Мектеп құжаттарын зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Мұрағат мәліметтері, сынып журналдары, оқушы күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық кеңестің хаттамалары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әр түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштерді, мысалы, оқушының сабаққа қатысуын, алған бағаларын, мектепте таза, жинақты жүруін, т.б. белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттеу, яғни, бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.
БИЛЕТ №3 Мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі: педагогикалық әдеп, педагогикалық шеберлік, педагогикалық қабілеттің түрлері. Баланың тұңғыш ұстазы-оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіресе педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалақ ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі – оның балаға деген сүйіспеншлігі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілік пен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.. Іс-әрекеттің нәтижелі болуы, өзара байланысты бірнеше қабілетке байланысты.
Психология – педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гонолобин, Н.В.Кузьмина, А.Сластиенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.