Биыл еңселі еліміз үшін ерекше жыл



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.03.2017
өлшемі1 Mb.
#10174
  1   2   3

Биыл еңселі еліміз үшін ерекше жыл 

болмақ.  Тарихқа  толы  Тəуелсіздікке 25 

жыл  толса,  төл  теңгеміздің  айналымда 

жүргеніне 23 жыл болады. 

1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта 

құруды  жүзеге  асыра  бастады.  Алайда, 

сол  кезде  жұмыс  істеген  бірыңғай  ақша 

жүйесі  тұрақсыз  болды.  Кеңес  одағы 

ыдырағаннан  кейін  əрбір  ел  тəуелсіздігін 

жариялап,  өзінің  мемлекеттік  рəміздерін 

қабылдады.  Қазақстан  өзінің  Елтаңбасын, 

Туын,  Əнұранын  заңмен  бекітті.  Саяси  

егемендігін  алған  ел  экономикалық 

тəуелсіздікке  де  ие  болуы  қажет.  Осыған 

байланысты  барлық  мемлекет  бұрынғы 

Кеңес  одағының  рубльдік  аймағынан 

шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды. 

Тарихқа  сүйенсек,  теңге  еліміздегі 

алғашқы  ақша  емес.  Ежелгі  Қазақстан 

аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар 

бұрын  пайдаланылған.  Айталық,  Сыр-

дарияда,  Отырар  алқабында  түркі 

билеушілері,  ал  Жетісуда  түргештер 7-8 

ғасырларда  өз  ақшаларын  шығарған. 

Отырар  мен Исфиджабта монета сарайла-

ры жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың 

ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар 

тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі 

ұлғайды. Алтын монеталар да айналымға 

түсті.  Бірақ,  ол  саудада  дара  түрінде 

ғана  емес,  салмағына  қарай  пайдала-

нылды.  Монетаны  қажетіне  қарай  ке-

сектеп сындыратын болған. Он төртінші 

ғасырдың  соңынан  бастап  Қазақстанда 

Əмір Темір монеталары айналымға енді. 

Бұлардан  басқа  саудада  Самарқанд, 

Бұхара,  Ташкент  монеталары  мыс  ди-

нарлар  қолданылды.  Ал,  жиырмасын-

шы  ғасырда  Қазақстан  біртұтас  рубль 

аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша 

айына дейінгі уақыт болатын.

Сол 


жылы 

Елбасы 


Нұрсұлтан 

Назарбаев   «Қазақстан  Республикасын-

да  Ұлттық  валюта  енгізу  туралы»  ар-

найы жарлық шығарды. Валютаны теңге, 

ал  оның  жүзден  бір  бөлігін  тиын  деп 

атауды  сол  кездегі  ҚР  Жоғары  кеңесі 

комитетінің  төрағасы  Сауық  Тəкежанов 

ұсынған  еді.  Ұлттық  теңгені  жасауға 

екі  жыл  уақыт  қажет  болды.  Қазақстан 

төл  ақшасын  шығару  үшін 1990 жыл 

теңгенің  алғашқы  үлгісін  жасайтын  ар-

найы  жұмысшы  тобын  құрды.  Сөйтіп, 

Тəуелсіз  елдің  ұлттық  валютасын  жасап 

шығарған  Тимур  Сүлейменов,  Меңдібай 

Əлин,  Ағымсалы  Дүзелханов,  Хайролла  

Ғабжəлеловтер  еді.  Олар  жұмыстарын 

Қазақстан  мəдениетінің  тарихи  даму 

аспектілерін зерттеуден бастаған.



апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

қараша


сейсенбi

15

№89 (1290)

2016 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қалалық қоғамдық-саяси газет        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

ЕЛ ТЫНЫСЫ

15 ҚАРАША - ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

ШУАҚТЫ ШАҢЫРАҚ

2-бетте

Қадірлі оқырман! Өздеріңіздің сүйікті 

ба сы лым дарыңыз – 

«Ақмешіт ап талығы» газе ті не 

2017 жылдың бірінші жарты 

жылдығына жа зылу  жүріп жатыр. 

Басылымның алты айға жазылу  бағасы: 

Жекелер үшін-2000 теңге, 

мекемелер үшін – 3000 теңге.

Газет индексі: жеке тұл ғаларға – 65463, 

мекемелерге –15463. 

Мекен-жайы: Қызылорда қа ла сы, Бейбарыс  

Сұлтан көшесі №4 үй. 

Анықтаманы 40-01-09, 70-00-37, 40-05-81 

телефондарынан алуға болады. 

Біздің есеп-шотымыз: ТОО «Сыр медиа» 

СТН 331 000 011 645  БСН 100 740 005 115 

ҚҚС бойынша тіркеу куəлігі 

Серия 33001 №0003930 от 17.08.2012 ИИК 

KZ349260701180488005  

АО Казкоммерцбанк КБЕ 17,  БИК 

KZKOKZKX    КОД 158872

«АҚМЕШІТ 

АПТАЛЫҒЫНА» 

ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

БАСПАСӨЗ  – 2017

МӘСЕЛЕНІҢ МӘН-ЖАЙЫ

БАҒДАР

ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАҒА 

ДАЙЫНДЫҚ

Үкіметтің  кешегі  отырысында  Алматы  

қаласының  əкімі  Бауыржан  Байбек  келесі 

жылы  өтетін  қысқы  студенттік  Универ-

сиадаға дайындық жұмыстары бойынша есеп 

берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Универсиаданың  басталуына 76 күн 

қалды.  Үш  жаңа  нысан  пайдалануға  берілді. 

Қазір  тағы 6 нысанды  жаңарту  жұмыстары 

аяқталуға  жақын.  Ал,  қатысатын  елдердің 

санын   айтар  болсақ,  өткен  аптада  тағы  Иран 

құрамасы  тіркелді.  Осылайша,  Алматыдағы 

Универсиадаға 

қатысатын 

мемлекеттердің 

саны 57-ге  жетті.  Сөйтіп,  біздегі  Универсиа-

да  өз  тариxында  ірі  шара  ретінде  есте  қалмақ. 

Себебі  бұған  дейін  қатысушылардың  ең  көп 

саны - 52 мемлекет 2011 жылы  Түркияда 

тіркелді.  Біздегі  тіркеу  əлі  жылдың  аяғына 

дейін  жалғасады»,-дейді  Б.Байбек.  Əкімнің 

сөзіне қарағанда, Универсиадаға қатысатын 45 

мемлекет Қазақстанға визасыз кіре алады. 

Айта кетейік, қысқы Универсиада 2017 жылы 

қаңтардың 29-ы  мен  ақпанның 8-і  аралығында 

спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Қазақстанның 

спортшылары 7 спорт түрінен бақ сынап көрмек. 

Мəдениет  жəне  спорт  министрі  Арыстанбек 

Мұxамедиұлының 

айтуынша, 

Алматыдағы 

Уни версиадаға  Қазақстанның  негізгі  құрамы 

қатысатын  болады.  Спортшылардың  ішінде 

Денис  Тен, Юлия Галышева жəне тағы басқа та-

нымал спорт жұлдыздарымыз бар.



ОБЫРҒА ҚАРСЫ ДƏРІ

Алматы  ғалымдары  тау  қылшасы  мен 

сұр  қандыағаштан  онкологиялық  ауруға 

қар сы дəрі шығарды. Препараттар шетелдік 

аналогтарға  қарағанда,  сапалы  əрі  арзан. 

Алай да қалалық дəріханаларға шығару мүм-

кін   болмай  отыр,  деп  хабарлады  «Алматы» 

телеарнасы. 

Мамандар  қазақстандық  дəрімен  обырдың 

тіпті  соңғы  сатысындағы  түрін  емдеуге  бола-

тынын  айтады.  Препарат  барлық  клиникалық 

сынақтан  өтті.  Дəріхана  сөрелеріне  сондай-ақ 

отандық өнім - тері ауруларына қарсы «Рамон» 

жақпамайы  да  шыққан  жоқ.  Авторлардың  ай-

туынша,  бұл  Денсаулық  сақтау    министрлігін 

қызықтырмай 

отыр. «Олар 

жақсы, 

ар-


зан  қазақстан дық  дəріге  қарағанда,  бір  ба-

тыс  препаратын  қомақты  ақшаға  тіркейді.  Ал 

қазақстандық өндірушілерде мұндай ақша жоқ», 

- деді Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, 

химиялық  ғылымдар  докторы.  Алматыда  онко-

логия институтында онкологиялық науқастарды 

емдейтін 82 препараттың  көбі  шетелде 

шығарылатынын мойындады. Арасында барлық 

əлемнің  жалпы  кестесі  бойынша  дайындалған 

қазақстандық дəрілер де бар. Мысалы,   аспирин.  

Обырға  қарсы  қазақстандық  дəріні  шығару-

мен  қарағандылық  онкологтар  жұмыс  істеуде. 

Алматылықтар  да  қол  қуысырып  отырған  жоқ, 

олар  да 21 ғасыр  індетін  шөп  арқылы  емдеу-

ге  тырысуда. «Емдеу  стандарттары  бар.  Күллі 

əлем  ғылымы  алдында  обырға  қарсы  дəрі  табу 

мəселесі тұр.  Өкінішке орай, Нобель сыйлығын 

əлі ешкім алған жоқ. Əлем күрес жүргізіп жатыр. 

Дəрі жасау үшін шөп жинаған ғалымдар бізде де 

бар, қазір олар сынамадан өткізіп көруді ұсынып 

отыр», - деді ҚазҒЗИ онкология жəне радилоло-

гия директоры Диялар Қайдарова. Əр жыл сайын  

онкологиялық  аурулар  арту  үстінде. 5 жыл 

бұрын диагноз 28 мың адамға қойылса, қазір 36 

мың. Бұл ретте өлім-жітім 15 пайызға азайды.

ҚАЗАҚСТАНДА 

ЛОГИСТИКА ТИІМДІЛІГІ 

ЖОҒАРЫ

2016  жылы  логистика  тиімділігі  деңгейі 

бойынша   Қазақстан 11 позиция  жоғары  көте-

ріліп,  əлемнің 160 елінің  арасында 77-орынға 

тұ рақтады, деп хабарлайды finprom.kz. 

Логистика 

тиімділігі 

индексі 


бойын-

ша  Қазақстан  бірқатар  ТМД  елдерінен  озық 

тұр:  Ресей   99-орында,  Украина - 80-орында, 

Өзбекстан - 118-орында, Беларусь - 120-орында 

жəне  Қырғызстан - 146-орында.  Мамандардың 

айтуынша, 2016 жылы темір жол тасымалдары-

нан түскен табыс 29 млрд. теңгеге өскен. Қазір 

бұл сала кең көлемдегі өзгеріс режимінде. Темір 

жол тасымалдары саласындағы бəсекелестік тек 

ұлғая  түседі.  Саладағы  кіріс  деңгейінің  артуы-

на   тасымал  құнының  өсуі  ықпал  етеді,  себебі 

тасымал  көлемі  азаяды.  Биылғы 9 айда  сала 

кəсіпорындары  өткен  жылмен  салыстырғанда 

4%  аз  жүк  тасымалдаған (236 миллион  тонна). 

Жолаушылар  тасымалы 22% азайған - қаңтар-

қыркүйек айларында темір жол арқылы 17 мил-

лион адам қатынаған.

Үстіміздегі 

жылдың 

қазан  айында  Шымкент 



қаласында 

өткен 


«Қа-

зақстанда  жүзеге  асырыла-

тын  үздік  əлеуметтік  жо-

балар» 


республикалық 

көр   месі  өз  мəресіне  жет-

ті.  ҚР  Денсаулық  сақ-

тау  жəне  əлеуметтік  даму 

министрлігі  мен  «Мем-

лекеттік  əлеуметтік  сақ-

тандыру  қоры»  АҚ  ұйым-

дастырған шараның іріктеу 

кезеңінде 32 жоба үздік деп 

танылды.  Оның 2-уі  біздің 

өңірімізге тиесілі. 

Жалпы  аталмыш  көр -

мені  өткізудегі  мақ сат – 

мүгедектердің, 

қарт тар-

дың  жəне  өзге  топтағы 

адамдардың  өмірін  жақ-

сартуға  негізделген  жо-

баларды  қолдау.  Бүгінде 

осындай  маңызды  жоба-

лардың 

арқасында 250 



мыңнан  астам  азаматқа 

көмек  көрсетілген.  Ал,  ай-

мақ  бойынша  ұсынылған 

«Қанат» dr. Темірқұлов 

мүм кіншілігі  шектеулі  тұл-

ғаларға  арналған  спорт-

тық-сауықтыру 

орта лы-


ғы»  жəне  «Өңірлік  эко-

логия 


орталығы 

жəне 


Арал  төңірегі  халқының 

ден саулығын  қорғау»  қо-

ғамдық 

бірлестіктерінің 



жо басы  байқауда  жеңімпаз 

деп танылды. 

Үздік  жоба  иелеріне 

министрліктің 

«Алғыс 

хаты»  мен  бағалы  сый-



лықтары 

табыс 


етілді. 

Айта  кетер  жайт,  бұған 

дейін 

өткізілген 



атал-

мыш  байқауға  облысымыз-

дан 6 үкіметтік  емес  ұйым 

қатысқан  еді.  Олардың 

барлығы  «Үздік  əлеуметтік 

жоба» атағына ие болды.



«Ақмешіт-ақпарат».

Сыр өңіріндегі 

əлеуметтік маңызы бар 

2 жоба республика 

көлемінде үздік 

деп танылды. Бұл 

туралы облыстық 

коммуникациялар 

орталығында 

өткен брифингте  

облыстық жұмыспен 

қамтуды үйлестіру 

жəне əлеуметтік 

бағдарламалар басқарма 

басшысы Алтын 

Есқараева мəлімдеді. 

Үздік 

әлеуметтік 



жобалар 

анықталды 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің 

тарихында өзінің рөлін тəуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. 

Кейбір  жағынан  алғанда  теңге – бұл  тарихымыздың  өзінің  толымды  бір  бөлігі,  өз 

заманының нысаны» деген сөзі бар. 

ТӨЛ ТЕҢГЕ

Баспасөз мəслихатына облыстық кəсіпкерлік 

жəне туризм басқармасы басшысының орынбаса-

ры Ғалымжан Мұстафаев, облыстық кəсіпкерлер 

палатасы  директорының  орынбасары  Қожахмет 

Ілиясов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу 

жəне бəсекелестікті қорғау комитетінің облысы-

мыз  бойынша  департамент  басшысының  орын-

басары  Ерсін  Орынбаев, «Оңтүстік  жанармай» 

ЖШС  коммерциялық  директоры  Əлімжан  Ма-

хамбетов қатысты. 

Қызылордадағы барлық май құю бекеттерінде 

жанар-жағармайдың бағасы өсуіне Шымкенттегі 

мұнай  өнімдерін  өңдеу  жəне  Павлодар  мұнай 

химия  зауыттарының  күрделі  жөндеуден  өтуі 

себеп  болған.  Сол  себептен  ҚР  Энергетика 

министрлігінен  облыс  үшін  əлеуметтік  мұнай 

өнімдері сұратылған көлемнен аз болып бөлінді. 

Мұндай  жағдай  тек  біздің  аймақта  ғана  емес, 

басқа да өңірлер бойынша кездесті. 

Осы  орайда  бүгінгі  күні  өңірлік  оператор-

лар  мұнай  өнімдерін  коммерциялық  бағамен 

жəне  Ресейдің  бізге  жақын  орналасқан  Уфа, 

Омбы қалаларынан сатып алуда. Сонымен қатар, 

Шымкенттегі  мұнай  өңдеу  зауытының  жөндеу 

жұмысының  жүргізілуіне  байланысты  соңғы 

айда  мұнай  Атырау  арқылы  берілген.  Бірақ, 

Оңтүстікке қарағанда Атыраудан жеткізу бағасы 

едəуір жоғары болып отыр.

Қазіргі 


күні 

жүргізушілер 

арасында 

сұранысқа  ие  АИ-92,  АИ-95  маркалы  бен-

зин  жəне  дизельдің  бағасы  айтарлықтай 

қымбаттаған. «Баға  негізсіз  өсіп  отырған  жоқ. 

Оған  жоғарыдағы  мəселелер  басты  себеп 

болуда.   Əйткенмен, мұның бəрі уақытша нəрсе. 

Қалай  болғанда  да  кəсіпкерлік  басқармасымен 

облыс  бойынша  мұнай  өнімдеріне  күнделікті 

мониторинг  жүргізіліп  отыр» – дейді  баспасөз 

мəслихатын ұйымдастырушылар.

Үстіміздегі  жылғы  қараша  айының  басы-

нан  бастап  Павлодар  мұнай  химия  зауыты  өз 

жұмысын бастады. Ал, Шымкент мұнай өңдеу за-

уыты осы жақын арада іске қосылмақ. Аталған за-

уыттар толығымен жұмысын бастаған соң мұнай 

өнімдерінің  облысқа  жеткізілуі  тұрақтанып, 

бағалары да қалыпқа келеді деп жоспарлануда. 

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Жиында  баяндама  жасаған  «Жобаларға  сараптама  жүргізу 

орталығы»  басшысы  Лəззат  Алдоңғарова  алдымен  өзі  басқарып 

отырған  мекеменің  мақсат-міндетіне  тоқталды.  Серіктестік 

мемлекеттік-жекеменшік  əріптестіктің  концессиялық  жобаларына 

сараптама жүргізеді. Оның тұжырымдасын əзірлеу, инвестициялық 

жобаларды  дамыту  мен  жүзеге  асыруды  зерттеу  сияқты  бірнеше 

қызмет  атқарады.  Семинарда  еліміздегі  мемлекеттік-жекешелік 

əріптестік  жобасының  басты  бағыттары  сөз  болды.  Бұл  жоба-

ны  жүзеге  асырудың  негізгі  көзі – бюджеттік  шығынды  азайту, 

əлеуметтік  нысандарды  салуға  кəсіпкерлерді  тарту,  мемлекет  пен 

жеке  сектор  арасындағы  ынтымақты  нығайта  отырып,  сапалы  əрі 

тиімді  нəтижеге  қол  жеткізу  болып  табылады.  Бұл  ретте  жобаға 

қатысушыларға  мемлекет  тарапынан  қолдау  көрсетіледі.  Оның 

ішінде  мемлекет  инфрақұрылымдық  облигациялар,  несиелер  жəне 

тұтыну бойынша кепілдік береді. Жобаларды ортақ қаржыландырып, 

зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықтар беріледі. 

Жалпы, МЖƏ жобасы бойынша концессиялар туралы заңы 2006 

жылы қабылданған болатын. Заң аясында үлкен инфрақұрылымдық 

жобаларды  дамыту  көзделген.  Ал,  былтырдан  бастап  енгізілген 

МЖƏ  заңы  экономиканың  барлық  секторларын  қамтиды.  Бүгінгі 

таңда  жобаның  өңірлік-салалық  картасы  əзірленген.  Республика 

көлемінде 275 жобаны жүзеге асыру көзделсе, оның 250-ге жуығы 

өңірлік болып табылады. Алдағы уақытта аймақта аталмыш бағытта 

4 жаңа жобаны жүргізу жоспарланып отыр.

Айдана САЙДУЛЛА.

Қызылорда 

қаласына 

қарасты 


Қосшыңырау  ауылдық  округінің  тұр-

ғыны  Надежда  Лукьянованың  ұлты 

орыс  демесеңіз,  жаны  қазақылықпен 

үндескен. Содан да болар, қазақ жігітіне 

тұрмысқа  шықты.  Бұған  ата-аналары 

да  қарсы  болмаған.  Бүгінде  жолдасы 

Бауыржан   екеуі жеті баланы тəрбиелеп 

отырған бақытты жандар.

–  Алланың  қалауымен 20 жасымда 

ана  атандым.  Тұңғыш  сəбиімді  қолыма 

алған  күнім  бүгінгідей  есімде.  Сол 

сəттегі  сезімімді  жеткізу  мүмкін  емес. 

Өмірдің  мəнін  сол  кезде  ұққандай  бол-

дым.  Одан  кейін  де 6 баланы  өмірге 

əкелдім.  Əрқайсысының  орны  біз  үшін 

бір  төбе.  Бұл  Құдайдың  берген  үлкен 

сыйы  деп  білемін.  Мұндай  бақытқа 

жете  алмай  жүрген  қаншама  аналар 

бар.  Соларға  қарап  шүкір  деймін.  Өзім 

4  балалы  отбасыдан  шықтым.  Мұндай 

жағдайда  бала  бір-біріне  қамқор, 

бауырмал  болып өседі. Қазір тұңғышым 

8  жаста.  Зымыраған  уақытпен  ілесіп 

ержетіп келеді. Ізінен ерген бауырлары-

на  бас-көз  болып,  қарайласып  жүреді. 

Сондай  кезде  баланың  көп  болғаны 

дұрыс  екеніне  көз  жеткіземін.  Біздің 

шаңырақта бір-бірі үшін еміренген жеті 

бүлдіршін өсіп жатыр – дейді ол бізбен 

əңгімесінде.

Ұлты  бөлек  болса  да  жаны  бірге, 

көзқарас,  пайым-түсінігі  ортақ  ерлі-

зайыптылар  бала  тəрбиесіне  аса  қатал 

емес.  Айтуынша,  олардың  еркін 

өскені  абзал.  Дегенмен,  жат  қылықтан 

ада  болғаны  дұрыс.  Анасы  мұны 

осы  бастан  ұғындырып  келеді.  Жас 

ерекшеліктеріне  қарамастан  қыздары 

оған қолғабыс етеді екен. Ал, кенже екі 

ұлы əлі кішкентай. 

– «Бір қозы артық туса, бір түп жу-

сан артық шығады» деген жақсы нақыл 

бар ғой қазақта. Əр баланың өз несібесі 

бар.  Адам  ұрпағымен  мың  жасайды. 

Сол  үшін  жас  аналар  көпбалалы  бо-

лудан  тартынбауы  керек.  Бір  жағынан 

жалғыз  өскен  балалар  тым  ерке, 

өзімшіл,  қызғаншақ  болады.  Ал,  те-

телес  өскендер  бір-біріне  жанашыр, 

бауырмал   екенін  көріп  жүрміз.  Мұны 

өз  тəжірибемнен  бөлісіп  отырмын. 

Баланың  тəтті  қылығы  сенің  тұрмыс 

тауқыметінді 

ұмыттырады. 

Шексіз 

бақытқа бөлейді. Мұны тек сезіну керек.  



Кейде  балаларым  жан-жақтан  улап-

шулағанда, 

расымен, 

шаршағандай 

боласың. Бірақ, үйден сəл ұзасаң оларға 

жеткенше  асығып,  дамыл  таппайсың. 

«Ананың  көңілі – балада»  деген  осы 

шығар.  Ендігі  ұл-қыздарымның  аман-

есен  ержетіп,  азамат  болғанын  көрсем 

деймін.  Олардың  амандығын  тілеп 

оты рамын.   Бала  сүйген  əрбір  ана  үшін 

бұдан артық ештеңе қажет емес, – деген 

ол барлық қыз-келіншекке ана бақытын 

тіледі. 


Сегізінші  нəрестесіне  аяғы  ауыр 27 

жастағы  Надежда  Абай  ауылындағы 

ең  жас  батыр  ана.  Заң  жүзінде  əзірше 

ешқандай  алқа  иегері  де  емес.  Ұрпақ 

жалғастыру – барша  адамның  бұл 

өмірдегі  негізгі  міндеті.  Ал,  оның 

жауапкершілігін ата-ана көтеруі тиіс. 

А.САЙДУЛЛА.

Отбасы құрған əр адам – дүниеге ұрпақ əкеліп, нəресте иісін құмарлана иіскегенді жөн санайды. Бала – өмірдегі теңдесіз байлық. Расы-

мен, жүрегіңде мейіріміңді оятқан ұрпақ сенің бағың мен барың екендігі даусыз.

Жеті балалы 

жас отбасы

БАҒДАР

Қала əкімдігінде қалалық кəсіпкерлік, өнеркəсіп жəне туризм  

 бөлімі  мен  «Жобаларға  сараптама   жүргізу  орталығы»  ЖШС 

ұйымдастыруымен  семинар-кеңес  өтті.  Онда  «Мемлекеттік-

жекешелік  əріптестік  жобаларын  дайындаудың  қадамдық 

алгоритмі:  идеядан  бастап   келісім  шартқа  дейін»  тақырыбы 

аясында жаңа жобаның маңыздылығы талқыланды.

ÆÀҢÀ ÆÎÁÀÍÛҢ 

ÌÀҢÛÇÄÛËÛҒÛ 

Жанар-жағармай бағасы 

негізсіз өспейді

Соңғы уақытта Қызылорда облысында жанармай тапшылығына, бағасының қымбаттауына байла-

нысты мəселелер орын алғандығы белгілі. Соған орай «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникация-

лар орталығында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мəслихаты өтті. 



ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹89      15 ҚÀÐÀØÀ, 2016 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

БІЛІМ КӨКЖИЕГІ

АҚПАРАТТАР 

АҒЫНЫ

АКЦИЯ

КӨРМЕ

НӘТИЖЕ

Басы 1-бетте

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-

ақ рет жəне бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның 

аты өзгермейді. Сондықтан оны əбден зерттеп барып, бір шешімге 

келуіміз қажет», – деді.

Ертеде  қазақта  теңге  қолданған  екен.  Бірқатар  академиктер: 

«Орыстың  «деньги»  деген  сөздері  сол  теңгеден  шығуы  мүмкін» 

деді.  Себебі,  ақша  айналымы  Ресейден  бұрын  Азияда  болған. 

Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде 

одан кейін де теңге қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің валютамыз 

теңге деген əдемі атауға ие болыпты.

Ұлттық  валютамыз  əлемдік  биржада 2006 жылдан  бастап 

төбесінде  сызығы  бар  Т  əрпімен  белгіленіп  келеді.  Ұлттық  банк 

жарияланған  үлкен  байқаудың  қорытындысы  бойынша  осы  сим-

вол  үздік  деп  танылып,   оны  ойлап  шығарушылар  миллион  теңге 

сыйақы алғаны да белгілі.

Теңгенің шығу тарихындағы мəліметтердің бірінде ең алғашқы 

теңге  партиясы  Англияның  ең  көне  əрі  əйгілі  «Харрисон  жəне 

ұлдары»  фабрикасында  басылып  шықты.  Теңгенің  алғашқы  пар-

тияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. 

Оларды  төрт  ИЛ-86  ұшақтары  тасыды.  Бір  аптаның  ішінде  олар 

Лондонға 18 рет  ұшып  барып-қайтып  келген.  Жаңа  валютаның 

айналысқа  енгізілуінің  көрші  елдерден  құпия  ұсталғаны  сонша  

барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін 

құрал-жабдықтар  тасылуда  деп  жазылған.  Алғашқы  теңгелер 

жер  асты  қоймаларынан  елдің  барлық  банктеріне 8 күн  ішінде 

жеткізілген. 

1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан 

толықтай шықты. Содан ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айыр-

бастау  сол  жылы 15 қарашада  таңғы  сағат 8.00-де  басталып, 20 

қараша күні 20.00-де аяқталған болатын. Ұлттық банк алғашқыда 

1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси  

жəне  əлеуметтік,  мемлекетаралық  қатынастары  ескеріліп 1 теңге 

500  рубль  болды.  Ал,  бірінші  айналымға  енген 1 теңгенің  АҚШ 

долларына шаққандағы құны 4,35 теңгені құрады.

1992  жылы  теңге  дизайнындағы  бейнелер  бекітілді.  Ең 

алғашқы  теңгемізде  белгілі  тарихи  тұлғалардың  портреттері, 

Алатау  мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің 

бейнесі,  Маңғыстаудан  табылған  тастағы  таңбалар  пайдаланыл-

ды. Бір теңгелік банкнотқа – Əбу Насыр əл Фараби, үш теңгелікте 

– Сүйінбай, бес теңгелікте – Құрманғазы, он теңгелікте – Шоқан, 

жиырма  теңгелікте – Абай,  елу  теңгелікте – Əбілқайыр  хан,  жүз 

теңгелікте – Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің 

бірі – Прага  сəулет  институтының  түлегі,  бірнеше  халықаралық 

конкурстардың  жеңімпазы  Х.Ғабжалеловтың  пікірінше,  ақшада 

айтулы  Алаш  азаматтарының  бейнесін  берудің  бірнеше  себебі 

бар.  Біріншіден,  қосымша  күрделі  бедер-бейнелер  банкноттарды 

қолдан  жасаудан  қорғайды.  Екіншіден,  тарихи  тұлғаларымыздың 

суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын та-

нытады жəне қазақ ақшаларын əлемдегі басқа валюталардан дара-

лап, айшықтап тұрады. 

Қазақстанның  ақша  сарайы  металл  тиындарды  шығаруға 

дайын  болмағандықтан  жедел  түрде  қағаз  түрінде  шығарды. 

Əйткенмен, 1 жылдан  соң  оларды  металл  тиындарға  ауыстыр-

ды. 1994 жылы  қағаз  тиындар  жезден  жасалған  монеталармен 

алмасты.   1993  жылы  құрылысы  басталған  банкнот  фабрикасы 

1995  жылы  толық  аяқталды.  Қазір  Тəуелсіз  Қазақстан  төл  ва-

лютасын  өз  елімізде  басып  шығарады. 2006-2011жылғы  банк-

нот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарғандығы 

баршаға белгілі. Содан  теңге өз бейнесін өзгертті. 2006 жылғы 

үлгідегі  банкноталар  бірыңғай  стильде  орындалған.  Сурет-

тер  бет  жағында  негізінен  тігінен,  сырт  жағында  көлденеңінен 

орналасқан.  Тұтастай  алғанда,  дизайн  Қазақстанның  қазіргі 

бейнесін  көрсетеді.  Барлық  мемлекеттік  нышандар,  сəулет 

нысандарының  жəне  елдің  табиғат  нышандарының  бейнелері 

кіреді. Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде «Астана-

Бəйтерек» монументі қазіргі заманғы сəулеттің конструкторлық 

жəне  инженерлік  ойдың  жетістігі,  тəуелсіз  Қазақстанның  даму 

нышаны орналастырылған. 

Ал,  ортасында  түрлі-түсті  жолақтарда  ҚР  Əнұраны  нота-

ларының  фрагменттері  бейнеленген.  Оларға  номинал-

ды  сандық  белгісі  жазылған. «Бəйтерек»  ескерткішінің  сол 

жағында  бір  түспен  Қазақстанның  мемлекеттік  Елтаңбасы 

салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде мемлекеттік жалау бейне-

ленген.  Банкноттың  төменгі  бөлігінде  сенімді  шынайылықты 

жəне  əділеттілікті  білдіретін  классикалық  геральдика  ашық 

алақан бейнеленген.

Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 

5000, 10000 теңге деп жазылған. 

Қазір  ел  экономикасы  даму  үстінде.  Сондықтан  теңгенің 

тұғыры  да  тұрақты.  Ол  жақын  шет  елдерде  сұранысқа  ие. 

Мəселен,  теңге  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Ресейде  евро,  дол-

лармен  бірге  айналымда  жүр.  Бүгінде  осы  аумақта  Ресей  мен 

Қазақстанның  экономикасы  ілгерілеу  тұр.  Рубль  мен  теңгенің 

қарым-қатынасы  жақсы.  Ұлттық  валютаның  бүгінгі  тұғыры 

бір  қалыпты  дейді  сарапшы  мамандар.  Жалпы,  оның  құны  ел 

экономикасының  өсімімен  белгіленіп  отырады.  Бұл – айқын 

нəрсе.  Басқа  валютаның  қатынасына  қарай  құны  белгіленеді. 

Олай болса, теңге – экономикалық дербестіктің кепілі. 

Дайындаған Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Мектеп  Бүкілодақтық  Ленин 

комсомолының мерекесі қарсаңында 

ашылған  еді.  Сондықтан  алғашқыда  

«БЛКЖО-ның  ХХ  жылдығы»  ата-

уымен  аталды.  Ал, 1975 жылы  оқу 

ордасының  ұжымы  заман  талабы-

на  сай  жаңа  ғимаратқа  көшті.  Өз 

қолтаңбасын  қалдырған  Горохо-

вадский  ең  алғашқы  басшы  болды. 

