Билет №9 Артп-терапия түрлеріне талдау жасаңыз Арт-терапия



бет2/3
Дата25.10.2022
өлшемі25,08 Kb.
#45286
1   2   3
Байланысты:
Артпедагогика емтихан АТАГЕЛЬДИЕВА АРУЖАН

Библитерапия. Жеке адам намесе топ проблемаларын шешуге арналған тәсіл. Шығарма мазмұнына ортақ талдау жасау.
Драматерапия. Әр түрлі тақырыптағы театрлық қойылымдар арқылы, жағдаяттарды саханалауға арналған бағыт.
Фототерапия. Бұл терапия түрі дайын фотосуреттер мен авторлық фотосуреттерді қолдану арқылы өтеді. Фототерапияның негізгі мазмұны клиентпен бірге фотобейнелерді құру, қабылдау, толықтыру, талдау т.б. арқылы ұйымдастырылады.
Кинотерапия. Тренинг кинофильмдерді көру және талдау әдісі арқылы жүргізіледі. Киноны көру барысында кинотренинг қатысушылары кино кейіпкерлері мен мазмұнын талдай отырып, өздерінің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Терапиялық әсері болу үшін клиенттің басына түскен проблемасын суреттеп, қиындықтан өнімді шығу жолын көрсететін фильмдер таңдалады.
.Ертегі терапиясы. Ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге тікелей бағытталған. Бұл балаға өмірлік қиыншылықтары мен проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай жағдай жасайды. Арт- терапияның бұл түрі топпен және жеке жұмысқа ыңғайлы болып табылады.
Әуен терапиясы. Соматикалық және психикалық аурулармен ауратын балалар мен ересектерді сауықтыру, білім беру мен тәрбиелеуде әуенді бақылап, шегімен пайдалану. Әуен әсер етудің негізгі жетекші факторы ретінде немесе басқа түзету әдістерінің әсерін күшейту мен тиімділігін арттыру үшін муыкалық сүйемелдеу ретінде қолданылады.
2. Алғашқы рет арттерапияны оқып, қолдана бастаған мемлекеттер
Арт-терапия ХХ ғасырдың ортасында кең тарай бастады. «АРТ-ТЕРАПИЯ» термині (art - өнер, art therapy - өнер терапиясы) адамның психо-эмоцмоналды күйін көрсету мақсатында серпінді бейнелі шығармашылықпен емделуді білдіреді. Ең алғаш рет бұл терминді Адриан Хилл 1938 жылы шипажайларда өзінің құрт ауруына ұшырағандарды бейнелеу шығармашылығымен емдеу сабақтарын сипаттауда пайдаланды. Содан кейін бұл термин өнер терапиясы сабақтарының барлық түрлеріне қолданыла бастады (музыкотерапия, драматерапия, би терапиясы және т.с.с).
Арт-терапия кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде психотерапиямен тығыз байланыста Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияда дами бастады. 1960-1980 жж арт-терапияны дербес мамандық ретінде мемлекеттік тіркеуге негіз болған, кәсіби қауымдастықтар құрыла бастады. 1969 жылы арт-терапевт-практиктерін біріктіретін, Американ арт-терапевтік ассоциациясы құрылды. Осыған ұқсас ассоциациялар Англия, Голландия, Жапонияда пайда бола бастады. 1980-1990 жж мәдени ахуалдың өзгеруімен ерекшеленді. Әлем иммигранттар, босқындар, бір аумақта рассалы және этникалық қауымдастықтардың болуы мәселелеріне кезікті. Мұндай жағдайларда арт-терапевттер көмегі елеулі болды.

Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наубург Нью-Йорк штатында арттерапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наубург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З. Фрейдтің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлар мен қобалжулар, санадан тыс вербалды емес түрде пайда болады және бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевтпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарымқатынастың тәсілі ретінде қолданылады.


Біздің елімізде соңғы жылдар психотерапия және оның негізі формалары мен модельдерін қарқынды игеру кезеңі. Арт-терапия мамандар мен потенциалды клиенттердің қызығушылықтарын тудыра бастады. Соңғы уақытқа дейін Ресейде бұл бағыт туралы білімдер жеткіліксіз болып келді, осыған байланысты түрлі қызықты жорамалдар туындады. Ешқандай да негіздемелерсіз өздерін арт-терапевттерміз деп атайтын адамдар пайда болды. Қазіргі уақытта біздің елімізде бұл мамандықтың дамуымен А.И.Копыткин медицина ғылымдарының кандидаты, Арт-терапевтік ассоциация президенті, арт-терапия және басқа да шығармашылық бағыттарда маман даярлауға арналған негізгі бағдарламаның жетекшісі сияқты дәрігер-психиатрлар мен психотерапевттер айналысуда.
Арт – терапевтік іс - әрекет АҚШ, Еуропа елдерінде дипломнан кейін, кем дегенде 2 – 3 жыл алдын – ала дайындықтан өткен білікті арт – терапевтер жүзеге асырылады.
Американың білім беру саласында арт – терапия тәжірбиесінде, олардың арт – терапевтер әрекеттерін клиникалық бағытта күшейткенін байқауға болады, яғни бұл мектеп қызметкерлері штатына клиникалық арт – терапевттерді енгізумен расталады. Бір жағынан бұл арт – терапевттер даярлау процесінде клиникалық пәндердің ролін күшейтумен және осы елдегі арт – терапевттік қызметке талаптардың күшеюімен байланысты, және екінші жағынан білім беру мекемелері басшылары түсініктерінің өзгерулерімен байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет