Бұл жұмыстағы басты қиындық — өңделуі тиіс ақпараттардың жеткіліксіздігі және дәлсіздігі болып табылады. Мәліметтердегі адамдар тізімін тек аты-жөніне қарап емес, туған және қайтыс болған уақыттарына және тағы басқа критерийлер бойынша өңдеу керек. Стандартты алгоритмдер мұндай тапсырмаларды орындай алмайды, ал машиналық есептеу барлық дәлсіздікті ескере отырып, барынша жоғары ықтималдықтағы дұрыс нәтижені көрсетеді

eHarmony жобасы
eHarmony жобасы
Бұл 40 млн адам тіркелген танысу сайты. Сайттағы сауалнамаға 1000-ға дейінгі түрлі ерекшелігіңізді көрсете аласыз. Күн сайын жүйе бір-біріне жақын келетін 100 млн ұсыныс шығарады.
Бұл болжамдар қарапайым көрсеткіштерге сүйенбейді. Мысалы, машиналық есептеу профиль суретіндегі бетіңіздің көлемі белгілі-бір адамдар арасындағы байланыстың дамуына ықпал ете алатындығын анықтады. Адамдардың тағамдарға деген талғамдары да қарым-қатынас дамуына әсер етеді. Екі вегетариандықтың өзара қосылу ықтималдылығы 44% болса, гамбургер жақсы көретін жұптың өзара тіл табыспау ықтималдылығы 44 пайызды құрайды
Машиналық есептеуді қолдана отырып, адам олардың қандай принциптер негізінде қабылданатындығын түсінбейді. Әрине, машиналық есептеуді тура мағынасында жасанды интеллект деп атауға болмайды, ол тек алдын-ала белгіленген тапсырманы ғана орындайды. Бірақ алгоритм негізге алатын жүздеген және мыңдаған факторларды адам санасы ескермеуі мүмкін. Ал арнайы дайындалған алгоритм қолданушы үшін қандай түйісу нүктесі қажет екендігін кез-келген пайдаланушыдан артық біледі. Бұл жерде жақсы тәжірибеге қарағанда өңделген мәліметтер базасының пайдасы көбірек