Одан  кейін  де  бұл  орынға  білікті  де 

тəжірибелі мамандар келді. Барлығы 

дерлік  сапалы  білім  қалыптастыру 

үшін жұмыс жасады. Əсіресе, химия 

пəнін  тереңдетіп  оқытудың  бірегей 

жобасы  алғаш  осында  əзірленді. 

Сараптамалық  жəне  жалпы  химия 

кабинеттері  жабдықталды.  Оған 

химия-биология  пəнінің  мұғалімі 

И.С.Дурлештер  жетекшілік  жасады. 

Кеңес  заманында  мектеп  қаладағы 

ғылыми зертханасы бар əрі толықтай 

жабдықталған  жалғыз  білім  ошағы 

болды. 

Қазір  де  шəкірттердің  шат 



күлкісіне  шомылған  шаңырақ  са-

налады.  Мектеп-лицейі  қаладағы 

іргелі білім ордасының біріне айнал-

ды. Сапалы білім беру, саналы ұрпақ 

тəрбиелеу 

үрдісін 


жалғастырып 

келеді. 2009 жылы  мектеп-лицей 

дəрежесін иемденген оқу орны атал-

мыш салада үздіктер қатарында. Ру-

ханият  ошағында 1000-нан  астам 

шəкірт жүрегіне жүзге жуық мұғалім 

білім  шырағын  жағады.  Қазір  онда 

І  деңгейлі – 6, ІІ  деңгейлі – 2, ІІІ 

деңгейлі  – 19 ұстаз  жұмыс  жа-

сайды.  Сабақ  барысында  олар 

педагогикалық  шеберлікті  жүйелі 

қолдана  біледі.  Мұндағы  əрбір 

оқытушыға  қойылатын  басты  та-

лап – осы. Заманына қарай – талабы 

демекші,  мұнда  уақыт  сұранысына 

сай 


мультимедиалық 

кабинет 


қажетті  техникамен  жабдықталған. 

Онда 10 интерактивті  тақта, 34 

нооут  бук,   98  компьютер  бар.  Сым-

сыз  желі  тартылған. 2012 жыл-

дан  бері  «е-learning»  электронды 

бағдарламасы  іске  қосылды.  Осы 

бағдарлама  барысымен  оқушының 

жаңа  бағытта  білімін  жетілдіруіне 

мүмкіндік  жасалған.  Əр  сынып-

та  мектеп  бағдарламасына  сəйкес 

ақпараттық-танымдық 

тақталар 

ілінген.  Білім  жүйесіндегі  соңғы 

өзгеріске сай жағдай қарастырылған. 

Сонымен  қатар,  биыл  «Анкема» 

ЖШС  ғимаратқа  күрделі  жөндеу 

жүргізді. Жалпы бағасы 38 млн. теңге 

қаражатқа мектептің барлық кабинеті 

мен спорт залы, есік-терезелері соңғы 

үлгімен  жаңартылды.  Оқушылар 

жаңа оқу жылын осылайша жылы да 

жайлы орында бастады. 

ХХІ  ғасыр – ғылым  мен  білім 

дамыған  заман.  Заманның  үдесінен 

шығу үшін қойылар талап та жоғары. 

Оқушыға  білім  беруде  біліктілік 

пен  ұйымдастыра  білу  қабілеті 

маңызды. Ұстаздар қауымы мұны  іс 

жүзінде дəлелдеп жүр. Мəселен, жыл 

сайын   өткізілетін  А.Жұмаділдаев 

атындағы  «Үздік  жас  матема-

тик»  сайысының  грант  иегерлері 

осы  білім  ошағында  сабақ  береді. 

Республикалық  қашықтық  (КИО) 

олимпиадасында  география,  орыс 

тілі мен əдебиеті, математика пəнінің 

мұғалімдері  жүлделі  орындарды  ие-

ленген. «Үздік мұғалім», «Үздік фи-

зик-2015», «Үздік  математик-2015», 

«Үздік  ағылшын  тілі  пəні  мұғалімі» 

байқауларының  жеңімпаздары  да 

осы  ұжымда  қызмет  етеді.  Мек-

тептегі  білім  беру  ісінің  үздіктері 

«Қазақстан 

ұстазы» 

медалімен 

марапатталған.  Республикалық  ғы-

лыми-практикалық  «Дарын»  ор-

та лығы  ұйымдастырған  интернет 

(КИО) олимпиадасында ұстаздар мен 

оқушылар  қауымы  еліміз  бойынша 

екінші орынға тұрақтады. Бұған қоса 

18 мұғалім «Мəңгілік ел ұстаздары» 

антологиясына  енген.  Бұл – мектеп 

ұжымының еселі еңбегінің жемісі. 

Білімді  ұрпақ – болашақ  кепілі. 

Қазіргі  таңда  бəсекеге  қабілетті  ел-

дер көшіне ілесу үшін сауатты ұрпақ 

тəрбиелеу  маңызға  ие.  Жастардың 

ғылымды,  заманауи  технологияны 

игеріп, функционалды сауаттылығын 

арттыруда  ізденіс  жасағаны  оның 

кемел  келешегінің  қалыбы.  Бұған 

айрықша  ден  қойған  оқу  ордасын-

да  дарынды  оқушылар  жыл  сайын 

өткізілетін  қалалық,  облыстық  пəн 

олимпиадаларында жүлде қоржынын 

толтырып 

жүр. 

Республикалық 



КИО  олимпиадасында 3, «Ақбота» 

интеллектуальдық  марафонында 11 

оқушы  жүлделі  орын  алды.  Бұдан 

өзге,  Ресейдің  Обнинск  қаласында 

өткен  «Познание  и  творчество», 

«Интеллект 

будущего» 

олимпи-


адасында 6 оқушы,  Новосибирск 

қаласындағы  «Эрудит»  сайысында 

25, Бийск қаласында «Центр талант-

ливой  молодежи»  олимпиадасында 

16  оқушы  жүлдегер  атанды.  Оның 

ішінде  төрт  оқушы:  В.Юн,  С.Цой, 

Ф.Шакиров, 

А.Асқар 


І-орынды 

иеленіп,  ақшалай  сыйлықты  ұтып 

алды. 

Ал, 


халықаралық 

«Но-


вый  урок»  сайысында 201 оқушы 

жеңімпаз  деп  танылды.  Еліміздің 

болашақ  ғалымдары  бүгіннен  ба-

стап  дара  жолын  қалыптастыруда 

талмай  талаптанып  келеді.  Мəселен, 

8-10  сынып  аралығындағы  «Қазақ 

хандығы тарихындағы «Сыр өңірінің 

орны» атты қалалық жəне облыстық 

ғылыми  жобалар  байқауында 2 

оқушы  І-орынды  иемденді.  Рес-

публика 

көлемінде 

өткізілген 

«Ы.Алтынсарин-2016» 

пəндік 

олим пиадасында 11-сынып  түлегі 



Л.Нарманова  І-орын  алып,  грант 

иегері  атанды. «Ең  үздік  ғылыми 

жоба» атты ІІ республикалық сайыста 

9-сынып  оқушысы  Н.Болат  жүлделі 

І-орынды  иеленді.  І  Республикалық 

дарынды,  озат  оқушылар  антоло-

гия сына 2, дəл  осы  антологияның 

ІІ-кітабына 21 оқушы  енді.  Осылай-

ша  түлектер  жеңісті  жетістігімен 

ұстаз  еңбегін  ақтап,  мектеп  мерейін 

асыруда.    

Осындай саналы да сапалы ұрпақ 

даярлауда  мектеп  басшылығының 

қолдауын 

атап 

өтпеуге 


бол-

мас. 2013 жылы 

басшылыққа 

тағайындалған  Алтын  Ізбасованың 

ұрпақ  тəрбиесінде 30 жылдан  аса 

уақыт  тəжірибесі  бар.  Жоғары  са-

натты  ұстаз,  озық  ойлы,  іскер  бас-

шы  мектеп-лицейдің  білім  сапасын 

арттыруды жəне заман талабына сай 

болуын  басты  мақсаты  етіп  алған. 

Мұғалімдердің 

шығармашылық 

өсуіне  де  барынша  қолдау  көрсетіп 

келеді. 


– 

Ұрпаққа 


қоғам 

талабы-


на  сай  тəрбие  мен  білім  беру-

де  мұғалімдердің  инновациялық, 

ғылыми-педагогикалық 

негіздерді 

меңгеруі  аса  қажет.  Бұл – олардың 

кəсіби  шыңдалып,  жан-жақты  жетік 

маман  болуына  үлкен  септігін 

тигізеді.  Ал,  қазіргідей  ғылым  мен 

техниканың  дамыған  уақытында 

оқытудың 

жаңа 

технологиялық 



əдістерін  қолдану  оқушының  білім 

деңгейін арттырады. Біз бұл тұрғыда 

Елбасымыз  Н.Назарбаевтың «100 

нақты  қадам»  Ұлт  жоспары  стра-

тегиясын  қолдаймыз.  Білім  сапа-

сын  жетілдірудің  жаңа  бағыты: 

он  екі  жылдық  білім  беруді  кезең-

кезеңімен  жүргізу, 2012-2019 жылға 

арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспа-

рына  сəйкес PISA, TIMSS жəне 

PIRLS  халықаралық  зерттеулерінде 

оқушы  нəтижесін  жақсарту,  бастау-

ыш  сыныптарға  жаңартылған  білім 

мазмұнын  енгізу,  мектеп-лицейде 

«Робот  техникасы»  курсын  оқыту 

арқылы оқушының инженерлік жəне 

дизайндық  ойлау,  математикалық 

модельдеу  қабілетін  қалыптастыру, 

инклюзивті  білім  беруді  дамыту  ая-

сында жұмыстар атқарылуда. Нəтиже 

баршылық. Оны оқушылардың түрлі 

деңгейдегі  халықаралық  сайыстар 

да  жеткен  жеңістерінен  білуге  бо-

лады, – дейді  білікті  басшы  Алтын 

Болатқызы. 

«Оқу,  білім  бар  жұрттар  тастан 

сарай  салғызды.  Айшылық  алыс 

жерлерден  жылдам  хабар  алғызды» 

деп  халық  ұстазы  Ы.Алтынсарин 

замана  көшінен  қалмау  керектігін 

ұғындырған еді. Бүгінде ұлы ұстаздың 

айтқаны  дөп  келді.  Мемлекетіміз  

əлемнің  алпауыт  елдерімен  тең 

тұруды  көздейді.  Бұл  тұрғыда  білім 

мен ғылымды қатар игеріп, жаңа тех-

нология үдерісінен шет қалмауымыз 

тиіс.  Бұған  қазіргі  кезде  мүмкіндік 

бар. Тек соны нəтижелі жүзеге асыру 

мектеп ұжымының межелі мақсаты. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет