Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы



бет19/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61
Байланысты:
билеттер ПЕДАГОГИКА

Отбасы өміріне даярлау.
Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастарды жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру-қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы. Бұл мәселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұғындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.
Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге назар аударды.
• Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбексүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастың шақ-адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.
• Жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.
Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән береді. Отбасындағы тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге шақырды.


БИЛЕТ №11
Дидактика туралы ұғым. Дидактиканың даму тарихы. Оқыту мен білім беру теориясының дамуына Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский және Ы.Алтынсарин, Ж. Аймауытовтардың қосқан үлесі.
. Дидактика — білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика — грек сөзі, яғни "didaktikos" оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді.Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және түрлерін, формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастырады.
Сонымен бірге, дидактика жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттейді.
Дидактиканың негізгі ұғымдары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озық тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қайда оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді териялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Дидактика - педагогиканың маңызды саласы.
Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика - бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пəнi оқыту мен оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi. Зерттеу пəнi аясына байланысты жалпы жəне жеке дидактикалар айқындалады.
Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерiн қарастырады.
Жеке дидактика жеке оқу пəнiнiң мазмұнын, барысын, түрi мен əдiстерiн зерттеуiне қарап оқыту əдiстемесi деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту əдiстемесi, тарихты оқыту əдiстемесi.
Дидактика əрi теориялық, əрi қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық жəне қолданбалы қызметтер орындайды.
Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметi: бiлiм беру мен оқыту процестерiнiң мəнi мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерiн, ұйымдастыру формалары мен əдiстерiн зерттеу.
Дидактиканың қолданбалы қызметi: бiлiм мазмұнын оқыту мақсатына сəйкестендiру, оқыту принциптерiн белгiлеу, оқытудың тиiмдi əдiстерi мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгiзу.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: бiлiм беру, оқыту, оқу, оқыту принциптерi, оқыту процесi, мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, түрлерi, əдiстерi, құралдары, оқытудың нəтижесi. Кейбiр категорияларға анықтама берейiк.
Оқыту - оқушыны бiлiмдендiру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған iс -əрекет.
Оқыту мазмұны – мемлекет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн қажеттi адамзат тəжiрибесiнiң бөлшегi. Ол – оқытудың нəтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Дидактиканың дамуына көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Педагогикаға дидактика деген терминді тұңғыш енгізген неміс педагогы В.Радке (1571-1635). Ал дидактиканың берік ғылыми ірге тасын қалаған чех педагогы Я.А.Коменский. Оның "Ұлы дидактика" атты қітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып-сабақ жүйесі баяндалған. Ол басты мақсат- адамшылық, оған жету жолы – білім беру мен оқыту деп санады. Ол «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

  • оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;

  • оқушыларды сыныптарға бөлу;

  • әр сыныпқа бір бөлме беру;

  • күніне 4 сабақ өткізу;

  • әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

  • қоңыраудың соғылуы;

  • тәртіп;

  • бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;

  • сабақты күзде бастау.

Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығу-лар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Комен-ский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі», деп түсінген.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады" (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабыл­дау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары.
Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".
Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, ойткені ол аңыл-ой жүмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткілік-сіз, аңылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.
Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық, күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушин­ский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұм-бақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату ке­рек деді.
Н.К.Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспа-рына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.). А.С. Макарен­ко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мүғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, экспе­римент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен казақ тілінің айырмашылықтарын анықта-ды. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген. 1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" – деген талапты бастаушы. 1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғүрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:мүғалімнің қатты сөйлеуі; суреттердің бояуының ашықтығы; әсердің күштілігі; затты көрсету, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет