Билет дәріхана жағдайында дәрілік формалардың сапасын бақылау № Қр дсм-287/2020 (3-4 тарау)


 Биофармация туралы жалпы мәліметтер. (биожетімділігі, биожетімділік түрлері, биоэквиваленттілік). Билет 8



бет2/2
Дата16.12.2023
өлшемі20,33 Kb.
#140194
1   2
Байланысты:
Документ (10)

2. Биофармация туралы жалпы мәліметтер. (биожетімділігі, биожетімділік түрлері, биоэквиваленттілік).
Билет 8
1. Фармацевтикалық технологиядағы процестері мен аппараттары. Жылу процестері.
2. Суппозиторийлер, жіктелуі, өнеркәсіптік өндіру әдістері.

Дәріханада суспензия технологиясын жетілдіру

Суспензиялар - (Suspensіones) - официналды дәрілік түр. ҚР МФ, т.1, 500 б.
«Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» жалпы мақаласына енгізілген.
КСРО МФ ХІ басылымының 2 томына жалпы мақала енгізілген.
Суппозиторийлер официналды дәрілік түр. ҚР МФ І басылымына топтық «Тік ішекке қолданылатын дәрі-дәрмектер», «Қынаптық қолданылатын дәрі-дәрмектер» мақалалары енгізілген. КСРО МФ ХІ басылымы бойынша, суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын немесе еритін дозаланған дәрілік түр. Суппозиторийлер тік ішекке, ағзаның басқа да табиғи және паталогиялық қуыстарына енгізуге қолданылады. МФ XІ басылымы бойынша жіктелуі: ректалды - supposіtorіa rectalіa, вагиналды - supposіtorіa vaqіnаlіa, таяқшалар - supposіtorіa baccіllі.
Ректалды суппозиторийлер немесе свеча конус түрінде, өткір ұшы бар цилиндр немесе сигара түрінде (торпеда тәрізді) болуы мүмкін және олар тік ішекке енгізу үшін қолданылады.
Вагиналды суппозиторийлер: тіл тәрізді - pessarіa, шар тәрізді - globulі, жұмыртқа тәрізді - ovula болуы мүмкін.
МФ ХІ басылымы сонымен қатар суппозиторийлердің мөлшері мен салмағын қарастырады: ректалды суппозиторийлер үшін салмағы 1 ден 4,0 г аралығында, максималды диаметрі 1,5 см. Егер салмағы көрсетілмесе, онда суппозиторий салмағы 3,0 г, балаларға арналған суппозиторийлер салмағы 0,5-ден 1,5 г аралығында болуы керек.
Вагиналды суппозиторийдің салмағы 1,5-нан 6,0 г аралығында, егер суппозиторий салмағы көрсетілмесе онда 4,0 г салмақта дайындалады. Таяқшалар ұшы үшкірленіп келген цилиндр формалы, диаметрі 0,2-0,5 см, салмағы 0,5-1,0 г аралығында болады. Суппозиторийлердің салмағының үлкен маңызы бар, себебі суппозиторий енгізілген мүшенің кілегей қабығының барлық бетін сұйықтық жабуы керек, сол кезде ғана препараттың сіңірілуі тегіс және бірдей болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет