3. Топтағы жұмыс және көшбасшылық ХХІ ғасыр мұғалімі оқушылардың белсенді, бірлескен оқу ортасын құрушы білімнің ұйымдастырушысы ретінде танылады. Оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне қатыса отырып, өз болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, мақсат қояды, нәтижелерін қадағалайды, эксперимент жасайды және бала топтық жұмыста өзінің пікірі немесе ұсынысы қате болса, түзетуге, топта көшбасшы мүмкіндік алады.
Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болмайды. . Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде, ертегі түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан. Бірақ мен осы уақытқа дейін топпен жұмыс жасауды сайс түрінде өткізіп келген едім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топтық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-біріне сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында барлық оқушы жұмыс жасауға талпынды. Біреуі сурет салады, біреуі жазады, біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренеді. Әр сабақты өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты орындауға тырысып жүрмін. Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір-бірін тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды, өз тобын алға тартуды үйренеді.Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет. Топтық жұмыста барлық топ мүшелері алдына қойған мақсатты бірлесе шешеді. Олардың бойында өз тобын алға жетелеуге бағытталған сезім пайда болады.
Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар. Бірыңғай топтық жұмыс.
Сараланған топтық жұмыс.
Эстондық ғалым Х.И. Лийметс топтық жұмыстың төмендегідей принциптерін анықтайды:
• Сынып оқушылары 3 немесе 6 адамнан топқа біріктірілуі керек
• Әр топ бірығай тапсырмаларды немесе сараланған тапсырмаларды алып жұмыс жасайды.
• Топ ішінде «көшбасшы», «спикер» «сараптамашылар», «уақыт есептеушілер» жұмыстарын бөліп алады.
• Тапсырмаларды орындау топ мүшелері бір бірімен пікір алмасады, бірін бірі бағалайды.
• Топта қабылданған шешімдер бүкіл сыныппен талқыланады.
Көшбасышы- топтағы адамдармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, олардың қасиеттерін анық көре алатын жан болуы тиіс. Сондықтан да оны көшбасшы етіп сайлайды. Көшбасшының ең негізгі қасиеттері алдына мақсат қойып, оған жету жолында табандылықпен күресу болып табылады.
Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс: Тапсырма қажеттілігі– негізгі мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету;
Топ қажеттіліктері– топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау;
Жеке қажеттіліктер– әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау;
Міне, осы үш бағыттың тікелей топқа қатыстығын айқын көруге болады. Ол топты дауыс көтеріп немесе күшпен ұстап отыра алмайды. Олармен тығыз қарым-қатынас орнатып, адамгершілік турасында мәміле болса олардың топтық жұмыстары алға баса