Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы


Оқыту әдістеріне қойылатын жалпы талаптар



бет26/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Байланысты:
билеттер ПЕДАГОГИКА

Оқыту әдістеріне қойылатын жалпы талаптар
Бірінші талап – қазіргі мектептегі оқытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталуға тиісті. Білімнің жаңа мазмұнын оқушыларға ұғындыруда оқыту әдістерінің атқаратын ролі ерекше.
Екінші талап - әдістерді оқытудың тәрбиелік ықпалын арттыруға көмектеседі. Балалардың жалпы дамуына, ақыл-ой қабілеттерін және дүниетанымының қалыптасуына оқыту әдістерінің жасайтын ықпалы зор.
Үшінші талап - мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылым әдістерінің элементтерін таныстыруға міндетті.
Төртінші талап – оқыту әдістері оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және дербес білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Бесінші талап – мұғалім әдістерді қолдану шеберлігіне озат педагогтардың, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесінен үйреніп отыруы пайдалы.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі біркелкі әдістерді қолдану емес, әр түрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып қолдана білуге байланысты. Ең көп тараған топтастыру – ол оқыту әдістерін білім алудың көзіне қарай / сөз, заттар мен көрнекі бейнелер, практикалық әрекет/ үш топқа бөлу: сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер.
Сөздік әдістерге жататындар: мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, түсіндіру, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері.
Көрнекілік әдістер: оқушылардың бақылауы мұғалімнің көрнекі және техникалық құралдарды көрсетуі.
Практикалық әдістер: жаттығулар, графикалық және лабораториялық, практикалық жұмыстар, дидактикалық және ұлттық ойындар.
Сөздік әдістер
Мектептегі ең көп тараған оқыту әдісі – ол мұғалімнің ауызша баяндауы.
«Сөз, - дейді В.А. Сухомлинский, - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш сыныптың мұғалімі – ең алдымен тіл маманы». Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі бай болғаны жөн.
«Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек», - деген Ы.Алтынсарин.
Әңгіме әдісі
Бұл әдіс бастауыш сыныптарда кең қолданылатын әдістің бірі. Әңгіме барысында мұғалім мен оқушылардың арасында диалог пайда болады. Әңгіме әдісі оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: өткендегі материалды жаңамен байланыстыру, жаңа білімді хабарлау, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін мұғалім қолданады. Әңгіменің бірнеше түрі болады. Мысалы: эвристикалық әңгіме, кіріспе әңгіме, қайталау әңгімесі т.б.
Әңгіме әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушылардың бұрынғы тәжірибесі мен алған білімдеріне сүйене отырып, оқу материалының мазмұнына талдау жасап, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет