7.6. дөңгелек ажарлау білдектерінде дайындамаларды өңдеу технологиясы
Айналу денесі тәрізді дайындамаларды сыртқы дөңгелекті ажарлау, орталықтандыратын білдектере бойлық жұмыс жүрісімен, кірекесумен және кешенді әдіспен жүзеге асырылады. (сурет 7.14)
Сурет 7.14 Сыртқы дөңгелек ажарлаудың сұлбасы:
а – бойлық жұмыс жүрісімен ажарлау: 1 – ажарлау дөңгелегі; 2 – ажарланатын дайындама; б – терең ажарлау: в – кірекесіп ажарлау; 2 – кешенді ажарлау; Sпр – бойлық беріліс; Sп – көлденең беріліс; t – өңдеу тереңдігі
Бойлық жұмыс жүрісімен ажарлау барысында ажарланатын дайындама 2, қозғалмайтын орталықтарда айнала отырып, өзінің ось бойымен υSпр(мм/мин) жылдамдықен бойлық жылжу жасайды.
Аяғында екілік немесе ажарлау дөңгелегінің 1 әр жүрісі сайын ажарлау тереңдігінде орнатылған ажарланатын дайындаманың 2 осіне перпендикуляр бағытта жылжиды.
Бұл әдістің анықталған ұзындығы бар цилиндрлік бетті дайындамаларды ажарлау үшін қолданылады. Ажарлау тереңдігіне үстел жүрісіне 0,05 мм – ден артық емес таңдау ұсынылады.
Тазалай ажарлау барысында ажарлау тереңдігі бұдан да кіші болады.
Терең ажарлауды дөңгелектің бойлық берілісі бар ажарлаудың әр әр түрлігі сияқты бір өтпе кезінде 0,4 мм әдіп алып, қатаң қысқа дайындамаларды өңдеу барысында қолданылады. Басты кессу жұмысын дөңгелектің конусты бөлігі атқарады, ал оның цилиндрлік бөлігі дайындаманың өңделетін бетін тек қорғап тұрады. Терең ажарлауды сыдырып ажарлаудың түрі ретінде қарауға болады. Өңдеуді үлкен тереңдікпен жасайды, бойлық берілістердің төмен жылдамдықтарымен (100...300 мм/мин), негізінде үстелдің бір жұмыс жүрісіне. Сыдырып ажарлау деген дайындамадан ақаулы қабатын жою үшін арналған, бұл үдеріс құюдан, соққыдан, қалыптамадан, илемдіктен және пісіруден кейін жүогізіледі.
Кірекесіп ажарлау цилиндрлік дайындамаларды тазалай және сыдырып ажарлау барысында қолданылады. Тазалай ажарлау кезінде сыдырып ажарлауға қарағанда қажетті пішінді және кедір – бұдырлықтың параметрлерін алуға мақсат қойылады. Ажарлауды бір кең дөңгелекпен жүргізеді, оның биіктігі 1,0...1,5 мм – ге ажарланатын беттің ұзындығынан жоғары. Дайындаманың бойлық берілісі болмайды; ажарлау дөңгелегіні көлденең беріліс қозғалысын берілген тереңдікке үздіксіз немесе кезеңді түрде жасайды.
Беттердің пішіндерінің төмен ауытқуымен және кедір – бұдырлығын алу үшін ажарлау дөңгелегіне солға және оңға остік тербелетін қосымша жылжу хабарланады.
Бұл әдіс бойлық жүріс ажарлау әдісіне қарағанда келесі артықшылықтары бар:
Дөңгелектің беріліс қозғалысы үздіксіз жасалады;
Фасондық дайындамаларды пішінделген ажарлау дөңгелегімен ажарлауға болады;
Білдектің айналдырығына екі немесе үш ажарлау дөңгелегін орнатуға болады және дайындаманың бірнеше бөлігін бір уақытта ажарлауға болады.
Кірекесу әдістерінің негізгі ерекшеліктері:
Жоғарғы өнімділігіне байланысты көп жылу мөлшері бөлінеді;
Дөңгелек және дайындама қалыпты ажарлауға қарағанда қатты қызады, сондықтан ажарлауды суытумен жүргізу қажет.
Дөңгелектің геометриялық пішінінің тез бұрмалануына байланысты қайта – қайта түзеп отыру қажет.
Кешенді ажарлау барысында бойлық жүріспен кірекесіп ажарлау қосылады. Бұл әдіспен ұзын дайындамаларды ажарлау үшін қолданылады. Дөңгелектің көлденең беріліс қозғалыс барыснда ең алдымен біліктің бір бөлігін ажарлайды, содан сол бөлікке көрші бөлікті және тағы сол сияқты.
Бөлшектердің бүйірін ажарлау барысында бір – бірін 5 ...7 мм – ге жауып тұрады, бірақ өңделген бет сатылы болып шығады. Сондықтан әр бөліктен толық емесе әдіп алынады. Қалған қабаттарды екі – үш бойлық жүріс және үлкен жылдамдықпен алынады.(0,02…0,08мм).
Дөңгелек ажарлау білдектерінде дөңгелектерді орнату және бекіту үшін арналған құрылғылар жазықажарлау білдектерінде орнатылатын сондай диаметрлі дөңгелектерді қолданатын құрылғыға ұқсас болып келеді.
Дөңгелек ажарлау білдектреінде дайындамаларды орнату және бекіту қрылғысы 7.15 – суретінде көрсетілген. Артқы орталық 3 және алдыңғы орталық 6 айналмайды. Ажарлау дөңгелектерінің 1 осі цилиндрлік бетті дайындамаларды өңдеу барысында білдектің орталық осіне параллел. Орталық 6 білдектің алдыңғы топайының айналдырығында 5 орнатылған. Тегершік 7 сынақайысты беріліс арқылы дайындамаға 2 жетектемелі дискінің 4 саусақтың 8 және қамытшаның 9 көмегімен электроқозғалтқыштан айналыс беріледі.
Дайындаманың шеттерінде арнайы орталық саңылаулары бар.
Сурет 7.15. Дөңгелек ажарлау білдектерінің қозғалмайтын орталықтарында дайындаманы орнату:
1 – ажарлау дөңгелегінің осі; 2 – дайындама; 3 – артқы орталық; 4 – жетектеме дискісі; 5 – айналдырық; 6 – алдыңғы орталық; 7 – тегершік; 8 – саусақ; 9 – қамытша.
Сурет 7.16. орталық саңылаулары:
а – қорғауыш буыны бар; б – қисық сызықты жасаушысымен; в – ортаның сфералық бетімен.
Бұл саңылалардың конустық беттері дайындаманы бекіту барысында білдекті ңалдыңғы және артқы топайларының орталарының конустық беттерімен сәйкестенеді.
Кейбір жағдайда қорғауыш бунауы бар орталық саңылаулары қолданылады немесе қисықсызықты доға тәрізді конус жасаушысы бар қолданылады. Осындай пішінді орталық саңылаулардың және сфералық саңылаулардың артықшылығ олар бұрыштық ақауларға сезімсіз болады, майлауды жақсы ұстап тұрады, бекітудің қателігін төмендетеді және өңдеудің дәлдігін жоғарылатады. Бүйірлерінде диаметрі 15 мм саңылау немесе бунауы бар дайындамаларды доғал орталықтарда өңдейі.
Егер ажарлау алдында дайындама термиялық өңдеуден өтетін олса, онда орталық саңылауларды дайындама білдекке орнату алдында отқабыршықтан және кірден ажарлау немесе тегістеу арқылы тазалау қажет.
Егер дайындаманың саңылауы бар болса, онда ол өңдеу барысында жиекқұрсауда онықтандырылады. Жиекқұрсауды бекіту бойынша орталық және консольді болып бқлінеді. Орнату әдісі бойынша қатаң және босаңдату.
Дәл орнықты саңылаулары бар дайындамаларды ( шақтамасы 0,015...0,03 мм) үлкен емес конустығы бар (100мм ұзындыққа 0,01...0,015 мм) қатаң жиек құрсауларында орнатады немесе баспақты қондырма бойынша (сурет 7.17, а)
Дәлдігі төменірек орнықты саңылауларды (шақтамасы 0,03 мм – ден артық) босаңдату жиек қрсаулары қолданылады (сурет 7.17, б, в және г).
Егер дайындама бір уақытта бүйірі немесе саңылауы бойынша орнықтырылса, онда сырғанау қондырғысы бар жиекқұрсауларды қолданылады (саңылау 0,01...0,02 мм), бұған бір дайындаманы (сурет 7.17, д, в) немесе бірнеше дайындамаларды орнатады (сурет 7.17,е) олар сомынмен бекітіледі және босаңдату жиекқұрсауға гидравликалық немесе гидроқатпарлы қысатыны бар жиекқұрсаулар жатады. Бұл жиекқұрсаулардысаңылаулардың дәл емес пішіндеріне келтіру оңай болады, нәтижесінде дайындама дәлірек орталанады.
Сурет 7.17. жиекқұрсаулар:
а- баспақты қондырғысы бар қатаң; б және в – қысатын; 1 және 5 – сомын; 2 – цанга; 3 – конус; 4 – дайындама; 6 – сұққыш; 2 – сомынмен бекітілген және сырғанау қондырғысы бар қысатын; 1 – түзету; 2 – шариктер; 3 – айырғыш; 4 – төлке; 5 – бұрама; д және е – бір және бірнеше дайындамалар үшін сұйықтық немесе пластмасса қолданылады.
7.18. Екі қалыпты сүйеуіш:
1 – бұрама; 2 және 5 –сақина; 3 – сүйкуіш тұрқысы; 4 – бұрама; 6 – сүйеутөлке; 7 – қалып; 8 – дайындама; 9- ажарлау шеңбері; 10 – вертикалды қалып; 11 – иінтірек.
Сүйеутөлкеде бекітілген горизонтальды қалыптың жағдайы бұрамамен реттеледі. Ажарланатын беттің диаметрі кішірейетіндіктен дайындаманы шеңбермен ажарлау деңгейіне қарай қалып жағдайын реттеу керек. Қалыптың түпкілікті жағдайы қөзделген бөлшектің диаметрі кішірейетіндіктен дайындаманы шеңбермен ажарлау деңгейіне қарай қалып жағдайын реттеу керек. Қалыптың түпкілікті жағдайы өңделген бетің диаметріне байланысты.
Білдекті жабдықтау кезінде қалыптарды төмен және мөлшерлегіш бойынша реттелетін бұрамалардың жылжуын шекейтін сақиналармен орнатады. Горизонтальды бағытта дайындаманың жылжуы өңдеу дәлдігіне біршама әсер ететіндіктен қалыптардың жағдайын бұрамалармен реттеу жақсырақ.
Ажарлау шеңберінің жөнделуі.Шеңберді жөндеу үшін құрылғыны алмазбен дөңгелекажарлау білдегінің артқы топайына орналастырады.
алмазды қарындаш сүйеуөлкеде қолмен тұтқаның айналуымен жүзеге асырылатын мкрометрлік беріске ие. Сүйеу төлкеде алмаздың жөндеуге арналған жиекқұрсау орнатылуы керек.
Шеңбердің автоматты түрде жөнделуіне арналған құрылғыны ажарлау топайының тұрқысында құрастырады. Дұрыс құрылғы тегіс немесе сатылы көшіргіш бойынша бір немесе екі өтпелі жөндеуді қамтамасыз етеді. Дұрыс құрылғы ажарланған бөлшек санының есептік селесінен команда бойынша қосылады немесе оператор қосылуы үшін батырманы басады.
Дөңгелек ажарлау кезіндегі әдістер мен өлшеу құралдары. Ұсақ сериялы өндірісте ажарланатын бет диаметрін есептеу үшін микрометр кеңінен қолданылады. қатаң және индикаторлы қапсырмалар жаппай өндірісте жақсырақ. Тіркелген түрдегі қапсырма берілген өлшемге қатаң немесе реттелетін өлшегіш еріндерге ие. Қапсырма ақпаратты береді. Өтеді немесе өтпейді. Индикаторлы қапсырма эталонмен салыстырғанда нақты өлшемді көрсетеді және алынатын әдіске сәйкес үдерісті басқаруға жол береді автоматтандарылған дөңгелек ажарлау білдектерінде автоматты өлшегіш құралдарды және жөндегіштерді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |