың ара қатынасы, оқыту орны мен уақыты ерекшеліктері, оқушылардың саны, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдісі, құралы мен нәтижелері көзқарасы тұрғысынан оқыту үдерісінің толыққанды жүйелік сипаттамасы» [1, 307 б.]. Оқытуды ұйымдастыру түрлерінің жіктемесінің көптеген әдістері бар [1,32,44,52,54].

Атақты чех педагогы Я.А. Коменскийден (1592-1670) бастау алған оқу үдерісін ұйымдастырудың сыныптық-сабақ жүйесi отандық мектептiң бүкiл тарихындағы сабақты ұйымдастырудың құрылымдық негiзi болып табылады. Мектептегi сабақ оқытудың сыныптық-сабақ жүйесiнiң негiзiн құрайды, оның ерекше белгiлерi: жастары және дайындық деңгейлері бірдей оқушылардың оқу топтарының тұрақты құрамы (сынып); әрбір сынып өздерінің жылдық жоспарларына сәйкес жұмыс істейді (оқытуды жоспарлау); оқу үдерісі, бір бөлігі келесі бөлікпен жеке өзара байланысқан түрде іске асырылады (сабақ); әрбір сабақ тек бір ғана пәнге арналады (монизм); сабақтардың үнемі кезектесіп отыруы (сабақ кестесі); оқу сабақтарының кестесiн анықтау; мұғалiмнiң жетекшi рөлi (педагогикалық басқару); оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің түрлері мен формалары қолданылады (іс-әрекеттің вариативтілігі) [32]. Әрбір сабақ үш бірлікті: оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарына жетуге бағытталады. Өткізілетін барлық сабақтардың ішінде аралас сабақтардың үлесі 75-80%-ды құрайды. Практикада аралас сабақтар кеңiнен кеңiнен таралған, оның құрылымында мынадай элементтер (кезеңдер) ерекшеленеді: 1) оқытылған материалды қайталау (білімді өзектендіру); 2) жаңа білімді оқыту, жаңа біліктіліктерді қалыптастыру; 3) бекіту, жүйелеу, қолдану; 4) үйге тапсырма беру.

АКТ-ны қолдану мектептегі сабақтың сипатын елеулі түрде өзгерте алады, ол оқу-тәрбиелеу үдерісін ең жақсы түрде қамтамасыз ету үшін, оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздестіруді өзекті етеді. Сабақтың инновациялық түрлері, дәстүрден тыс сабақ – «дәстүрден тыс құрылымнан тұратын тосын шығарылған оқу сабағы» пайда болады [32, 530 б.].

И.П.Подласый әртүрлі жіктемелерді талдау негізінде сабақтың негізгі типтерінің нақтыланған тізімін келтіреді: «1) аралас сабақ; 2) жаңа білімді меңгеру сабағы; 3) жаңа біліктілікті қалыптастыру сабағы; 4) өтілген материалдарды жалпылау және жүйелеу сабағы; 5) бiлiм, біліктілікті бақылау және түзету сабағы; 6) білім мен біліктілікті практикада қолдану сабағы» [32, 526 б.].

Қазіргі заманғы сапалы сабақ жауап беретін жалпы талаптардың ішіндегі бастысы – ғылымның жаңа жетістіктерін қолдану. Компьютерлік техниканың үлкен мүмкіндіктері, дүниежүзілік желі Интернеттен алынатын ақпараттың аса зор әр алуандығы, бүгінгі күнгі бар білім беру жүйесімен терең қарама-қайшылықта. «Жаңа ақпараттық мүмкіндіктерді дәстүрлі сабақ шеңберіне бейімдеу» [42, 136 б.] қажет және осы мағынада оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрі ретінде компьютерлік сабақ жайлы айту орынды.

Информатика пәнінің маңызды ерекшелігі – оқушылардың компьютердегі жүйелі жұмыс істеуі болып табылады, сондықтан сабақтарды көлемі мен компьютерді пайдалану сипаты бойынша: демонстрация, зертханалық жұмыс, практика деп жіктеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет