Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы


Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру



бет49/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61
Байланысты:
билеттер ПЕДАГОГИКА

Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру
Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек пәндерінде оқушыларға құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету үшін қолданылады.
Машинамен тексеру әдістері. Кейбір мектептерде білімді автоматты түрде тексеретін сыныптар болады. Демонстрациялық үстелде сұраққа дұрыс жауап берілсе, қызыл шырақ жанады. Мұғалім оқушының біліміндегі кемшіліктерді біліп отырады.
Емтихан - мұғалімнің, мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау құралы. Емтихандар білім беру ұйымдарының бақылауымен және басшылығымен өткізіледі. Олар оқушылардың білімдерін қорытындылауға және жүйелеуге көмектесіп, оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асырып, оқушыларды саналы тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырады. Сондықтан емтихандар оқу жұмысының сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.
БИЛЕТ №23
Мектептегі педагогикалық кеңес және әдістемелік жұмыстар. Педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелер.
Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру және өткізу.
Біліктілікті көтеру жұмыстары педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады. Педагогикалық кеңесті құру үшін мектепте кем дегенде үш мұғалім болу керек. Ол оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелері қарастырылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры (төрағасы), оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, кітапханашылар, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп кеңесінің төрағасы енеді.Педагогикалық кеңесте екі түрлі мәселе қаралады: а) өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмысының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық және өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғы жұмыстың жоспары; ә) ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын және ғылыми зерттеулерді, озық тәжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нәтижелерін шығару және оған баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет