Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы



бет9/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Тәрбиенің принциптері:
1.Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы
2.Тәрбиелік ықпалдардың тізбектілігі, жүйелілігі, үздіксіздігі
3.Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу
4.Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу
5.Талап пен құрмет бірлігі
6.Тәрбиенің ұжымда, ұжым арқылы жүруі
7.Мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
1.Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
2. Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
3.Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
4. Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтауға үйретеді.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет