Билет №1 Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы


Билет №9 Шет тілін оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар



бет15/48
Дата20.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#69605
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Билет №9

  1. Шет тілін оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар.

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.
Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.
«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады [3].
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

  • электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;

  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

  • серверге жеке шығару;

  • ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Компьютерлік оқу бағдарламалары (электрондық оқулықтар, тренажерлар, тьюторлар, лабораториялық жаттығулар, тест жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай оқу жүйесі компьютер, видеотехника, оптикалық дискінің жиындысын пайдалану арқылы жүргізіледі. Интеллектуалдық және эксперттік жүйе.
Ақпарат жиынтығы базасының қалыптасуы. Электрондық пошта, телеконференция , шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар. Электронды кітапханалар. Бұл технологиялар білім саласында оларды пайдаланудан гөрі тезірек дамиды. Жоғары оқу орындарында көбіне – көп электрондық почталар жиі пайдаланылады. Қазіргі кезде аудиоақпарат алмасу, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиторлық тақта,тақырыптық ақпарат енгізілген клавиатуралар, файлды алмасу, көпжақты конференциялар өткізу кеңнен таралған көпке белгілі компьютерлік видеоконференц байланыстың әдістемесіне жатқызылады.
Бұл технологиялар ағылшын тілін біршама меңгерген студенттің еншісі болып табылады. Өйткені бұл материалдар тек ағылшын тілінде ғана беріледі. Компьютер жүйесі оқу процесін жетілдіру құралы болып табылады. Дегенмен, Интернет жүйесіндегі оқуға байланысты ақпараттар сирек, аз, жүйеленбеген.Оқу процесін аралық байланыс арқылы басқару электрондық почта арқылы материалдар қабылдау, жіберу, курс және диплом жұмыстарын көшіру, интерактивтік хабарлар алмасу арқылы жүргізіледі. 
Компьютермен оқыту - студентті субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, студенттің өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктерді ашатын білім беру әрекеті. Компьютермен оқыту технологиясындағы оқытушының оқыту қызметін, негізінен, былай қарастыруға болады: талдау-болжау, жобалау, коммуникативтік; дидактикалық, бақылау-түзету, психологиялық демеу болу, ұйымдастырушылық қызметтері. Компьютермен оқыту технологиясында студенттің өз бетімен білім іздей алатыны - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Студенттер әртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарды пайдалану арқылы компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербес ізденуімен тілді игеруге деген кәсіби шеберлігін шыңдайды. Компьютерлік оқыту электрондық оқулықтар, тренажерлар, тьютерлер, лабораториялық жаттығулар, тест жүйесі, интеллектуалдық және эксперттік жүйе, ақпарат жиынтығы базасының қалыптасуы, электрондық пошта, телеконференция, шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар, электронды кітапханалар, оптикалық дискіні пайдалану арқылы жүргізіледі. Жоғарғы оқу орындарында көбіне-көп электрондық пошталар, ғалам тор жиі пайдаланылады. Қазіргі кезде аудиоақпарат-, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиториялық тақта, тақырыптық ақпарат енгізілген клавиатуралар, файл алмасу, көпжақты конференциялар өткізу кеңінен таралған. Көпке белгілі компьютерлік он-лайн видеоконференциялар байланыстың әдістемесі болып табылады. Бұл технологиялар шет тілін біршама меңгерген студенттің еншісі болып табылады, өйткені бұл материалдар көбінесе шет тілінде беріледі. Компьютер жүйесі оқу үдерісін жетілдірудің бірден-бір заманауи құралы болып табылады. Шет тілі сабағында ғалам тор жүйесін қолдану тіл үйренушілердің сөз әрекетінің (оқу, жазу, сөйлеу, аудару) біліктілігін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туғызады. Студент қарым-қатынас құралы ретінде ғалам тор жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен тура, тікелей байланысқа түсіп, жылдам жауап беруге дағдыланады. Ғалам тор жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын - электрондық пошта(e-mail), телеконференция, видеоконференция, жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web, серверге жеке шығару, ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy ) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме (Chat) шет тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болып табылады.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.
Қашықтықтан оқыту — білім ордасынан қашық тұратын студент жастардың оқу-танымдық іс- əрекеттерін ұйымдастыру технологиясы. Қашықтықтан оқыту оқытушы мен студенттің педагогикалық қарым-қатынастарының құралдары мен əдістері көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытуда əр түрлі субъектілер қатысады. Қашықтықтан оқытатын педагог — негізгі оқытушы технологиялық нұсқау беруші, қашықтықтан оқытудың үйлестірушісі, оқу материалдарының əзірлеуші автор. Аталған қызметтік рольдерді бір ғана маман қатарынан атқара алады, қашықтықтан оқытушы педагог бір мезгілде курстық əзірлеушісі де бола алады, ал жергілікті үйлестіруші оқушылардың өзі де болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет