Жекелеп оқыту.
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі.
Жекелеп оқыту қазір де қолданылады.
Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан.
Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
• Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
• Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
• Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.
Кемшіліктері:
• Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.
• Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
• Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.
Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді.Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады.
Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.