Тірі табиғат бұрышын жабдықтауға, оны алғаш ұйымдастырғаннан бастап, әкімшілік құрал-жабдықтарға (шарбақ, тор, аквариумдар, террариумдар т. б.) қаражат босатады. Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру кезіндегі алға қойылатын негізгі міндет табиғатты оқып үйренуге байланысты өткізілетін сабақтарға қажетті қолда ұсталатын жануарлар мен өсімдіктерді таңдап алуболып табылады.
Тірі табиғат бұрышы жануарлармен балықтармен, насекомдармен, эюскурсиядан алып келген құстармен, кроликтерімен, тас-бақалармен т. б.) жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Күзгі экскурсияларда жас натуралистер өсімдіктерді, құстардың тіршілігін, насекомдардың қыстап шығуын бақылау үшін материалдар, мысалы: көбелектер жұлдыз құрттарын қуыршақтарын, жұмыртқаларын жинайды. Бұлардан басқа жануарларды қолда ұстау және қыс кезіндегі жұмыстарды дайындауға қажетті материалдар қорын жасау үшін: мүктер, емен жаңғақтарын, қарағай мен шырша бүрлерін, құм, тас; құстарды азықтандыруға арналған қор — әр түрлі өсімдіктердің (шоңайна, қайын, жолжелек) тұқымдарын, ырғайдың, шетеннің жемістерін жинастырады.
Көктемгі экскурсия соңынан табиғат бұрышы едәуір толықтырылады. Балалар ағаш пен бұталардың бұтақтарын, алғашкы гүлдеген көктемгі өсімдіктерді алып келіп, оларды гүл өсіретінқыш құмыраға отырғызады.
Оқушылардың әрекеттерін сабақ кестесінен тыс жерде оқу бағдарламасына сәйкес, оның мақсаттары мен мазмұны бойынша ұйымдастыру жатады. Орындалатын тапсырманың көлемін мұғалім анықтайды. Тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен немесе өзбетімен
орындалады. Оның қортындысын міндетті түрде сабақта белгілі бір формада тексеру қажет. Мұндай оқу формасына оқушылардың бақылау күнделіктеріндегі берілген тапсырма бойынша фенологиялық бақылауларын, қойған тәжірибелерін, мысалы бидай дәнін өсіру, пиязды стакандағы суға салу т.б. қосымша әдебиеттерді, хрестоматиядағы берілген қосымшаларды мұғалімнің ұсынысы бойынша оқу т.б
Сабақтан тыс оқу формасына үй тапсырмасын орындау да жатады. Үй тапсырмасы сабақта өтілген материалды мазмұны бойынша толыктырады. Үйде оқушы сабақта үлгермеген тапсырмаларды орындап, оқу материалын қайталайды, өткен сабақтағы материалдармен байланысын аныктап, келесі сабақка тірек білімін қалыптастырады.
Мұғалім сабакта үй тапсырмасының қалай орындалатынын түсіндіріп, ол бақылау болуы мүмкін, онда бақылауды калай жүргізу керектігі, табиғатқа зиян келтірмеу жақтары, бакылау нәтижелерін қалай жазу керектігі түсіндеріледі Оқулықтағы тапсырмалар болса, оларды орындау жүйелігі айтылады.
Үй тапсырмасының орындалу қорытындысын сабақта тексеріледі. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы сабақтағы оқу жұмысын жеңілдетеді.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады, тереңдете, сондай-ақ практикалық машық пен дағ-ды қалыптастырады. Ол жоғары сыныпта оқығанда қажеттілігіне жарай-ды, ары қарай дамиды.