билет доктрина


-БИЛЕТ 1)Мәдени-генетикалық код—



бет6/38
Дата12.05.2023
өлшемі93,23 Kb.
#92655
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Тарих билет жауаптары ЖМБ-2022

5-БИЛЕТ
1)Мәдени-генетикалық код—бір этнос , ұлт н/е өркениет адамдарын байланыстыра отырып, тіл мен нышандардың көмегімен ұрпақтан-ұрпаққа берілетін рухани құндылықтар , түсініктер , тәжірибе мен дәстүрлер. Мысалы: Жеті атаны білу. Ерте кезден бастап ата-бабаларымыз , қаның тазалығына үлкен мән берген. Сондықтан жеті атанды білу әлі күнге дейін сақталуда. Ұлт - белгілі бір мемлекеттің азаматтарының жиынтығы; бірегей ұлттық бірегейлікке ие, тең құқықты және толыққанды тұлғалардың тарихи қалыптасқан саяси тәуелсіз қауымдастығы. Мысалы: қазақ, орыс, ұйғыр, татар ж/е т.б
2)Негізі «Түрік» сөзі «мықты, күшті» деген мағынаны білдіріп, билік етуші ашина әулетіне байланысты айтылды. Кейін олардың қарамағындағы барлық тайпалардың ортақ атауына айналды. Бұл тайпалардың біраз бөлігі теле деп аталды. Қытай деректері бойынша түркілер алғашында Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545 жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сәттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады. Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. Бумын қаған жужандарға шабуыл жасайды. 552 жылы жужандар әскері талқандалады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланады. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет — Түрік қағанаты осылай пайда болды


3) «Дала өркениеті этностан тыс сипатқа ие болды және қандай да бір халықпен (этноспен) немесе белгілі бір дінмен байланысты болмады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Мен бұл пікірмен толықтай келісемі. Себебі: Ұлы Дала аумағы кең байтақ Дунайдан, Алтайға дейін аралықты алып жатр. Ал сол үлкен аймақта бірнеше этнос, халықтар өмір сүрді ж/е олар бір ғана дінді ұстанбады. Қазіргі бір тұтас этностың қалыптасуы сақ, ғұн, үйсін, қанылылардан басталады. Олардың қазіргі этностын қалыптасуына өзінің үлесі бар. Мысалы: Жерлеу дәстүрлері, сақтардың "Аң стилі" , Жер ана, Ұмай ана, Тотемизм, Қала мәдениетінің қалыптасуы, көшпелі мал шаруашылығы сияқты ж/е т.б өзінің үлесін қосқан. Біртіндеп уақыт өте келе дала аумағындағы халықтар араласа бастады. Өзінің араласудағы айтарлықтай үлесін қосқан ғұн тайпалары ж/е олардың батысқа қарай ұлы көші. Соның салдарынан жаулап алынған жерлерде кейбір ғұндардың бөлігі тұрақтап тұрғылықты халықпен араласты. Соның нәтижесінде Алтай тауларының етегінде түркілердің пайда болуымен аяқталды. Түркілердің үлесі әртүрлі қалалардың дамуы, Ұлы жібек жолындағы батыс пен шығыстың байланысы. Ондағы әртүрлі мәдениеттердің, дінің таралуы мысалы: тәңірге табынушылық, дәстүрлердің қалыптасуы, Түргештер кезеңніңдегі Ислам дінің таралуы. Х-ХІ ғ Қазақстандағы алғашқы Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған алғашқы Қарахан өз үлесін қосты. Келесі Шыңғыс ханның келуі мен оның жаулау саясаты. Бұл монғолдардың жергілікті халықпен араласуына әкелді. Одан кейін Алтын орда, Ақ орда, Көк орда , Әбілқайыр хандықтарының ішінде қазақ руларының пайда болуы. Яғни бұл мәліметтерге сүйене отырып, Дала өркениетінде бір ғана этнос пен дін болмағанын көре аламыз. Қазіргі этнос ұзақ уақыт ішіндегі бірнеше этностардың араласқанан пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет