Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Жазықажарлау білдектерінде дайындаманы өңдеу технологиясы



бет30/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

7.5. Жазықажарлау білдектерінде дайындаманы өңдеу технологиясы.

Жазық ажарлау шынықтырылған және шынықтырылмаған машина бөлшектерін өңдеудің тәсілі болып табылады: кесі кездері жазық ажарлау таза сүргілеу және таза бұрғылау және де еңбексыйымды қырнау операциясының орнына қолданылады. Ол жоғарғы өнімділігімен ерекшеленеді. Ол габаритті өлшемді дайындамаларды өңдеуге мүмкіндік береді және магнитті үстелдерді қолдану арқасында дайындаманы орнатуға және бекітуге аз уақыт жұмсайды. Жазық беттерді ажарлау шеңберінің шетімен және бүйірімен ажарлауға болады.

7.7 – суретте бөлшектің жазық беттерін жазық ажарлау білдектерінде өңдеу сұлбасы келтірілген.

7.2 – бөлімінде барлық әр түрлі жазық ажарлау білдектері ішінен тікбұрышты үстелді және горизонтальды айналдырықты жазық ажарлау білдектері анығырақ сипатталған. Сондықтан осы білдектрде өңдеу сұлбасын қарастырамыз.

Шеңбер шетімен өңдейді мысалы, жазықтан ауытқуы қатаң дәлдік шекті дайындамалар (бақылау тақталары, бұрыштақтар,сызғыштар, жауапты бөлшектердің түйіндері; белдемелі және ойықшалы бөлшектер; шалыстыққа бейім жұқа бөлшектер; бөлшектердің білдекте орнықсыз жағдайына әкелетін қатаңдығы жетіспейтін тірек беті бар бөошектер және бүйіріне ойыс және дөңестік жасалынатын бөлшектер және т.б.)

Ажарлау режімін анықтайтын негізгі технологиялық факторлар болып берілген дәлдіктер және беттің кедір – бұдырлығы, негізгі жетек қозғалтқышының қуаты және ажарлау шеңберінің төзімділігі табылады.

Кесу режімдерін кесу технолог немесе шебер қабылдайды және анықтама бойынша таңдайды.

Шеңбер шетімен жазықажарлау кезінде кесу режімінің көрсеткішіне шеңбер жылдамдығы; дайындама берісінің жылдамдығы; көлденең беріс (айналдырық осіне перпендикуляр) және ажарлау тереңдігі жатады.



7.7 – сурет. Қозғалыстың белгіленуімен жазықажарлау білдектерінде өңдеу сұлбасы:

а –б – с ажарлау шеңберінің шетімен жұмыс жасайтын горизонтальды айналдырықтар мен (а – тікбұрышты үстелмен;б – дөңгелек үстелмен); в –г – бірайналдырықты ажарлау шеңберінің бүйірімен жұмыс жасайтын вертикальды айналдырықтармен (в – дөңгелек үстелмен; г – тікбұрышты үстелмен); д – е – ажарлау шеңберімен жұмыс жасайтын екі айналдырықты білдектер (д – екі вертикальды айналдырықтармен;е – екі горизонталь айналдырықтармен).

Ажарлау шеіберінің жылдамдығын ажарлау түріне және білдектің мүмкіншілігіне байланысты таңдайды. Дайындамалардың беріс жылдамдығы ол бекітілетін үстелдің бойлық жылжуымен сәйкес келеді. Дайындама берісінің жылдамдығын жоғарылату өңдеу өңдеу өнімділігін жоғалытады. Сондықтан негізінен алдын ала операцияларда және үлкен әдіп аларда дайындама берісінің жағарғы жылдамдығын таңдайды. Дайындама берісінің жылдамдығын жоғарылату қызудың және өңделетін бұйым деформациясын ың төмендеуіне әкеледі. Таза операцияларда дайындамаберісінің жылдамдығын азайтады.көлденең берістің жоғарылауы кезінде өнімділік жоғарылайды, бірақ өңделетін беттің кедір – бұдырлығы және шеңбердің тозуы жоғарылайды. Сондықтан таза операцияларда аз көлденең берісті тағайындайды.

Кесу тереңдігін негізінен өнімділікті анықтайды, бірақ та ол шеңбердің түйішіктілігіне, талап етілген өңделетін бет кедір – бұдырлығына, ажарлау топайының жетек қозғатқышының қуатына және басқа да факторларға байланысты. Ірі түйіршікті шеңбермен өңдеу кезінде үлкен кесу тереңдігін алады. Үлкен тереңдікті ұсақ түйіршікті шеңбермен ажарлау кезінде майда шеңдерлердің біршама тозуы немесе қатты шеңберлердің тез тұздалуы бақыланады. Қаралай операцияны орындау кезінде жылдамдықтың немесе кесу тереңдігінің үлкен шамаларын алады, ал таза операцияларда азайтады.

Ажарлау шеңберін орнатуға және бекітуге арналған құрылғылар. Диаметрі 30 – 100 мм ажарлау шеңберлерін білдек айналдырығына еркін кигізеді және ернемекпен сомын көмегімен бекітеді.



7.8- сурет ажарлау шеңберін орнатуға және бекітуге арналған құрылғылар:

1 – айналдырық; 2 – іскенже; 3 – ажарлау шеңберлері; 4 – төсемдер; 5 – сомындар; 6, 7 – өтпелі іскенжелер; 8 – дөңгелек ойықша; 9 –бұрамалар;

Ернемектердің міндетті түрде қырнаулары және былғарыдан немесе резеңкеден жасалған шеңбердің бірқалыпты қысылуын қамтамасыз ету үшін серпімді төсемдері болуы керек.

Диаметрі 100 мм –ден асатын ажарлау шеңберлерін шеңбердің ернемек мойнына еркін отырғызуы кезінде 6 және 7 өтпелі ернемектерге бекітеді. Ернемек пен шеңбер бүйірлерінің арасында картон төсемді орнатады. Екі ернемекті бұрамалармен жалғастырады. Ернемектің шеңбер ойықшасына теңестіруші жүктемелерді орналастырады.

Жазық ажарлау білдектеріне дайындамаларды орнатуға және бекітуге арналған құрылғылар. Электромагнитті тақта құймалы немесе пісірілген болатты тұғырдан тұрады. Олардың арасында оған магнитті емес қабаттамалармен 2 өзекшелер бекітілген. Өзекшелердің төменгі бөлігіне тұрақты тоқ беріліп тұратын эмальданған мысты сымнан жасалған шарғылар кигізілген. төменде тұғырға қақпақ бұралған. Тақтаның жұмысқа қосылуын тұтқамен жүргізеді. Тұғырға еркін кеңістікті герметикалығы үшін эпоксидті шайырмен толтырады. Тақтаны үстелдің Т – тәрізді ойықшасына бекітеді және тақта айнасының жазықтығы көлденең беріс бағытына қатысты параллельдігін қамтамасыз ету үшін үстелдің жұмыс бетін ажарлайды.



7.9 сурет электромагнитті тақта:

1 – тұрқы; 2 – магнитсіз қабатшалар; 3 – тұтқа; 4 – шарғылар; 5 – өзекшелер; 6 – қақпақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет