Жауабы: Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қар-жы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерек-ше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:Ұлттық табысты қайта бөлу;әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;экономиканы реттеу мен ынталандыру;Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойьшша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол катынастарды басқару органдарымен
3.Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:
Жауабы: Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін:бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу; өнеркәсіптік- өндірістік тіресу, сауда сатық тіресу (сайысу).Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі.Ғылыми-техникалық тіресу.Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:
- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;
- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.