Бақылау сұрақтары:
Девиация дегеніміз не? Олардың типтері.
Осылардың ішінде аса қауіпті қылмыскерлер, өз басына не басқаларға қауіпті іске баратындар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, заңсыз әрекеттерге баратын алаяқтар мен ұрылар, басқа да заң бұзушылар «қалыптан» ауытқушылар қатарына қосылады. Әлеуметтану ғылымында бұнда әрекеттерді «девиация» (ауытқу - отклонение).Ол кезегінде істелген іс – әрекеттің сипатына және қоғамға тигізген зиянына байланысты, бірнеше топқа жіктеледі: Девиантты, деликвентті және криминалды жүріс – тұрыс.
Девиация типтері және басты тұжырымы. Дене кемшілігі барлар қатарына: туа біткен дене кемшілігі бар техногендік немесе тұрмыстық жағдайлардан мүгедектер қатарына қосылғандар, тұқым қуалайтын не жұқпалы ауруға ұшырағандар, табиға апаттар мен құбылыстардың салдарынан денесі не психикасы зақымданғандар кіреді.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылы қабылданған тұжырымдаманың британдық варианты бойынша дене кемістігіне байланысты топтастырудың үш түрі бар:
Туа біткен және созылмалы ауруға ұшыраған адамдар - физиологиялық, анатомиялық және психикалық қызметі бұзылып еңбекке жарамсыз болып қалғандар.
Қабілеті шектеулі адамдар – өз алдына іс – әрекетке бара алмайтындар мен кемтарлық нәтижесінде іс қимылы шектеулі, адамдар.
Мүгедектер – өз алдына күн көре алмайтын, басқа бір адамдардың көмегіне күнделікті мұқтаждар.
2. Жеткіншек балалар арасындағы девианттық мінез-қлыққа сипаттама беріңіз
Жеткіншек балалар арасындағы девиант және оларға әлеуметтік – педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындағы девиацияның басты себептері осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады, өйткені жеткіншектер қоғамдағы жақсы жаман нәрселерді барлығын лакмус қағазындай өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін «өтпелі» , «тұрақсыз» , «күрделі» дейді.
Баланың мінез – құлқының қалыптасуына тигізетін әсерін әлеуметтік педагогикалық мәселе тұрғысынан қысқаша былай көрсетуге болады:
Баланың анатомиялық және физиологиялық дамуы талапқа сай келмейтін жағдайларда өтсе, оның әлуметтенуі күрделенеді.
Психологиялық факторлар: Жүйке жүйелерін қозу және тежеу үрдістерінің әлсіздігі, мінез – құлқының жылдам бұзылуы, психопатия, психиатриялық не дәрігерлік көмекке мұқтаждық.
Әлеуметтік педагогикалық факторлар: отбасындағы, қоғамдағы, мектептегі тәрбиенің кемшілігі мен қателіктері баланың жеке және жас ерекшеліктерінің ескерілмеуі, білім алуға қызықпауы және үлгермеуінің нашарлығы.
Әлеуметтік экономикалық факторлар. Қоғамдағы адам құқықтарының бұзылуы мен әділетсіздік, адамдар арасындағы материалдық экономикалық айырмашылық, жалпы көпшілік халықтың кедейленуі, еңбекақының жеткіліксіздігі әлеуметтік ахуалдың нашарлауы да девиантты мінез құлықтың туындауына алып келеді.
Құлықтық әдеп факторлары. Қоғамдағы адамддардың жүріс тұрыс мәдениетінің төмендеуі мен көпшілік ортада өмір сүру ережелерінің сақталмауы құлықтық әдеп құндылықтарының жоғалуы, ізгілік пен мейірім, физиологиялық, психологиялық дамуы, әлеуметтік ахуалының өзгеруімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |