Біле берген — білімді


Ең биік және ең жуан ағаштар



бет3/4
Дата03.12.2023
өлшемі30,34 Kb.
#133306
1   2   3   4
Байланысты:
Диктант 7-сынып

Ең биік және ең жуан ағаштар
Африка сауанында өсетін баобаб ағашы жер жүзіндегі ең жуан ағаш болуымен қатар, ең ұзақ жасайтын ағаш деп саналады. Биіктігі 18-25 метр болатын баобабтар 4-5 мың жыл бойы өсіп тұрады, ал діңінің жуандығы 25 метрге дейін жетеді. Оның қабығынан ау, қап, тіпті тоқуға келетін берік жіп иіріледі, жапырағын көкөніс ретінде жейді, жемісін тамақ ретінде пайдаланумен қатар, неше түрлі шырын-сусын жасайды. Діңінің қуысын тіпті уақытша тұрақ – баспана ретінде пайдаланады.
Баобаб ең ұзақ жасайтын әрі ең жуан ағаш болса, жер жүзіндегі ең биік ағаш деп секвойя ағашын атауға болады. Солтүстік Америкада өсетін бұл ағаштың биіктігі әлдебіреулер 100 метрден асады дейді. Диаметрі он метрге дейін жететін бұл ағаштар да мың жарым, кейде 3-4 мың жыл жасайды. Діңінің орта тұсына дейін бұтағы болмайтын, тіп –тік секвойя ағаштарының сүрегі су астындағы құрылыстарда кеңінен қолданылады. Жабайы күйінде Калифорнияда бірнеше ғасырдан өседі. Еуропа мен Азияда қазынды күйінде ұшырасады. (145 сөз)


Тапсырма:
1.Сан есімнің түрленуіне мысалдар теріп жаз.
2.Есімдіктердің астын сызыңдар.
3.Жабайы күйінде тіркесіне морфологиялық талдау.

Обал мен сауап
Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда келеді. Ол кенет жүрісін тежеді. Құстың иісін сезгендей , төрт тағандап бұға бастады. Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал , ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Балапан жас қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз отыр.
Ит балапанға ептеп жақындады. Кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл алдына келіп, қонды. Байғұстың зәресі кеткен, жүнін үрпитіп шырылдауда. Иттің арандай ашылған тістері ақсиған аузына қарай бір-екі рет тап берді.
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балбөбегі балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр ете қалды. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп тұр. Оның көзіне ит қандай дәу болып көрінді десеңші!
(118 сөз.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет