Билет №1 Қозғыш тіндер


,ҚОЗГЫШ ТІНДЕРДЕ БТОЭЛЕКТІРЛІК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ КОРСЕТУДЫН БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСІ . Л. ГАЛЬВАНИ 1-2 ТӘЖІРИБЕСІ



бет56/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
физио ответы билетов 103 (1) (2)

2 ,ҚОЗГЫШ ТІНДЕРДЕ БТОЭЛЕКТІРЛІК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ КОРСЕТУДЫН БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСІ . Л. ГАЛЬВАНИ 1-2 ТӘЖІРИБЕСІ

Практикалық жұмыстарды орындау


№ 1-жұмыс. Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылысты шерудің биологиялық тәсілі (Гальванидің 1- және 2- тәжірибелері мен К. Маттеучидің тәжірибесі).
«Тірі электрліктің» бар екендігін бәсекелессіз дәлелдейтін Гальванидің 1-тәжірибесінің мәні- жүйке-бұлшықет препаратына биметалдық пинцет әсерінен кейін бұлшық еттің жиырылуы бақыланатындығында.
Гальванидің 1-тәжірибесі:
Жұмысқа қажетті құралдар: биметалдық пинцет, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, универсалды штатив, марлі салфеткалары, Рингер ерітіндісі, көлбақа.
Жұмыс барысы: Көлбақаның екі артқы аяғынан препарат жасап, оны штативке іліңіз. Сосын бір браншасы мыста, ал екінші браншасы темірден жасалған пинцетті аламыз. Содан кейін мыстан жасалған браншаны жүйкелік өрімге апарады да екнінші браншасын аяқ бұлшықетіне саламыз. Осының нәтижесінде аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жобасын салыңыз, бұлшықеттің жиырылу себебі туралы қорытынды жасаңыз.
Гальванидің 2-тәжірибесінде (металсыз жиырылу) балтыр бұлшықетінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салғанда көлбақаның артқы аяқтарының бұлшық еті жиырылады. Тыныштықтағы бұлшықеттің сыртқы беткейі мен ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы, бұлшықет жарақаттанғанда бақыланады. ​Жарақаттанған және жарақаттанбаған бөлімдер аралығындағы пайда болған потенциал, «жарақат потенциалы» немесе «демаркациялық потенциал» деп аталады. Бұлшықеттің жарақаттанған электрлі-теріс бөліміне жүйкені салғанда, бұлшықеттің жарақаттанбаған деңгейі мен жүйкеге жанасқан жеріндегі оң зарядты полюсі үлкен роль атқаратын, тізбектің қиылысуы жүреді. Сонымен Гальванидің 2-тәжірибесіндегі жүйкенің қозу себебі, ұлпаға тікелей әсер ететін токтың тітіркендіргіш әрекеті болып табылады.
Жұмыс барысы: Көлбақаның артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын шонданай нервін жақсылап препараттап, ол нервіні омыртқа жанынан кесеміз. Санның төменгі бөлігіндегі бұлшықетті қиып өтіп, әйнек ілгішпен тез арада шонданай нервін алып, тез арада бұлшықеттің үстіне қою керек. Ол жанағы санның жарақаттанған және жарақаттанбаған аймағвн бір уақытта жанау керек.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: тәжірибенің жобасын сызыңыз, қорытындыда артқы аяқтар бұлшық етіннің жиырылу себебін қорытындылаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет