ПЕДАГОГ-МЕНЕДЖЕР
Сурет 3 - Педагог-менеджер тұлғасының құрылымы
Қорыта айтқанда, біз «педагог-менеджер» дегеніміз «демократиялық стильдегі, ізгілікті бағыттағы; әдіскер, сарапшы, басқарушы, орындаушы,
эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі» деп тұжырымдай отырып, осы ойымыздың негізінде болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты, сабақ үдерісін басқару іс-әрекетін қамтамасыз ететін тұлғалық сапаларының, педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы деп түйіндейміз.
Зерттеу барысында болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделін жасап алу қажеттілігі туындады. Ол туралы 1.3 бөлімінде баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |