программалаушыларға тек іздеуді ғана емес, тиімді іздеуді жүзеге асыру міндеті қойылады,
яғни іздеуді салыстырмалы түрде аз уақытта және жеткілікті дәлдікпен ұйымдастыру. Ол үшін
(сұраныстардың өнімділігін тиімділеу үшін) кестенің кейбір өрістеріне
индекстеу
жүргізіледі.
Индекстер бір бағанның көрсетілген мәнімен жолдарды жылдам іздеу үшін ыңғайлы. Индекссіз
кесте бірінші жазбадан бастап тиісті жолдар табылмайынша, бүкіл кесте бойынша оқылады.
Кесте неғұрлым үлкен болса, шығындар да көп болады. Егер кестеде қарастырылатын бағандар
бойынша индекс болатын болса, онда
деректер қоры
деректердің барлығын қарастырмай,
деректер файлының ортасынан іздеу үшін позицияны жылдам анықтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: