Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демократиялык институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады. 1995 жыл 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
Конституция, Ата Заң(латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. 1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.
Картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
Ұлы Жібек жолының бағыттары Арал теңізі бойымен, одан кейін Сырдария, Шу өзендерінің жағалауларымен Жетісу арқылы Жоңғар қақпасына дейін бағыт алды. Жалпы дегенде Жібек жолы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл қазаншұңқыры-Шығыс Түркістаннан өтті. Нақтырақ болса, Қазақстан аумағы арқылы елдің оңтүстігі арқылы сауда керуендері Қытай шекарасынан Сайрам, Яссы, Отырар, Тараз қалалары арқылы әрі қарай Орталық Азия, Персия, Кавказ және сол жерден Еуропаға өтеді.
«Қазіргі уақытта жастарды республикада сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау керек» деген ойды қалай түсінесіздер?
Халықаралық statista.com деректер жүйесіне сүйенсек, Қазақстандағы жұмысшылар аз шоғырланған сектор - ауылшаруашылығы болып отыр. Өнеркәсіп саласындағы жұмысшылар пропорциясы да салыстырмалы түрде аз. Бұл алдағы 5-10 жылдықта ауылшаруылығы саласындағы жұмысшылар мен мамандарына деген сұраныс артатынын көрсетеді. Себебі елімізде дәл осы сектор кенже дамып келеді. Forbes журналының деректеріне сәйкес, 2018 жылғы сұранысқа ие болған мамандық иелері мыналар екен: бағдарлама әзірлеушісі; ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы; қаршы сарапшысы; денсаулық сақтау менеджері; медициналық қызметкерлер: мейірбике мен физиотерапевт Сонымен бірге, танымал CareerCast компаниясы 2019 жылы сұранысқа ие болатын мамандардықтар тізімін жасап шыққан. Бір қызығы, мұнда да тізімді алғашқы болып бағдарлама әзірлеушсі бастап тұр. Одан кейін: медициналық технолог; мейірбике; құрылысшы; үй жағдайындағы денсаулық сақтау қызметкері; Nesta инновациялық компаниясының 2030 жылға қарай сұранысы артатын мамандықтар тізімінде алғақшы ондықты мұғалім бастап тұр. Ал енді Қазақстандағы 2018 жылы сұранысқа ие болған мамандықтар тізімін HeadHunter компаниясы жариялаған екен. Мәліметтерге сүйенсек, былтыр компанияларға сату, бухгалтер, қаржы, әкімшілік қызметкерлері мен ақпараттық технологиялар, жарнама, маркетинг, PR саласының мамандары қажет болған.Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, болшаққа керек мамандықтарды даярлау керек екенің түсінуге болады.Жаңа мамандардың көптігі ел экономикасына оң әсерін тигізеді.