3) Революцияға дейінгі бүкіл қазақ әдебиетіне тән белгі- қазақ ауылындағы топтық қарамақайшылықтарды сынау, бүкіл қазақ халқының ортақ мүдделері мен ортақ мақсаттарын білдіру еді. 1920 жылдардың ортасында қоғам өміріндегі әдебиеттің орны мен рөлі жөніндегі пікірталастар өрши түсті. Бұл пікірталас барысында М Жұмабаев, Ж Аймауытов, А Байтұрсынов, Ә Бөкейханов т.б ұлтшылдар ретінде айыпталды. 1920-30 жылдары қазақ әдебиетінің дамуы күрделі және карамақайшылықта болды. Басқа салалардағыдай мұнда да үлкен өзгерістер мен әртүрлі үдерістер байқалды. Бір жағынан, ғасырлар бойы қалыптасқан әдебиет дәстрүріне және өз халқына риясыз қызмет етуді парыз санаған дарынды тұлғалар бар еді. Екінші жағынан, бірқатар зиялы қауым өкілдері идеологиялық қысым көріп,Кеңес өкіметінің қолшоқпарына айналды. Олар халыққа қарапайым тілмен революцияның маңызды жетістігін жеткізуге тиісті болды.
3-БИЛЕТ
1)Шежіре. 15 ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан қазақ этносы өзара байланысты көптеген ру-тайпадан құралды. Қазақ ру-тайпалары шежіре арқылы біріктірілген. Шежірелік дәстүр ел арасында ауызша аңыздар түрінде өмір сүрді. Шежіреде рулардың шығу тегінің бір екендігі және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрініс табады. Шежіре-ер адам жағынан ата-бабаларын ауызша немесе жазбаша санамалайтын туыстық қатынастар тізбегі. Шежіре қазақ этносының ұжымдық тарихи жады болып табылады. Әрбір қазақ тайпасы мен руының өз шежірелері бар. Олар бірігіп, қазақтардың рутайпалық жүйесін біртұтас етіп байланыстыратын ортақ шнжірені құрайды. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші шежірешілер ауызша ақпаратты есте сақтауға қабілетті, тамашы жадты иеленген адамдар болды. Шежіре бағалы тарихи дереккөз болып табылады.
Дәстүр. Қазақ қоғамы-осы күнге дейін, көбінесе дәстүрлі, яғни дәстүрмен байланысты қоғам. Дәстүр-қоғамның барлық мүшесіне ұсынылатын, мінез-құлық пен белгілі бір жөн-жоралардың атқарылуынан көрінетін топтық тәжірибе. Дәстүрлі қоғамда жеке тәсілдің мүмкіндігі шектеулі болып табылады. Дәстүрдің әдет-ғұрыптарға қарағанда, өресі әлдеқайда кең, тұтастай қоғамға таралады. Әдет кез келген ортада және кез келген сәтте туындауы мүмкін. Дәстүр-тамырланған, терең әдет. Оның ұрпақтан ұрпаққа, ғасырлар бойы берілуі маңызды.