Билет №1 Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері туралы айтыңыз


Билет № 2 1.«Алып Ер Тұңға» жырының тарихи негізі және көне түркі әдебиетіндегі ізі туралы айтыңыз



бет3/6
Дата17.12.2022
өлшемі30,46 Kb.
#57826
1   2   3   4   5   6
Билет № 2
1.«Алып Ер Тұңға» жырының тарихи негізі және көне түркі әдебиетіндегі ізі туралы айтыңыз. Алып Ер Тұңға – түркі мемлекетін басқарған көсем. Ол замандағы түркілер Енисей мен Ертіс, Дунай бойлары, Ауғанстан мен Иран, Сирия, Түркия жерлерін мекендеген. азақ халқына көп ғасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмұны ертегіге айналған терең мифтерді, жай-күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын тереңнен алып қарасақ, онда бүкіл дүние мәдениетіне қосылатын сәулетті сыр бар.  Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «алып» сөзі сол заманда «күшті», «батыр», «қаһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген. «Алып» – сақтар мен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың, қолбасшы ерлердің мәртебелі есімі. Алып Ер Тұңға – Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» кітабына кейіпкер болған. Онда Афрасиаб, яғни Алып Ер Тұңға Тұран патшасы болып суреттеледі. «Тұран» – Тұр елі – түркілер елі деген сөз. Иран патшалары мен Афрасиабтың соғысы Сейхұн (Сырдария) – Жейхун (Әмудария) шегарасында өткен. Афрасиабтың аңыздағы бейнесі Қорқытқа ұқсас. Ол өмірінің ақырында адам бойынан мың есе ұзын, есік-тесігі түгел бекітілген қорған салып алып, тығылып жатыпты. Алтын мен күмістен бірі – Ай, бірі – Күн, екі шам орнатыпты. Қорғанның іші асыл тастардың жарқылынан күндізгідей жарық болып тұрады екен. Бірақ ажалдан құтыла алмапты. Ажал адам кейпіне еніп келіп, жанын алыпты. Афрасиаб сияқты, Қорқыт ата да ажалдан қашқан. Өздері өлсе де, жасаған жақсы ісі, даналық сөздері қалды. Өлмеудің жолы сол екен.  Алып Ер Тұңға – тарихи адам. Ақыл-айласымен, күшімен, айтса сөзін өткізіп, тірессе жеңіп, елді ел қылған батыр. Ол қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.Сол жоқтау ауыздан-ауызға тарап, одан ХІ ғасырда түркі ғалымы Махмұт Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі («Түркіше сөздік») арқылы біздің дәуірімізге жеткен. «Алып Ер Тұңға» жырының негізгі идеясы – Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыру..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет