Big Data Деректер қорының негізгі ұғымдары Big Data тура аударма


Деректер қоры кестелерінің арасындағы реляциялық байланыс



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата18.10.2023
өлшемі218,24 Kb.
#118517
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат биг дата

Деректер қоры кестелерінің арасындағы реляциялық байланыс 
Шынайы өмір нысандары арасындағы 
байланыстар,
деректер құрылымында көрініс 
табуы мүмкін немесе фор-мальды емес деңгейде болуы мүмкін. 
Деректер қорының екі немесе одан да көп кестелерінің расында 
бағынышты қатынастар
болуы мүмкін. Олар негізгі (ата-ана) кестенің әрбір жазбасы үшін бағынышты (бала) 
кестенің бір немесе бірнеше жазбасы болуы мүмкін. Деректер қоры кестелерінің арасындағы 
байланыстың 3 түрі бар: 
– «біреуден – көпке»; 
– «біреуден – біреуге»; 
– «көптен – көпке». 
«Біреуден – көпке» қатынасы 
«Біреуден – көпке» қатынасында негізгі кестенің бір жазбасына бағынышты кестенің 
бірнеше жазбасы сай келеді. 
«Біреуден – көпке» байланысын кейде «көптен – біреуге» деп те атайды. Екі жағдайда да 
кестелер арасындағы байланыс өзгеріссіз қалады. Байланыстың бұл түрі реляциялық деректер 
қоры үшін кең таралған. Сонымен қатар ол деректердің иерархиялық құрылымын модельдеуге 
мүмкіндік береді. 
«Біреуден – біреуге» қатынасы 
«Біреуден – біреуге» қатынасында не гізгі кестенің бір жазбасына бағынышты кестенің 
бір жаз басы сәй кес келеді. Қатынастың бұл түрі «біреуден – көпке» қатынасына қарағанда аз 
қолданылады. Егер деректер қорының кестесі қосымша ақпараттардан ұлғайып кетпеуін 
қаласақ, осы қатынас түрін қолданамыз. Алайда бірнеше кестедегі өзара байланысқан 
ақпараттарды оқу үшін, бір кестеде сақталған деректерден бір ақпаратты оқудың орнына 
бірнеше операция орындау керек болады. 
«Көптен – көпке» қатынасы 
«Көптен – көпке» қатынасы мынадай жағдайларда қолданылады: 
– негізгі кестедегі бір жазбаға бағынышты кестенің бірден көп жазбалары сәйкес келеді; 
– бағынышты кестенің бір жазбасына негізгі кестенің бірнеше жазбасы сәйкес келеді. 
Реляциялық деректер қорындағы кез келген «көптен – көпке» қатынасын, қосымша 
кестелерді енгізу арқылы «біреуден – көпке» қатынасына ауыстыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет