Педагогикалық кеңесті жоспарлау:
Әдетте бір оқу жылы ішінде бес педагогикалық кеңес өткізіледі; әр тоқсанда бір рет және оқу жылының аяғында. Педагогикалық кеңеске мұқият әзірлену керек, онсыз дұрыс өтпейді. Баяндамашылар белгіленіп, оларға шешім жобасын жасау тапсырылады.
Педагогикалық кеңесті әзірлеуге мектептің жекелеген қызметкерлері, кей әдістемелік бірлестіктер қатысады. Олар мұғалімдердің жұмысын зерттеп, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын педагогикалық тұрғыдан талдайды.
Педагогикалық кеңесте түрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мәселелердің бәрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу керек. Педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау қажет.Көп нәрсе директордың талқылауды басқара білуіне, әдептілігіне, көңіл-күйіне, ескертулерінің нақтылығына, сын-ескертулерге дұрыс жауап беруіне байланысты. Директордың беделінің, тапқырлығының, талқыланатын мәселенің мазмұнын терең білуі, мұғалімдерді жақсы білуі, өзін-өзі ұстай білуінің дс маңызы зор.
Әдістемелік жұмыс Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін қазіргі заманның талабы тұрғысынан талдап, оны жетілдіру жолдарын анықтайды. Мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі мекеме, мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді. Бірлестіктердің мәжілісі тоқсанына бір рет, керек болған жағдайда тағы да өткізіледі.
Мектепте бір пән бойынша үш мұғалім болғанда әдістемелік бірлестік құрылады. Ал мұғалім саны аз болса пәнаралық, мектепаралық бірлестіктер құрылады. Әдістемелік жұмыстың жоспары бір жылға жасалады. Оны директор бекітеді.
Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. Мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі. Әдістемелік кеңестің мәслихаттарында қазіргі ең қажетті мәселелер талқыланады. Олардың кейбіреулері: жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелері, ашық сабақтарды талдау, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері. Әдістемелік кеңес конференциялар өткізеді, оқушылардың жұмыстарын және дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастырады, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдерді дайындайды.
Мектептің әдістемелік кеңесіне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жеткен тәжірибелі мұғалімдер, шебер мұғалімдер, пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері енеді. Әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы – мектепішілік педагогикалық оқулар, конференциялар.
Оқу жылының яяғында мектеп мәселелерін шешуге үлес қосқан әдістемелік жинақтар педагогикалық ұжым назарына ұсынылады.
Әдістемелік кеңес мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын қайталамайды. Ол әдістемелік бірлестіктердің жұмысын бағыттап әрбір мұғалімнің теориялық білімін жетілдіреді. Ал педагогикалық кеңес мұғалімдердің мәселе бойынша атқарған тәжірибелік жұмысының нәтижелерін шығарады.
Әдістемелік бірлестікті ұйымдастырушылык; қабілеті бар, шығармашылықпен айналысатын мұғалім басқарады. Ол бір жылға сайланады, ұсынылады.
Әдістемелік жұмысты директор басқарып, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бағыт беріп, бақылайды.
Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны:
• мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту сапасын көтеру;
• типтік оқу бағдарламаларына сүйеніп оқу бағдарламалық құжаттарды, пәндерді тереңдетіп оқытатын бағдарламаларды жасау;
• оқу бағдарламалық құжаттарды талдау;
• оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқып үйрену және қолдану;
• жетіспейтін оқыту құралдарын жасау;
• тестілік тапсырмаларды жасау;
• озат педагогикалық тәжіриебені анықтау, зерттеу, қалыптастыру және тарату;
• жас мұғалімдерге көмектесіп, өзара сабақтарға және ашық сабақтарға қатысу және оларды талдау;
• пән бойынша байқауларды, олипиадаларды өткізу;
БИЛЕТ №24 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы.